Строительные нормы республики казахстан


-кесте - Қалалық тоспа сулардың шөгінділерін сусыздандыру кезіндегі вакуум-фильтрлер мен фильтр-престердің өнімділігінің және кек ылғалдығының мәні



бет19/22
Дата23.02.2016
өлшемі2.85 Mb.
#5668
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

9.38-кесте - Қалалық тоспа сулардың шөгінділерін сусыздандыру кезіндегі вакуум-фильтрлер мен фильтр-престердің өнімділігінің және кек ылғалдығының мәні


Өңделетін шөгіндінің сипаттамасы

Өнімділік, 1 сағаттағы 1 м2 сүзгіш беткейіне келетін кг құрғақ зат

Кек ылғалдығы, %

вакуум-фильтрлеу

фильтр-престеу кезінде

вакуум-фильтрлердің

фильтр-престердің

Біріншілік тұндырғылардан алынған ашытылған шөгінді

25-35

12-17

75-77

60-65

Біріншілік тұндырғылардан алынған шөгінді мен белсенді тұнбаның мезофильді жағдайда ашытылған қоспасы, аэробты тұрақтандырылған белсенді тұнба

20-25

10-16

78-80

62-68

Біріншілік тұндырғылардан алынған шөгінді мен белсенді тұнбаның термофильді жағдайда ашытылған қоспасы

17-22

7-13

78-80

62-70

Біріншілік тұндырғылардан алынған шикі шөгінді

30-40

12-16

72-75

55-60

Біріншілік тұндырғылардан алынған шикі шөгінді мен тығыздалған белсенді тұнбаның қоспасы

20-30

5-12

75-80

62-75

Елді-мекен бекеттерінің тығыздалған белсенді тұнбасы

8-12

2-7

85-87

80-83

ЕСКЕРТПЕ  Шикі шөгінділерді вакуум-фильтрлеу үшін қиындасатын матасы бар дабылды вакуум-фильтрлер керек.


9.39-кесте - Құрғақ затты ұстау тиімділігінің мәні және кек ылғалдығы


Өңделетін шөгіндінің сипаттамасы

Құрғақ затты ұстау тиімділігі , %

Кек ылғалдығы, %

Біріншілік тұндырғылардан алынған шикі немесе ашытылған шөгінді

45-65

65-75

Біріншілік тұндырғылардан алынған шөгінді мен белсенді тұнбаның анаэробты ашытылған қоспасы

25-40

65-75

Біріншілік тұндырғылардан алынған шөгінді мен белсенді тұнбаның аэробты тұрақтандырылған қоспасы

25-35

70-80

Зольділік кезіндегі шикі белсенді тұнба, %:

28-35

10-15

75-85

38-42

15-25

70-80

44-47

25-35

60-75

ЕСКЕРТПЕ  Белсенді тұнбаны центрифугалауды оның артық мөлшерін алып тастау үшін қолданған орында.

9.11.5.20 Шөгіндіні центрифугаға жіберу алдында одан құмды алып тастау керек, ал ротор диаметрі 0,5 м кем болмайтын центрифугаларга жіберер алдында ұсақтау торларын қондыру керек.

9.11.5.21 Фугаттарды центрифугадан тазарту құрылыстарына жіберер алдында, фугаттағы 1 мг қалдық құрғақ затқа 1 мг ОБТтолық келетін есептен құрғақ затты ұстау тиімділігіне байланысты, оларға ОБТтолық бойынша жүктеменің артатынын ескеру керек.

9.11.5.22 Тазарту құрылыстарына түсетін жүктеменің көбеюінің алдын алу үшін фугатты қосымша өңдеуден өткізу және тазарту керек:

- біріншілік тұндырғылардан алынған шөгінді мен артық белсенді тұнбаның және флокулянттардың қоспасын 3 - 5 сағат бойы кейінгі гравитациялық тығыздаумен бірге аэробты тұрақтандыру;

- ашытылған шөгінділерді центрифугалаудан соң алынған фугатқа арналған тұнбалы алаңдар, бұл кезде дренажды жасанды алаңдарға түсетін жүктемені 9.40-кестеден 2 коэффициентімен алу керек;

- тығыздалмаған белсенді тұнбаны центрифугалаудан соң фугатты аэротенктерге қайтару.
9.40-кесте – Дренажбен жасанды негіздегі алаңдарға жүктемелердің мәндері


Шөгіндінің сипаттамасы

Балшықты алаңдар м32 жылына

Табиғи негіздегі

Дренажбен жасанды негіздегі

Дренажбен жасанды асфальтбетонды негіздегі

Табиғи негізде балшықты сулардың тұндырумен және беттік жоюмен каскадтылар

тығыздағыш-алаңдар

Мезофилді жағдайларда алғашқы тұндырғылардан және белсенді балшықтан алынған шөгіндінің қоспалары

1,2

1,5

2,0

1,5

1,5

Сол сияқты, термофилді жағдайларда

0,8

1,0

1,5

1,0

1,0

Екі қабатты тұндырғылардан алынған шөгінді және алғашқы тұндырғылардан алынған шөгінді

2,0

2,3

2,5

2,0

2,3

Алғашқы тұндырғылардан алынған шөгінді мен белсенді балшықтың аэробты тұрақтандырылған қоспасы немесе тұрақтандырылған белсенді балшық

1,2

1,5

2,0

1,5

1,5

ЕСКЕРТУ  Басқа климаттық жағдайлардағы балшықты алаңдарға түсетін жүктемені 9.2-суретте көрсетілген климаттық коэффициенті есепке алумен анықтау керек.




9.2-сурет – Балшықты алаңдарға түсетін жүктемелердің мөлшерін (бүтін және үзік-үзік сызықтар) және балшық алаңдарындағы қату кезеңінің ұзақтығын күндерде (нүктелі сызықтар) анықтауға арналған климаттық коэффициенттер
9.11.5.23 Катион типті жоғары молекулярлы флокулянттардың мөлшері шөгіндінің құрғақ затының 2 - 7 кг/т. Флокулянттардың көп мөлшерін белсенді тұнбаны центрифугалаган кезде, ал аз мөлшерін шикі шөгіндіні центрифугалаган кезде қолдану керек.

Сусыздандырылған белсенді тұнбаның ылғалдығын 83 - 88% шегінде, шикі шөгіндінің ылғалдығын 70 - 75% шегінде алу керек.

Фугаттарды тазарту құрылыстарына қосымша өңдеусіз қайтару керек. Бұл кезде тазарту құрылыстарының көлемі артпайды.
ЕСКЕРТПЕ Флокулянттарды қолдану роторының диаметріне қатынасы 2,5 - 4,0 болатын центрифугаларды пайдаланған кезде ұсынылады.
9.11.5.24 Резервтегі жабдықтың саны:

- жұмыс бірлігі үшке дейін болғанда вакуум-фильтрлер мен фильтр-престер саны төрттен онға дейін;

- жұмыс бірлігі екіге дейін болғанда центрифугалар саны – 1, үш және одан да көп болғанда – 2.

9.11.5.25 Шөгіндіні механикалық сусыздандыруды жобалау кезінде апатты тұнбалы алаңдарды шөгіндінің жылдық мөлшерінің 20%-на қарастыру керек.


9.11.6 Балшықты алаңдар
9.11.6.1 Балшықты алаңдарды жасанды негіздегі дренажбен және дренажсыз, дренажбен жасанды асфальтбетонды негізде, балшықты суларды тұндырумен және беттік жоюмен каскадты, тығыздағыш-алаңдармен жобалауға рұқсат беріледі.

9.11.6.2 Ауаның жылдық орташа температурасы 3С-тан 6С дейінгі және жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 500 мм дейінгі аудандарда балшықты алаңдарға түсетін шөгіндінің жүктемесін 9.40-кесте бойынша қабылдау керек.

9.11.6.3 Балшықты алаңдарда автокөлікке және кептірілген шөгіндіні механикаландырылған жинауды, тиеуді және тасымалдауды қамтамасыз ету тізбегімен механизация құралдарына арналған картада кіретін жерлері бар жолдар қарастырылуы керек.

Кепітірілген шөгіндіні жинау және шығару үшін жер қазу жұмыстарында пайдаланылатын механизмдерді қарастыру керек.

9.11.6.4 Табиғи негіздегі балшықты алаңдарды жер асты сулары карталардың беттерінен 1,5 м кем емес тереңдікте орналасуы шартымен және балшықты суларды топыраққа сүзгіге өткізуге рұқсат берілетін жағдайларда ғана жобалауға рұқсат беріледі.

Жер асты суларының орналасу тереңдігі аз болған кезде олардың деңгейін төмендетуді қарастыру және дренажбен жасанды асфальтбетонды негіздегі балшықты алаңдарды қолдану керек.

9.11.6.5 Балшықты алаңдарды жобалау кезінде келесілерді қолдану керек:

- карталардың 0,7 м-ден 1,0 м дейінгі жұмыс тереңдігін;

- қоршау білікшелерінің жұмыс деңгейінен 0,3 м-ге жоғары биіктігін;

- білікшелердің үстіндегі 0,7 м-ден кем емес ені;

- жер білікшелерін жөндеуге арналған механизмдерді пайдалану кезінде олардың ені 1,8 м-ден 2,0 м дейін болуы керек;

- таратушы құбырлардың немесе науалардың түбінің еңістігі – есеп бойынша, бірақ 0,01 кем емес;

- карталардың саны – төрттен кем емес.

9.11.6.6 Балшықты суларды тұндырумен және беттік бұрумен балшықты алаңдарды жобалау кезінде келесілерді қабылдау керек:

- балшықты алаңдардағы каскадтардың саны 4-тен 7 дейін;

- әрбір каскадтағы карталардың саны 4-тен 8 дейін;

- бір картаның пайдалы ауданы 0,25 га-дан 2,0 га дейін құрауы керек;

а) карталардың ені:

- 30 м-ден 100 м дейін (жердің 0,004-тен 0,08 дейін еңістігі кезінде);

- 50 м-ден 100 м дейін (0,01-ден 0,04 дейін еңістік кезінде);

- 60 м-ден 100 м дейін (0,01 және одан төмен еңістік кезінде);

б) карталардың ұзындығы:

- 80 м-ден 100 м дейін 0,04 асатын еңістік кезінде;

- 100 м-ден 250 м дейін 0,01 және одан төмен еңістік кезінде;

- еннің ұзындыққа ара қатынасы 1:2-ден 1:2,5 дейін;

- қоршау білікшелерінің және жолдарға арналған үймелердің 2,5 м дейінгі биіктігі;

- карталардың қоршау білікшелерінің биіктігінен 0,3 м төмен жұмыс тереңдігі;

в) жасанды шөгіндінің:

- каскадтағы 4 карта кезінде алғашқы 2 картаның;

- алғашқы 3 – 4 картаға каскадтағы карталардың 7-ден 8 дейінгі саны кезінде;

- карталардың арасындағы балшықты суларды қайта жіберулер шахмат тәртібімен орындалады;

- балшықты судың мөлшері ылғалсыздандырылатын шөгіндінің мөлшерінен 30%-дан 50% дейін болуы керек.

9.11.6.7 Түптері мен қабырғалары су кірмейтін тік бұрышты резервуар-карталар түрінде жұмыс тереңдігі 2 м дейінгі балшықты алаңдар-тығыздағыштарды қарастыруға рұқсат беріледі. Шөгіндіні тұндыру кезінде бөлінетін балшықты суларды шығару үшін бойлық қабырғалардың бойымен шиберлермен жабылатын тесіктерді қарастыру керек.
9.11.6.8 Тығыздағыш-алаңдарды жобалау кезінде келесілерді қабылдау керек:

- карталардың 9 м-ден 18 м дейінгі ені;

- балшықты суларды шығарудың арасындағы ара қашықтық 18 м аспауы керек;

- кепітірілген шөгіндіні ықтимал механикаландырылған жинау үшін пандустарды қарастыру.

9.11.6.9 Балшықты алаңдардың ауданын тоңазытылуға тексеру керек. Шөгіндіні тоңазыту үшін балшықты алаңдарының 80% ауданын пайдалануға рұқсат беріледі (қалған 20% тоңазытылған шөгіндінің көктемгі еруі кезінде пайдалануға арналған).

Тоңазыту кезеңінің ұзақтығын ауаның тәуліктік орташа температура минус 10С төмен күндердің санына тең деп қабылдау керек. (9.2-суретке сәйкес).

Тоңазытылған шөгіндінің мөлшерін тоңазыту кезеңінде балшықты алаңдарға берілген 75% тең деп қабылдауға рұқсат беріледі.

Шөгіндінің тоңазытылған қабатының биіктігін білікше биіктігінен 0,1 м төмен деп қабылдау керек. Таратушы науалардың немесе құбырлардың түбі тоңазыту жиегінен жоғары болуы керек.

9.11.6.10 Балшықты алаңдардың жасанды дренаждаушы негізі карта ауданының 10% кем болмауы керек. Дренажды құрылғылардың конструкциясы мен орналастыруды және алаңдардың көлемдерін шөгіндіні механикалық жинауды есепке алумен қабылдау керек.

9.11.6.11 Балшықты алаңдардың қатты жабынын қалыңдығы 0,015 м-ден 0,025 м дейін асфальттің екі қабатынан және қалыңдығы 0,1 м қиыршық тас-құмды, шөгіндіні жинау үшін қолданылатын механизмдердің түріне байланысты – асфальтбетонды немесе бетонды дайындамадан жасау керек.

9.11.6.12 Балшықты алаңдардан балшықты суды жіберуді тазалау құрылыстарында қарастыру керек, бұл кезде құрылыстар қосымша ластаушы заттарды және балшықты судың мөлшерін есепке алумен есептеледі.

Балшықты судың ластаушы заттарының қосымша мөлшерін қабылдау керек:

а) алынған шөгінділерді кептіру кезінде өлшенген заттар бойынша:

- 1000 мг/л-дан 2000 мг/л дейін;

- ОБТтол бойынша 1000 мг/л-дан 2000 мг/л дейін (үлкен мәндер тығыздағыш алаңдары үшін, кішілері балшықты алаңдардың басқа түрлері үшін);

б) аэробты тұрақтандырылған шөгінділер үшін 9.11.4.7 - 9.11.4.8 бойынша.

9.11.6.13 Негіздеу кезінде балшықты алаңдарды шайылған (үйілген) топыраққа орнатуға рұқсат беріледі.

9.11.6.14 Балшықты алаңдарды тазалау станциясының шегінен тыс жерде орналастыру кезінде қызмет көрсету персоналы үшін қызметтің және тұрмыстық үй-жайларды, сонымен қатар 8.2.37 сәйкес қойманы және телефон байланысын қарастыру керек.


9.12 Шөгіндіні зарарсыздандыруға, компостирлеуге, термикалық кептіруге және өртеуге арналған құрылыстар
9.12.1 Шөгіндіні сұйық түрде немесе балшықты алаңдарда кептіргеннен кейін, немесе механикалық зарарсыздандырудан кейін зарарсыздандыру керек.

9.12.2 Дымқыл, мезофилді алынған және аэробты тұрақтандырылған шөгінділерді зарарсыздандыру мен дегельминтизациялауды келесі жолдармен жүзеге асыруды жүргізу керек:

- 60ºС дейін қыздыру және осы температурада кем дегенде 20 мин ұстау;

- биотермикалық компостирлеу (мезофилді алынған шөгінділерді компостирлеуден басқа);

- әртүрлі түрдің кептіргіштерінде термикалық кептіру (шөгіндіні 60ºС дейін қыздырмыйтын төмен температуралыларды есептемегенде);

- зарарсыздандыру реагенттерін қолдану.

9.12.3 Сусыздандырылған шөгінділерді зарарсыздандыру үшін дала жағдайларында биотермикалық өңдеуді (компостирлеу) қолдануға рұқсат беріледі.

9.12.4 53ºС кем емес температурада анаэробты термофилді алудан өткен шөгінділер үшін зарарсыздандыру мен дегельминтизациялау қажет болмайды.

9.12.5 Шөгінділерді компостирлеуді толықтырғыштар (қатты тұрмыстық қалдықтармен, шымтезектермен, ағаш үгінділерімен, жапырақпен, сабанмен, ұнтақталған қабықпен) бар қоспада немесе дайын компостпен жүзеге асыру керек.

Тоспа сулардығ сусыздандырылған шөгінділері қоспасының компоненттері мен қатты тұрмыстық қалдықтардың ара қатынаса салмағы бойынша 1:2 құрайды, ал көрсетілген басқа толықтырғыштармен – ылғалдылығы 60% аспайтын қоспаны алумен көлемі бойынша 1:1.

9.12.6 Компостирлеу процесін есептеу кезінде келесілерде анықтау керек: толықтырғыштар бар бастапқы шөгіндінің ара қатынасы, берілетін ауаның шығыны (мәжбүрлі аэрация кезінде) және жылжыту жиілігі, компостирлеудің әрбір кезеңіндегі өңдеу уақыты (маусымға және толықтырғыштың түріне байланысты).

9.12.7 Компостирлеу процесін механизация құралдарын пайдаланумен үймектенген асфальтбетонды немесе бетонды алаңдарда, дәліздік құрылыстарда, ыдыстарда, жабық қондырғыларды (биореакторларда) жүзеге асыру керек. Компостирленетін қоспаны салуды табиғи кезінде 2,5 м-ден 3,0 м дейін және мәжбүрлі аэрация кезінде 5,0 м дейін биіктікпен қатарлармен орындайды.

9.12.8 Процесті жылдамдату үшін біржақты кіргіштікке ие арнайы жабынды жылуоқшаулау материалдарын, сонымен қатар белсендіруші қоспаларды пайдалануға рұқсат беріледі. Алынған шөгіндіні топырақтық жоюға дайындау үшін оны компостирлеуге рұқсат беріледі.

9.12.9 Аэрацияланатын қатарларды жобалау кезінде келесілерді қарастыру керек:

- әрбір қатардың негізінде тесіктерінің көлемдері 8 мм-ден 10 мм дейінгі диаметрлері 100 мм-ден 200 мм дейінгі тесілген құбырларды салуға болады;

- шөгіндінің 1 тн. органикалық затына 15 м3/сағаттан 25 м3/сағатқа дейін ауаны жіберуді (ауаның шығыны).

9.12.10 Компостирлеу процесінің ұзақтығын аэрация әдісіне, шөгіндінің құрамына, толықтырғыштың түріне, климаттық жағдайларға байланысты және ұқсас жағдайларда пайдалану тәжірибесінің негізінде және ғызымит-зерттеу ұйымдарының мәліметтері бойынша анықтау қажет. Компостирлеу процесінде қоспаны араластыруды қарастыру керек.

9.12.11 Шөгіндіні термикалық кептірудің қажеттілігі ары қарай жою және тасымалдау шарттарымен анықталуы керек.

9.12.12 Термокептіру сонымен қатар шөгіндіні шығаруға және орналастыруға, өртеуге дайындау, шөгіндіні басқа кәсіпорындарда отын ретінде пайдаға асыру үшін техника-экономикалық негіздеу кезінде қолдануға болады. Негіздеу кезінде сонымен қатар сәйкес келетін пайдаланылмайтын жылу ресурстарының бар болуы кезінде шөгіндіні кептіруді оны ары қарай пайдаға асыру жерлерінде жүзеге асыруға болады.

9.12.13 Термокептіру кезінде келесілерді қарастыру керек:

- кептіруге жіберудің алдында шөгіндінің барынша жоғары сусыздандырылуын;

- кептіру үшін қолда бар (ықтимал) жылу ресурстарын пайдалануды, негіздеу кезінде кептіргіштен төмен әлеуетті жылуды алуды және пайдалануды;

- кептірілген шөгіндіні ірі және шаң тәрізді бөлшектерден оларды кептіру процесіне қайтарумен ажыратуды;

- кептіргіштен шығатын газдық шығырылымдарды тазартуды;

- кептіргіш қондырғысының, сонымен қатар кептірілген шөгінді бункерлері мен қоймаларының жарылыс- және өртқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды.

9.12.14 Термикалық жою процесінің автоматты режимін, немесе негіздеу бойынша қосымша отынды беруді азайтуды қарастыру керек.

Шөгіндіні жоғары температуралық өңдеу үшін техника-экономикалық негіздеу кезінде қосымша, соның ішінде қатты отынды, сонымен қатар техникалық оттегін пайдалануға рұқсат беріледі.

9.12.15 Бірлескен термикалық сусыздандырылған шөгінділер мен қатты тұрмыстық қалдықтарға, сонымен қатар өндірістік қалдықтарға рұқсат беріледі.

9.12.16 Қалдықтарды термикалық кептіру үшін әртүрлі түрлердің кептіргіштерін қолдану керек.

9.12.17 Кептіргіштерді таңдауды жабдықтың паспорттық мәліметтерді есепке алумен буланатын ылғал бойынша өнімділіктен шыға келе жүргізу керек.

9.12.18 Кептіруге жіберудің алдында процесте энергияның жұмсалуын төмендету мақсатымен шөгінділерді барынша жоғары сусыздандыруды жүзеге асыру керек.

9.12.19 Кептірілген шөгіндінің ылғалдылығын 30%-дан 40% дейінгі шектерде қабылдау керек.

9.12.20 Негіздеу кезінде ары қарай пайдалануға жатпайтын шөгінділерді әртүрлі түрдің пештерінде өртеуге рұқсат беріледі.

Осы қондырғылардың газдық шығарылымдарын атмосфералық ауаға шығарудың белгіленген нормаларына дейін тазартады. Шөгіндіні кептіруге және өртеуге арналған қондырғылардан шығарылатын газдар ауаға шығарылудың алдында «Газбен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», «Өндірістік объектілердің санитарлық-қорғаныс аймағын орнату жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» техникалық регламенттерінің талаптарына жауап беруі керек.

9.12.21 Термикалық өңдеу қондырғыларынан алынатын жылу ресурстарын алдыңғы кезекте шөгіндіні алдын ала өңдеу процесінің және тазарту құрылыстарының қажеттіліктері үшін пайдаға асырылуы керек.

9.12.22 Шөгіндіні термикалық пайдаға асыру үшін әртүрлі түрлердің өртеу пештерін, пиролиз, газбен жабдықтау қондырғыларын және т.с.с. қолдануға рұқсат беріледі.

Негіздеу кезінде шөгіндіні кептіруді және өртеуді бірге пайдалануға рұқсат беріледі. Шөгіндінің жоғары температуралы пиролизін және газбен жабдықтауды пайдалану кезінде оны алдын ала кептіру керек.
9.13 Шөгіндіні сақтауға және қоймалауға арналған құрылыстар
9.13.1 Шөгінділерді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілген жерлерде көмуге рұқсат беріледі. Жер астындағы және жер бетіндегі суларды, атмосфералық ауаны және топырақтарды ластанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды қарастыру керек. Көмілетін шөгіндідің ылғалдылығы 75% аспауы керек.

9.13.2 Бөлініп шығатын сүзіндіні тазартуға айдаумен, көму құрылыстарының түбі бойынша дренаж жүйесін қарастыру керек.

9.13.3 Сусыздандырылған шөгінділерді аралық (ары қарай өңдеудің немесе пайдаланудың алдында) сақтауды тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландырумен арнайы жабдықталған алаңдарда немесе қоймаларда қарастыру керек.

9.13.4 Механикалық сусыздандырылған шөгіндіні сақтау үшін қатты жабынды ашық алаңдарды қарастыру керек. Алаңдардағы шөгінді қабатының биіктігін 1,5 м-ден 3,0 м дейін қабылдау керек.

Климаттық жағдайларды есепке алумен термикалық кептірілген шөгіндіні сақтау үшін ұқсас алаңдарды, негіздеу кезінде – жабық қоймаларды алу керек.

Механикалық сусыздандырылған, термикалық кептірілген шөгіндіні сақтауды 3 айлық өндірістен 4 айлыққа дейінгі көлемде қарастыру керек.

Тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруды қарастыру керек.

9.13.5 Пайдаға асырылмаған шөгінділер үшін Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкес қоршаған ортаны ластауды болдырмайтын жағдайларда оларды қоймалауды қамтамасыз ететін құрылыстар қарастырылуы керек.

Қоймалау орындары санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың өкілетті мемлекеттік органымен келісілуі керек.

9.13.6 Тұрақтандырылмаған шөгінділерді көмуге тек қоқыстық биогазды алу және пайдаға асыру жүйесі бар көму жөніндегі құрылыстар жабдықтау кезінде ғана рұқсат беріледі.

Бұл кезде көму жөніндегі құрылыстардың жекелеген секциялары 3 айдан аспайтын уақыт кезеңінде толтырылуы керек.

Секцияларды толтыру жөніндегі жұмыстар барысында иісі нашар заттардың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды қарастыру керек.


ЕСКЕРТУ  Сусыздандырылған шөгіндіні ары қарай жинақтағышты жоюмен, демонтаждаумен және құнарлығын қалпына келтірумен ұқсас жабдықталған жинағыштарда көп жылдық қоймалауға рұқсат беріледі.

10 Электр жабдық, технологиялық бақылау, автоматтандыру және жедел басқару жүйелері
10.1 Жалпы нұсқаулар
10.1.1 Су бұру жүйесінің құрамына кіретін құрылыстарды электрмен қамтамасыз ету, әдетте, жалпы мақсаттағы 35 кВ, 20 кВ, 10 кВ және (немесе) 0,4 кВ (негізделген жағдайларда 6 кВ рұқсат беріледі) желілерден жүзеге асырылуы керек.

10.1.2 Су бұру жүйелерін электрмен қамтамасыз ету екі тәуелсіз көздерден қамтамасыз етілуі керек. Резервті автоматты қосу (РАҚ) жүйесінің қажеттілігі «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» талаптарына сәйкес жобалық құжаттамада анықталуы керек.

10.1.3 Су бұру жүйесінің құрылыстарының электр қабылдағыштарын электрмен қамтамасыз етудің сенімділік санаттарын «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» бойынша анықтау керек.

10.1.4 Сорғы және ауа үрлеу станцияларын электрмен қамтамасыз етудің сенімділік санаттары олардың әрекет етулерінің сенімділігіне сәйкес келуі және 8.1.1 қабылдануы керек.

10.1.5 Электр қозғалтқыштардың кернеулерін таңдауды олардың қуатына, электрмен қоректендірудің қабылданған схемасына байланысты және жобаланатын объектінің даму болашағын есепке алумен жүргізу керек.

10.1.6 Электр қозғалтқыштарды орындауды таңдау қоршаған ортаға байланысты болуы керек.

Электр қозғалтқыштарды таңдау кезінде, әдетте, ықтимал жиынтықтауды есепке алу керек.

10.1.7 Реактивтік қуатты өтеу «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» және «Қазақстан Республикасының электр желілік ережелері» талаптарына сәйкес орындалуы керек.

10.1.8 Қалыпты ортадағы құрылыстарға арналған тарату құрылғыларын, трансформатор қосалқы станцияларын және басқару қалқандарын құрылыстың ішіне немесе қосымша салынатын үй-жайларда орналастыру және олардың кеңею және қуаттарының ұлғаю мүмкіндіктерін есепке алу керек.

10.1.9 Тазарту құрылыстарын қоректендіру үшін кернеуі 110 немесе 35 кВ терең енгізу қосалқы станцияларын салу кезінде қосалқы станцияның 6 - 10 кВ тарату құрылғысын тазарту құрылыстарының тарату құрылғысымен үйлестіру ұсынылады.

10.1.10 Сорғы станцияларында судың кіруін және апат кезінде суға батуын болдырмайтын шараларды қабылдау шартымен жабық қалқандарды машина залының еденіне немесе балконға орналастыруға рұқсат беріледі.

10.1.11 Жарылыс қауіпті үй-жайларды және жарылыс қауіпті аймағына жапсарлар бас үй-жайларды жіктеуді, сонымен қатар жарылыс қауіпті қоспалардың санаттары мен топтарын «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне, «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелеріне» сәйкес қабылдау керек.

10.1.12 Тоспа суларды өңдеуге және айдауға арналған құрылыстардағы құрамында тез тұтанғыш жарылыс қауіпті заттар бар электр қозғалтқыштарды, іске қосу құрылғыларын және аспаптарды «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелеріне», ГОСТ 30852.0, ГОСТ 30852.19 және БҚ 34.51.101 сәйкес қабылдау керек.

Осы сорғы станцияларында іштен жану қозғалтқыштарын орнатуға тыйым салынады.

10.1.13 Көздерден технологиялық кешеннің құрамына кіретін технологиялық объектілерге 0,4 кВ электр энергиясын жіберу және тарату, әдетте, магистралдық схема («кесілмейтін магистраль») бойынша жүзеге асырылуы керек. Бұл кезде магистраль ашық (эстакада, галерея, арна, науа, төмен діңгектер) салынуы керек.

10.1.14 Бір магистралды пайдалану кезінде магистраль бір-бірінен оқшаулайтын негіздер бойынша симметриялы түрде қашықтықта жүргізілген шиносыммен немесе бір сымды кабельдермен конструкциялы орындалуы керек.

10.1.15 Көп сымды кабельдерден екі магистралды пайдалану кезінде олар қысқа тұйықталу кезінде пайда болатын термодинамикалық соққыға зақымданусыз шыдауға қабілетті бойлық өртенуі қиын қалқанның екі жағында немесе 1,0 м кем емес ара қашықтықта жүргізілуі керек.

10.1.16 Жобалық құжаттамада қабылданатын технологиялық шешімдер «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері», «Қазақстан Республикасының электр желілік ережелері» және БҚ 34 ҚР.20.501 талаптарына сәйкес келуі керек.

10.1.17 Электр жабдық, әдетте, сәйкес келетін технологиялық қондырғыларға барынша жақындатылуы, яғни, өндірістік үй-жайларда (көзге көрінетін жерде) орналасуы керек. Бұл кезде қорғаныс (қабықтардың) деңгейі ГОСТ 14254 бойынша жобаның технологиялық ортасында көрсетілген ортаға сәйкес келуі керек. Электр жабдықтардың ықтимал суға бату аймақтарында орналасуынан сақтану керек.

Арнайы электр үй-жайларды қарастыру керек:

- егер электр жабдықты ортаға сәйкес келетін қорғаныс қабығымен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ болса;

- егер бұл жедел персоналдың жұмыс істеу шарттары бойынша талап етілсе (персонал ұдайы болатын объекті).

10.1.18 Электр үй-жайларда орналасатын, тек білікті персоналға ғана қолжетімді электр жабдық ашық тақталар түрінде орындалуы керек.

10.1.19 Үй-жайлардағы электр жарықтандыруды келесі түрлермен қабылдау керек:

а) Ауданы 100 м2 кіші технологиялық жабдықтар орналасқан жер бетіндегі үй-жайларда:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет