Строительные нормы республики казахстан


 Тоспа суларды терең тазалауға арналған құрылыстар



бет15/22
Дата23.02.2016
өлшемі2.85 Mb.
#5668
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

9.6 Тоспа суларды терең тазалауға арналған құрылыстар
9.6.1 Жалпы нұсқамалар
9.6.1.1 Құрылыстар қалалық және өндірістік ағын суларды және биологиялық тазалаудан өткен олардың қоспасын терең тазалауды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ механикалық, химиялық немесе физикалық-химиялық тазалаудан соң өндірістік ағын суларды су объектілеріне түсірмес бұрын немесе оларды өндірісте немесе ауыл шаруашылығында қайта қолданбас бұрын тазалауды қамтамасыз етуге арналған.

9.6.1.2 Биологиялық тазартылған суды терең тазарту үшін қалқып алынған заттарды алып тастауға және фосфорды реагентті алып тастауға (әртүрлі конструкциялы сүзгілер мен ағартқыштар), органикалық және азотты ластанудың терең қышқылдау (әртүрлі конструкциялы биосүзгілер мен биореакторлар, биологиялық тоғандар) және спецификалық ластаушы заттарды алып тастауға (ауыр металлдардың тұздары, биологиялық шірімейтін органикалық қосылыстар және т.б.) арналған құрылыстар қолданыла алады.

9.6.1.3 Ағын суларды терең тазалауға арналған құрылыстар ретінде әртүрлі конструкциялы түйіршікті жүктемелі сүзгілер, торшалы барабанды сүзгілер, биологиялық тоғандар, тоспа суларды оттекпен қанықтыруға арналған құрылыстар қолданыла алады.

9.6.1.4 Терең биологиялық тазалауға арналған құрылыстардың түрі мен конструкциясын таңдауды бастапқы тоспа су сапасын, ғылыми-зерттеу, консалтингтік, инжинирингтік ұйымдардың ұсыныстары бойынша оларды тазалау деңгейіне қойылатын талаптарды, тазалау үшін жабдықты өндіруші ұйым ақпараттарын және осыған ұқсас объектілерді пайдалану тәжірибесін ескере отырып, техникалық-экономикалық есептер бойынша анықтау қажет.

9.6.1.5 Өндірістік тоспа суларды жинау, мөлдірету және сусыздандыруға арналған биологиялық тоғандар мен жинақтағыш-тоғандарды жобалауды ҚНжЕ 2.06.03 және ҚН 551 талаптарына сәйкес 9.3.15.1 - 9.3.15.19 сәйкес жүргізу қажет.
9.6.2 Түйіршікті жүктемелі сүзгілер
9.6.2.1 Түйіршікті жүктемелі сүзгілерді келесі конструкциялы: бір қабатты, екі қабатты және қаңқалы үймелі сүзгі (ҚҮС) түрінде қарастыру ұсынылады.

Сүзгілерді конструкциясы мен климаттық шарттарына байланысты ашық ауада немесе орын жайда орналастыру қажет. Сүзгілерді ашық ауа астында қалдырған жағдайда, құбырлар, тиекті арматура, сорғылар мен басқа да коммуникациялар өтпелі галереяларда орналасуы қажет.

9.6.2.2 Сүзуші материал ретінде кварцты құмды, қиыршық тасты, гранитті шағылды, түйіршіктелген доменді шлакты, Антрацитті, керамзитті, полимерлерді, сондай-ақ қажетті технологиялық қасиеттерге, химиялық тұрақтылық пен механикалық төзімділікке ие басқа да түйіршікті жүктемелерді қолдануға болады.

9.6.2.3 Сүзгілердің конструктивті элементтерінің есебін ҚР ҚНжЕ 4.01-02 және осы нормативке сәйкес жүргізу қажет.

9.6.2.4 Қалалық және құрамы бойынша оған ұқсас өндірістік тоспа суларды биологиялық тазалаудан соң терең тазалауға арналған түйіршікті жүктемелі сүзгілердің есептік параметрлерін 9.28-кесте бойынша қабылдау қажет.

Сүзгілер алаңын есептеуді 15% тең рауалы әркелкілікті ескере отырып, максимальды сағаттық ағын бойынша жүргізу қажет.

9.6.2.5 Түйіршікті жүктемелі сүзгілерді жүктеу кезінде келесілерді қарастыру қажет:

- биологиялық тазалаудан соң тоспа суларды беру кезінде –сүзгілерінің (ҚҮС-тан басқа) алдында барабанды торларды орнатуды;

- қаңқалы-үймелі сүзгілер үшін – су ауалы немесе сулы, екі қабатты сүзгілер үшін – сулы, бір қабатты сүзгі үшін ауа сулы жууды қарастыру керек; бұл ретте жууды хлорланбаған сүзілген сумен жүзеге асыру қажет;

- жуу сулары мен сүзгілерді жуудан қалған кір сулардың резервуарының сыйымдылығы екі жуғыштан кем болмауы тиіс;

- қажет болған жағдайда сүзілген суды 9.4.1 - 9.4.5 сәйкес оттекпен қанықтыру;

- үлкен кедергілі түтікті таратқыш дренажды жүйелер;

- суды жоғарыдан төменге қарай беретін сүзгілер үшін – жүктеменің жоғарғы қабатын механикалық немесе гидравликалық қопсыту құрылғысы.

9.6.2.6 Түйіршікті жүктемелі сүзгілердің биологиялық өсуін болдырмау үшін түсетін тоспа суларды 2,0 мг/л мөлшерле алдын ала хлорлауды және сүзгіні мерзімді түрде құрамында 150 мг/л дейін хлоры бар хлорлы сумен 24 сағат аралығында (жылына 2-3 рет) өңдеуді қарастыру қажет.

9.6.2.7 Өндірістік ағын суларды терең тазартуға арналған түйіршікті жүктемелі сүзгілерді жобалауды технологиялық зерттеу деректері бойынша жүргізу қажет.

9.28-Кесте - қалалық және оған құрамы бойынша жақын өндірістік тоспа суларды биологиялық тазалаудан соң ерең тазалауға арналған түйіршікті жүктемелі сүзгілердің есептік параметрлерінің мәндері


Сүзгі

Сүзгілеуші жүктеуіш параметрлері

Қабат биіктігі, м

бастап дейін



Сүзу жылдамдығы,

м/сағат, режимде



Жуу қарқыны, л/(с  м2)

Жуу кезеңінің ұзақтығы, мин

Тазалау тиімділігі, %

Сүзгілеуші материал

жүктеменің түйіршікті сипаттамасы d, мм

ОБТтол бойынша

өлшенген заттар бойынша бастап дейін

ең төмен

ең жоғары

баламалы

қалыпты

үдемелі

Бір қабатты ұсақ-түйіршікті суды жоғарыдан төменге қарай беретін

Кварцты құм

1,2

2,0

1,5 - 1,7

1,20- 1,30

6-дан 7 дейін

7-ден 8 дейін

Ауа (18 ден 20 дейін)

2

50-ден 60 дейін

70 тен 75 дейін

Қолдаушы қабаттар – шағыл тас

2,0

5,0

-

0,15- 0,20

Ауа (18 ден 20 дейін) және су (3-тен 5 дейін)

10-нан 12 дейін

5,0

10,0

-

0,10- 0,15

10,0

20,0

-

0,10- 0,15

Су (7)

6 дан 8 дейін

20,0

40,0

-

0,20- 0,25

Бір қабатты ірі түйіршікті суды жоғарыдан төменге қарай беретін

Гранитті шағыл тас

3,0

10,0

5,5

1,20

16

18

Ауа (16)

3

35 -тен 40 дейін

45 тен 50 дейін

Ауа (16) және су (10)

4

Су (15)

3

Екі қабатты суды жоғарыдан төменге беретін

Антрацит немесе керамзит

1,2

2,0

-

0,40- 0,50

7-ден 8 дейін

9-дан 10 дейін

Су

14 -тен 16 дейін



10 нан 12 дейін

60-тан 70 дейін

70-тен 80 дейін

Кварцты құм

0,7

1,6

-

0,60- 0,70

Қолдаушы қабаттар- қиыршық тас

2,0

5,0

-

0,15-0,25

5,0

10,0

-

0,10- 0,15

10,0

20,0

-

0,10- 0,15

20,0

40,0

-

0,20- 0,25

Қаңқалы-үймелі (ҚҮС)

Кварцты құм

0,8

1,0

-

0,90

10

15

Ауа (14 -тен 16 дейін)

және су (6-дан 8 дейін)



5 тен 7 дейін

70

70-тен 80 дейін

Каркас – қиыршық тас

1,0

40,0

-

1,80

Су

14 -тен 16 дейін



3

40,0

60,0

-

0,50


9.6.3 Полимерлі жүктемелі сүзгілер
9.6.3.1 Полимерлі жүктемелері бар сүзгіштерді оларда болмайтын тұрақты эмульсиялар түріндегі майлар мен мұнай өнімдерінен өндірістік тоспа суларды тазарту үшін қолдану қажет.

Жаңбыр суларын тазарту үшін полимерлі жүктемелері бар сүзгілерді қолдануға жол беріледі.

9.6.3.2 Бастапқы сулардағы майлар мен мұнай өнімдерінің рауалы концентрациясы:

-  150 мг/л дейін;

- қалқымалы заттар 100 мг/л дейін.

Тазартылған сулардағы осы заттардың концентрациясы 10 мг/л аспауы тиіс.

9.6.3.3 Жүктеме ретінде ірілігі 20 мм 20 мм  20 мм, тығыздығы 46 кг/м3 ден 50 кг/м3 дейін, және қабат биіктігі 2 м полиуретанды қолдану қажет. Сүзгілеу жылдамдығы сағатына 25 м дейін

9.6.3.4 Сүзгілерді ауа температурасы 6С төмен емес ғимаратта орналастыру қажет.


9.6.4 Торшалы барабанды сүзгілер
9.6.4.1 Торшалы барабанды сүзгілерді өндірістік тоспа суларды механикалық тазалау үшін, сүзгілер алдында тоспа сулардың терең тазартылуын (барабанды торшаларды) орнату үшін, сондай-ақ терең тазартатын дербес құрылыстар (микросүзгілер) ретінде қолдану қажет. Торшалы барабан сүзгілерінде тоспа суларды тазарту деңгейін 9.29-кесте бойынша қабылдауға жол беріледі.

9.6.4.2 Тоспа суларды механикалық тазартуға арналған барабан торшаларын қолдану кезінде бастапқы суда торшаны шаюды қиындататын заттар (шайырлар, тоң майлар, майлар, мұнай өнімдері және т.б.), ал өлшенген заттардың мөлшері 250 мг/л аспауы керек.

Қалалық тоспа суларды терең тазарту кезінде микросүзгілерді пайдалану кезінде бастапқы судағы өлшенген заттардың мөлшері 40 мг/л аспауы керек.
9.29-кесте – Торшалы барабан сүзгілерде тоспа суларды тазауту деңгейінің мәні


Торшалы барабан сүзгілер

Ластаушы заттардың мөлшерін төмендету, %

өлшенген заттар бойынша

ОБТтол бойынша

Микросүзгілер

50-ден 60 дейін

25-тен 30 дейін

Барабан торшалары

20-дан 25 дейін

5-тен 10 дейін

9.6.4.3 Резервтік торшалы барабан сүзгілерінің санын 9.30-кестеде көрсетілген бойынша қабылдау қажет.


9.30-кесте – Резервтік торшалы барабан сүзгілерінің саны


Барабан сүзгілері

Саны

Жұмыс

Резервтік

Микросүзгілер

4 дейін

1

4 жоғары

2

Барабан торшалары

6 дейін

1

6 жоғары

2

9.6.4.4 Торшалы барабан сүзгілерін қолдану кезінде келесідей болу қажет:

- өнімділік және конструкцияны өндіруші-зауыттардың паспорттық мәліметтері бойынша немесе ғылыми-зерттеу ұйымдарының ұсыныстары бойынша қабылдау;

- 0,15 МПа қысыммен торшалы барабан сүзгілерден өткен сумен жууды қарастыру;

- 3%-дан 4 % дейін микросүзгілерге арналған, 1%-дан 1,5% дейін тоспа суларды механикалық тазартуға арналған барабан торшаларының шығындарымен қондырғының тұрақты есептік өнімділігін;

- тәулігіне 8-ден 12-ге дейін жуу санымен, жуудың 5 мин ұзақтығымен, жууға арналған сулардың 0,3%-дан 0,5 % дейін шығынымен, тоспа суларды терең тазарту схемасында барабан торшаларына арналған мерзімдік барабан торшаларының есептік өнімділігін.


9.7 Тоспа суларды физико-химиялық тазартауға арналған құрылыстар
9.7.1 Тоспа суларды бейтараптандыру
9.7.1.1 рН мөлшері 6,5 төмен немесе 8,5 жоғары тоспа сулар елді мекеннің суды бұру жүйесіне немесе су объектісіне бұрудың алдында бейтараптандырылуы тиіс.

Бейтараптандыруды реагенттерді енгізумен немесе оларды бейтараптандырушы материалдар арқылы сүзгілеумен қышқылды және сілтілік тоспа суларды араластырумен жүзеге асыру керек.

9.7.1.2 Тоспа сулардағы қышқылдарды немесе сілтілерді толық бейтараптандыру шарттарынан және сәйкес келетін реакциялардың теңестіруі бойынша ауыр металдардың қосылыстарын шөгіндіге бөлуден реагенттер дозасын анықтау керек. Реагенттің артық мөлшері есептік мөлшерден 10% құрауы керек.

Реагент дозасын анықтау кезінде қышқылдар мен сілтілерді өзара бейтараптандыруды, сонымен қатар тұрмыстық тоспа сулардың немесе су айдынының (суағардың) сілтілік резервін есепке алу керек.

9.7.1.3 Қышқылды тоспа суларды бейтараптандыруға арналған реагенттер ретінде әктік кальцийдің немесе сілтілік қалдықтарының (күйдіргіш натрдың немесе калийдің) белсенді тотығы бойынша 5% түрінде кальций гидрототығын (сөндірілген әкті) қолдану керек.

Әкті сүтті дайындауға арналған қондырғыны жобалауды ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес орындау керек.

9.7.1.4 Сілтілік тоспа суларды қышқылдау және бейтараптандыру үшін техникалық күкірт қышқылын қолдану ұсынылады.

9.7.1.5 Шөгіндіні бөліп шығару үшін 2 сағаттың ішінде тоспа сулардың болу уақытымен тұндырғылар қарастыру керек.

9.7.1.6 Еркін күкірт қышқылы және ауыр металдардың тұздары бар тоспа судың 1 м3 бейтараптандыру пайда болатын кездегі шөгіндінің құрғақ заттарының М, кг/м3 мөлшері келесі формула бойынша анықталуы керек:
(9.64)
мұндағы А - пайдаланылатын әктегі белсенді СаО мөлшері, %;

А1 - металдарды қамау үшін қажетті белсенді СаО сандары, кг/м3;

А2 - еркін күкірт қышқылын бейтараптандыру үшін қажетті белсенді СаО сандары, кг/м3;

А3 - гидрототықтарды қалыптастыратын металдардың саны, кг/м3;

Е1 - металдарды қамау кезінде пайда болатын кальций сульфатының саны, кг/м3;

Е2 - еркін қышқылды бейтараптандыру кезінде пайда болатын кальций сульфатының саны, кг/м3.
ЕСКЕРТУ  Формуладағы үшінші мүше егер оның мәні теріс болса есепке алынбайды.
9.7.1.7 1 м3 тоспа суды бейтараптандыру кезінде пайда болатын шөгіндінің көлемі, Wmud, %, келесі формула бойынша анықталады:

(9.65)

мұндағы Pmud - шөгіндінің ылғалдылығы, %.


Шөгіндінің ылғалдылығы пайыздарда көрсетілген құрғақ заттың мөлшерін алып тастаумен 100 айырмашылығынан кем немесе тең болуы керек.

9.7.1.8 Тұндырғыларда бөлінген шөгінді шламды алаңдарда, вакуум-сүзгілерде немесе сүзгі-баспақтарда зарарсыздандырылуы тиіс. Тұндырғыларды және зарарсыздандыру бойынша құрылыстарды жобалау кезінде осы нормативтің сәйкес келетін тарауларының талаптарын басшылыққа алу керек.

9.7.1.9 Агрессивті орталармен түйісетін барлық резервуарлар, құбырлар, жабдықтар сәйкес келетін оқшаулаумен қорғалуы керек.
9.7.2 Реагентті қондырғылар
9.7.2.1 Реагентті өңдеуді тоспа сулардан ірідисперсиялық, коллоидті және физико-химиялық тазарту процесінде ерітілген қоспаларды жою процестерін қарқындару, сонымен қатар құрамында хром- және циан бар тоспа суларды зарарсыздандыру үшін қолдану керек. Биологиялық тазартылуға тиісті тоспа суларда биогенді элементтердің 9.1.3 көрсетілген нормалардан төмен мөлшері анықталған жағдайда оларды жасанды толтыруды (биогенді қоректендіруді) қарастыру керек.

9.7.2.2 Реагенттер ретінде коагулянттарды (алюминий немесе темір тұздары), әкті, флокулянттарды (ионогенді емес, анионды және катионды түрлердің суда еритін органикалық полимерлері) қолдану керек.

9.7.2.3 Реагенттің түрін және оның дозасын тоспа сулардың ластану сипатына, оларды тазалаудың қажетті деңгейіне, жергілікті жағдайларға және т.с.с. байланысты ғылыми-зерттеу ұйымдарының мәліметтері бойынша қабылдау керек. Өнеркәсіптің кейбір салаларының тоспа суларына және қалалық тоспа суларына арналған реагенттер дозасын 9.31-кесте бойынша алуға рұқсат беріледі.

9.7.2.4 Суды коагулянттармен өңдеу кезінде оны қышқылдаумен немесе сілтілеумен рН оңтайлы мәнін сақтау қажет. Қалалық сулар үшін рН 7,5 дейін болған кезде алюминий тұздарын, рН 7,5 жоғары болған кезде темір тұздарын қолдану керек.

9.7.2.5 Реагенттерді дайындауды, дозалауды және тоспа суларға қосуды ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес қарастыру керек. Реагенттерді тоспа суларға араластыруды ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес гидравликалық араластырғыштарда немесе су алып келетін құбырларда жүргізу керек. Механикалық араластырғыштарда немесе тазарту құрылыстарына тоспа суды жіберетін сорғыларда араластыруға рұқсат беріледі.

9.7.2.6 Реагенттер ретінде темір тотияйынды пайдалану жағдайында аэрацияланатын араластырғыштарды, аэрацияланатын құмтұтқыштарды немесе темір шала тотығын гидрат тотығына ауыстыруды қамтамасыз ететін преаэраторларды пайдалану керек.

Бұндай жағдайда араластырғышта болу уақыты 7 мин кем болмауы керек, ауаны жіберу қарқындығы 1 мин өңделетін тоспа судың 0,7 м33-тен 0,8 м33 дейін, араластырғыштың тереңдігі 2,0-ден 2,5 м дейін.

9.7.2.7 Үлпек қалыптасу камераларында механикалық немесе гидравликалық араластыруды қолдану керек. Араластыру қарқындығы біртіндеп азаятын жекелеген бөліктерден тұратын үлпек қалыптасу камераларын пайдалану ұсынылады.


9.31-кесте – Өнеркәсіптің кейбір салаларының тоспа суларына және қалалық тоспа суларға арналған реагенттер дозасының мәні


Тоспа сулар

Ластаушы заттар

Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/л

Реагенттер

Реагенттің дозасы, мг/л

Әктер

Алюминий тұздары

Темір тұздары

Белсенді полимер бойынша анионды флокулянт

Белсенді полимер бойынша катионды флокулянт

Мұнай өңдеу зауыттарының, мұнай айдау базаларының

Мұнай өнімдері

100 дейін

Анионды флокулянтпен бірге немесе онсыз алюминий тұздары, катионды флокулянттар

-

50-ден 75 дейін

-

0,5

2,5-тен 5,0 дейін

100-ден 200 дейін

-

75-тен 100 дейін

-

1,0

5,0-ден 10,0 дейін

200-ден 300 дейін

-

100-ден 150 дейін

-

1,5

0,0-ден 15,0 дейін

Машина жасау, коксхимиялық зауыттардың

Майлар

600 дейін

Анионды флокулянтпен бірге немесе онсыз алюминий немесе темір тұздары, катионды флокулянттар

-

50-ден 300 дейін

50-ден 300 дейін

0,5-тен 2 дейін

5,0-ден 20,0 дейін

Тамақ өнеркәсібінің, жүн жуу фабрикаларының, металл өңдеу зауыттарының, синтетикалық талшықтар

Майлар мен тоң майлардың эмульсиялары

100

Анионды флокулянтпен бірге немесе онсыз алюминий немесе темір тұздары

-

150

150

-

-

300

-

300

300

0,5-тен 3,0 дейін

-

500

-

500

500

0,5-тен 3,0 дейін

-

1000

-

700

700

0,5-тен 3,0 дейін

-

Целлюлозды-қағаз өнеркәсібінің

Түстілік (сульфатты лигнин), ПКШ бұршағы

950

Сол сияқты

-

250

250

-

-

1450

-

275

275

-

-

2250

-

400-ден 500 дейін

400-ден 500 дейін

-

-

Түстілік (лигносульфат), ПКШ бұршағы

1000

СаО әгі

1000

-

-

-

-

2000

2500

-

-

-

-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет