Строительные нормы республики казахстан


- жалпы біркелкі жұмыс жарықтандыруы; -



бет20/22
Дата23.02.2016
өлшемі2.85 Mb.
#5668
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

жалпы біркелкі жұмыс жарықтандыруы;

электр энергиясының автономды көзі бар апатты-эвакуациялық;

жөндеу жұмыстарының.

б) Осындайларда, бірақ қызмет көрсету алаңдарымен:



сол сияқты, плюс ауыздықталған.

в) Осындайларда, бірақ ауданы 100 м2 асатындар:



сол сияқты, плюс кезекшілік.

10.1.20 Әкімшілік-тұрмыстық, қоймалық, операторлық және диспетчер ғимараттарындағы, электр қалқан жайларындағы электр жабдықтар, электр жарықтандыру және электр аспаптар (желдеткіштер, кондиционерлер, жылытқыштар және т.б.) ҚР ҚНжәнеЕ 2.04-05 және «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» талаптарына сәйкес қабылдануы керек.

10.1.21 Жер асты үй-жайларында (құдықтардан басқа) қарау және қызмет көрсету кезінде үй-жайға түсірілетін шамшырақтармен жергілікті жарықтандыру қарастырылуы керек. Шамшырақтарды түсіру үшін қызмет көрсету персоналына арналған кіретін жерлерді немесе арнайы қарастырылған ойықтарды пайдалану керек. Бұл кезде жер асты бөлігінде шамшырақтарды орнату үшін кронштейндер қарастырылуы керек.

Шамшырақтарды жергілікті желіге қосу штепсельдік ағытпалары (аша) бар иілгіш кабельдермен орындалуы керек. Ағытпалардың жауапты бөлігі (розетка) құрылыстың жер бетіндегі бөлігінің сыртқы қабырғасына орнатылуы керек. Штепсельдік ағытпа орнату орнына сәйкес келетін орындау және орнату санатына ие болуы керек.

Электр қауіпсіздігі өте төмен кернеулерді бақылау жүйесімен немесе ажыратқыш трансформатормен және осы жағдайларда қорғанысты сөндіру құрылғысымен (ҚСҚ) қолданумен қамтамасыз етілуі керек.

10.1.22 Құдықтарда, әдетте, жарықтың жылжымалы көздерімен жергілікті жарықтандыру қарастырылады.

10.1.23 Су бұру объектілерін сыртқы жарықтандыруын келесі түрлермен қабылдау керек:

- жалпы, біркелкі жұмыстық;

- әшекейлік (парктік аймақтарда);

- күзеттік;

- кезекшілік.

Нақты объектіге арналған жарықтандырудың қажетті түрлері жобада анықталады және тапсырыс берушімен келісіледі.

10.1.24 Үй-жайларды электр жарықтандыруға арналған жарықтандыруды басқаруда келесілер қарастырылуы керек:

- ұдайы болатын персоналдың бар болуы кезінде оператор үй-жайынан қашықтықты;

- ұдайы болатын персоналдың жоқ болуы кезінде жалпы жарықтандыру функциясында автоматты.

10.1.25 Ауданы 100 м2 асатын аралас жарықтандырылатын үй-жайларда диммерлерді орнату ұсынылады.

10.1.26 Жарықтандыру нормаларын ҚР ҚНжәнеЕ 2.04-05 сәйкес қабылдау керек.

10.1.27 Су бұру желілеріндегі объектілер ҚР ҚН 2.04-29 талаптарына сәйкес найзағайдан қорғаныспен жабдықталуы керек.


ЕСКЕРТУ  Егер объектінің электр жабдығының құрамына есепке алу мақсаттарына арналған микропроцессорлық техника, ТПБАЖ, Энергоресурстарды бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелері, РАҚ, диспетчерлендіру және т.с.с. кіретін жағдайларда найзағайдың қосалқы әсерлерінен қорғанысты қамтамасыз ету керек.

Ықыласты ҚР ҚН 2.04-29 сәйкес зауытта дайындалатын тораптар мен бөлшектерден жиналатын, соның ішінде белсенді найзағай қабылдағыштар бар найзағайдан қорғаныстың сертификатталған жүйелеріне беру керек.


10.1.28 Су бұру объектілерінің электр қондырғыларының жобаларын орындау кезінде қажетті және жеткілікті электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері», ҚР ҚНжәнеЕ 4.04-10 және БҚ 34 ҚР.20.501 талаптарын басшылыққа алу керек.

10.1.29 «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» жіктеуіне сәйкес су бұру объектілерінің электр қондырғылары орнатылған үй-жайлардың көбісі жоғары қауіпті үй-жайларға немесе ерекше қауіпті үй-жайларға жатқызылады.

10.1.30 Көрсетілген үй-жайлардың орналастырылуы үшін ҚСҚ пайдалану ұсынылады.

10.1.31 Ғимараттың шатырына найзағай қабылдағыштарды орнату немесе найзағай қабылдағыш ретінде металл шатырды пайдалану кезінде, ал найзағайды бұрғыш ретінде ғимараттың металл конструкциялары пайдаланылған кезде «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» және ҚР ҚН 2.04-29 талаптарына сәйкес найзағай қабылдағыштарды ғимараттың металл конструкцияларына жалғау аймағындағы әлеуетті теңестіру үшін темірбетон еденнің арматураларын пайдалудың мақсатқа сай екенін қарастыру керек.


10.2 Технологиялық бөлік
10.2.1 Су бұру желілеріндегі объектілер энергоресурстарды, соның ішінде тоспа суларды және шөгінділерді есепке алудың, сонымен қатар құбырдың бүтіндігін бақылаудың интегралдық аспаптарымен жабдықталуы керек.

Бұл кезде таңдалынатын аспаптар параметрлердің жабдықты пайдаланудың технологиялық регламенттерімен белгіленген шектерден шығуын анықтауы керек.

10.2.2 Технологиялық процестің параметрлерін, бақылау нүктелерін, өлшеулердің дәлдігін, мәндерді реттеу диапазонын, қоршаған орта жағдайларын, өлшеу орнын ақпаратты көрсету және оны ЖДБ-ға беру қажеттілігін жобаның технологиялық бөлігі бойынша анықтау керек. Мәліметтерді жіберу интерфейсі және хаттамасы жоғары тұрған ТПБАЖ деңгейімен толық үйлесімді болуы керек.

10.2.3 Аспаптар мен жабдықтарды орнату үшін қажетті салынатын бөлшектер, ойықтар, баспаналар мен жабдықтар, сонымен қатар аспаптарды бекіту тораптары өндіруші-зауыттардың монтаждау және пайдалану жөніндегі нұсқауларына сәйкес орындалуы керек.

10.2.4 Таңдалынатын аспаптарды жалғауға арналған желідегі кернеу «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» талаптарына сәйкес электр қауіпсіздігі талаптарына және техникалық шешімдерге сәйкес келуі керек.

10.2.5 Ақпараттық желілер экрандарының кабельдерін жерлендіру жүйесіне жалғау ТПБАЖ жүйесінде қабылданған техникалық шешімдерге сәйкес келуі керек.

10.2.6 Қолданылатын аспаптар мен құрылғылар ГОСТ 15150 бойынша климаттық орындауға, және ГОСТ 17516.1 және «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» талаптарына сәйкес орналастыру санатына ие болуы, ал қорғаныс қабығы БҚ 34.51.101 бойынша және ықтимал қасақана емес механикалық әсерлерге байланысты болуы керек.

Қолданылатын аспаптар мен құрылғылар өрт қауіпсіздігі бойынша «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес өрт қауіпті аймақтарда қолдану үшін өрт қауіпсіздігі сертификатына ие болуы керек.

10.2.7 Аспаптар мен құрылғыларды желіге жалғауға арналған электр сымдар «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері», БҚ 34.51.101, БҚ 34 ҚР.20.50 талаптарына сәйкес келуі және барынша жоғары пайдалану сенімділігін қамтамасыз етуі керек.

10.2.8 Әдетте, механизмдермен жиынтықта жеткізілетін электр жетектермен басқару жүйелерін қолдану керек.

10.2.9 Әдетте, механизмдерді басқару үшін екі басқару режимі жеткілікті:

- жергілікті (механизмнің тікелей көзге көріну шектерінде);

- автоматты.

10.2.10 Қашықтықтан басқару режимін тек электр жабдықты басқару орнынан механизмнің тікелей көзге көріну шектерінде орнату мүмкін болмаған немесе мақсатқа сай болмаған кезде ғана қолдану ұсынылады.

10.2.11 Қашықтықтан басқару кезінде механизмнің кенетттен қосылуын болдырмау үшін механизмге тікелей жақын жерде орнатылатын ескерту және/немесе жарықтық сигнал және қауіпсіздік сөндіргіші қарастырылуы керек.

10.2.12 Басқару режимін таңдау механизмді басқару шкафынан жүзеге асырылуы керек.

10.2.13 Қуаты 4 кВт дейін электр қозғалтқышы бар механизмдерді егер технологиялық режим бойынша осы механизмнің айналымдар санын реттеу қажет болмаса, ал оның жұмыс режим і ұзақ болса, тікелей іске қосумен қосу керек.

Қуаты 4 кВт асатын механизмдер, әдетте, егер бір сағаттағы қосулардың саны таңдалынған құрылғының бір сағаттағы бірқалыпты қосылуы үшін рұқсат берілген қосулар санынан аспайтын болса, бірқалыпты қосу құрылғыларымен қарқындалуы керек.

10.2.14 Механизмнің электр жетегі жұмыс істейтін параметр технологиялармен бірге тағайындалуы және механизм жұмысының ең жоғарғы энергия тиімділігін қамтамасыз етуі керек.

10.2.15 Бас сорғылық агрегаттарды реттеу нұсқасын шешу кезінде реттелетін агрегаттардың жалқы қуатын ұлғайту және, сәйкесінше, құрылыс көлемін, ғимараттың жылытылатын, желдетілетін және жарықтандырылатын көлемін қысқарту және агрегаттардың жоғары пайдалы әрекет коэффициенттерінің (ПӘК) есебінен станцияның энергия тиімділігін жоғарылату есебінен резервтік және жұмыстық агрегаттардың санын қысқарту мүмкіндігін қарастыру керек.

10.2.16 Негізгі сорғылық агрегаттардың санын анықтағаннан кейін реттеудің ықтимал нұсқаларының біреуін қабылдау керек:

- сорғылық агрегаттардың біреуі жиілікті түрлендіргішпен (ЖТ), жұмыс істейді, қалғандары тікелей желіден немесе бірқалыпты қосу құрылғысынан (БҚҚ) арқылы жұмыс істейді;

- әрбір сорғылық агрегат ағынның өсу деңгейіне байланысты БҚҚ арқылы қарқындайды және желілік жиілікке шығу кезінде электр желісіне тікелей ауысады;

- әрбір сорғылық агрегат белгіленген алгоритм бойынша өзінің ЖТ арқылы жұмыс істейді.

Сорғылық агрегаттардың жұмыстарын реттеу нұсқасын таңдаған кезде келесілерді есепке алу керек:

- энергия тиімділік (нұсқаларды қосымша жоғалту түріндегі пайдалану шығындары);

- сенімділік (пайдалану шығындары);

- күрделі қаржы шығыны.

10.2.17 Су бұрудың әрбір объектісі дабыл қалқанымен жабдықталуы керек, онда келесілер болуы қажет:

- технологиялық процестің әрбір механизмі туралы шұғыл ақпарат, мысалы («қосылған», «сөндірілген», «ашық», «жабық»);

- апаттық ақпарат («апатты деңгей», «рұқсат берілгеннен төмен қысым», «1-бұруда кернеу жоқ» және т.с.с.).

10.2.18 Жұмыстық және резервтік агрегаттар электр энергиясының әртүрлі көздеріне жалғануы керек.

10.2.19 Барлық механизмдердің электр жабдықтары ТПБАЖ-бен хабарласуға арналған интерфейстік шығысқа (кіріске) ие болулары керек.

10.2.20 Технологиялық бақылау жүйелерінде келесілерді қарастыру керек:

- ұдайы бақылау құралдары мен аспаптары;

- мерзімдік бақылау құралдары, мысалы, құрылыстардың жұмыстарын оңдау және тексеру үшін.

10.2.21 Тоспа сулардың сапалық параметрлерін технологиялық бақылауды автоматты аспаптардың және талдағыштардың немесе зертханалық әдістердің көмегімен үздіксіз құралдық бақылау арқылы жүзеге асыруға рұқсат беріледі.

10.2.22 Құрылыстардың конструкцияларында электр жабдықтарды және автоматтандыру құралдарын орнатуға арналған тораптарды, салынатын бөлшектерді, ойықтарды, камераларды және басқа да құрылғыларды, жалғау желілерінде – ластанудан қорғанысты (бөлу мембраналары, жалғастыру желілерін үрлеу немесе жуу және басқалар) қарастыру керек.

10.2.23 Технологиялық бақылау құралдарымен құрылыстарды жарықтандыру деңгейін және автоматтандыру көлемін пайдалану жағдайларына байланысты орнату, әлеуметтік жайттарды есепке алумен техника-экономикалық есептермен негіздеу керек. Автоматтандыруды белгіленген технологиялық параметрлер бойынша немесе жекелеген жағдайларда уақытша бағдарлама бойынша орындау керек.

Бірінші кезекті сорғы қондырғыларын автоматтандыру керек.

10.2.24 Құрылыстардың жұмыстарын орталықтандырылған басқаруды және бақылауды қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда телемеханика құралдарын пайдаланатын су бұру жүйесін диспетчерлік басқаруды қарастыру керек.

10.2.25 Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері (ТПБАЖ) жұмыс істейтін объектілердегі су бұрудың ірі жүйелері үшін қажетті ақпаратты жинауды, өңдеуді және жіберуді қамтамасыз ететін қосалқы жүйелерді, сонымен қатар басқару жөніндегі жекелеген тапсырмалардың шешімдерін қарастыру керек.


10.3 Диспетчерлендіру
10.3.1 Диспетчерлік басқару, әдетте, бір диспетчерлік бөлме бар бір деңгейлі болып қарастырылуы керек.

Күрделі құрылыстар және олардың арасында үлкен ара қашықтықтар бар су бұрудың ірі жүйелері үшін орталық және жергілікті диспетчерлік бөлмелер бар екі деңгейлі басқаруға рұқсат беріледі.

10.3.2 Диспетчерлік бөлме мен бақыланатын объектілер, сонымен қатар кезекші персонал үй-жайлары мен шеберханалардың арасындағы байланысты тікелей диспетчерлік байланыс арқылы жүзеге асыру керек.

Су бұру жүйесінің диспетчерлік бөлмесінің және өнеркәсіптік кәсіпорынның энергия шаруашылығы диспетчерлік бөлмесі арасындағы, ал ол жоқ болған жағдайда – өнеркәсіптік кәсіпорынның орталық диспетчерлік бөлмесінің арасындағы тікелей диспетчерлік байланысты қарастыру керек.

10.3.3 Бақыланатын құрылыстардан диспетчерлік бөлмеге тек құрылыстардың жұмысын жедел басқару мен бақылау, апатты шұғыл жою мен оқшаулау қамтамасыз етілмейтін сигналдар мен өлшемдер ғана жіберілуі керек.

10.3.4 Тазалау құрылыстарының диспетчерлік бөлмесіне келесі өлшемдер мен сигналдарды жіберу керек:

а) өлшемдер:

- тазалау құрылғыларына келетін тоспа сулардың шығындары, немесе тазартылған тоспа сулардың шығындары;

- тоспа сулардың рН (қажет болған жағдайда);

- тоспа сулардағы ерітілген оттегінің концентрациясы (қажет болған жағдайда);

- тоспа сулардың температурасы;

- аэротенктерге берілетін ауаның жалпы шығыны;

- аэротенктерге берілетін белсенді балшықтың шығыны;

- артық белсенді балшықтың шығындары;

- өңдеу жөніндегі құрылыстарға берілетін дымқыл шөгіндінің шығыны;

б) дабыл:

- жабдықтың апаттық сөндірілуі;

- технологиялық процесті бұзу;

- резервуарлардағы, ғимараттардың тор немесе тор-майдалағыш беру арналарындағы тоспа сулардың және шөгінділердің шекті деңгейлері;

- өндірістік үй-жайларда жарылыс қауіпті газдардың шекті концентрациясы;

- хлорлау үй-жайларындағы хлор – газдың шекті концентрациясы.

10.3.5 Диспетчерлік бөлмелердің үй-жайларын технологиялық құрылыстармен бұғаттауға рұқсат беріледі: өндірістік-әкімшілік корпуспен, ауа үрлеу станциясымен және басқалармен (диспетчерлік бөлмені ауа үрлеу станциясында орналастыру кезінде оны шудан оқшаулау керек).

10.3.6 Диспетчерлік бөлмелерде келесі үй-жайларды қарастыру керек:

- диспетчерлік қалқанды, пультті және кезекші персоналдың ұдайы болуымен байланыс құралдарын орнатуға арналған диспетчерлік бөлме;

- қосымша үй-жайлар (қоймалық, жөндеу шеберханасы, демалыс бөлмесі, санторап).
10.4 Сорғылық және ауа үрлеу станциялары
10.4.1 Сорғылық станциялар, әдетте, ұдайы қызмет көрсетуші персоналсыз жобалануы керек. Бұл кезде басқарудың келесі түрлері ұсынылады:

- сорғылық агрегаттарды автоматты басқару – қабылдау резервуарындағы төкпе сұйықтықтың деңгейіне байланысты;

- персоналдың мезгіл-мезгіл келуімен және диспетчерлік бөлмеге қажетті сигналдарды жіберумен жергілікті.

10.4.2 Қуаты 100 кВт асатын электр қозғалтқыштар бар агрегаттармен жабдықталған және электрмен қоректендіруді өздерінің трансформатторлық қосалқы станцияларынан (ТҚ) алатын сорғылық станцияларда шамасы мен жиілігі өндіруші-зауыттармен шектелетін трансформаторларда жүктемелердің соққылық итерулердің пайда болу мүмкіндігін есепке алу керек.

10.4.3 Электр қозғалтқыштардың аз ресурсына немесе қосудың шектелген жиілігіне байланысты майлы сөндіргіштер жетектерін қосудың қажетті жиілігін қамтамасыз ету мүмкін болмағанына байланысты оларды «деңгей бойынша» автоматтандыруға жол бермейтін жоғары вольтті электр қозғалтқыштар бар агрегаттармен жабдықталған сорғылық станцияларда реттелетін жетекті пайдалану ұсынылады. Әдетте реттелетін электр жетекпен екі-үш жұмыс агрегаттардан тұратын топтағы бір сорғылық агрегатты жабдықтау керек.

Реттелетін электр жетектерді басқаруды қабылдау резервуарындағы деңгейге байланысты автоматты түрде жүзеге асыру керек.

10.4.4 Жиі ауыстыруларды қажет ететін күрделі коммуникациялар, сонымен қатар автоматтандыруға бейімделмеген технологиялық жабдық бар сорғылық станцияларда ұдайы қызмет көрсетугі персоналдың бар болуына рұқсат беріледі. Бұл кезде агрегаттарды басқару басқару қалқанынан орталықтандырылған түрде жүргізілуі керек.

10.4.5 Автоматтандырылған сорғылық станцияларда сорғылық агрегаттардың апатты сөндіру кезінде әрекеттердің сенімділік санаттарына қарамастан резервтік агрегатты автоматты қосуды жүзеге асыру керек.

Телемеханикаландырылған объектілерде резервтік агрегатты автоматты түрде қосуды әрекеттің бірінші сенімділік санаттарының сорғылық станцияларында жүзеге асыру керек.

10.4.6 Сорғылық станцияларды апатты су басу кезінде негізгі сорғылық агрегаттардың апатты сөндірілуін қарастыру керек.

10.4.7 Сорғылық агрегаттарды қосу кері клапанға ашық арынды жапқыштар кезінде орындалуы керек. Жапқыштар жабық болған кезде сорғылық агрегаттарды қосуды гидравликалық соққылау қауіпі кезінде, сонымен қатар синхронды электр қозғалтқыштарды қосумен байланысты талаптардың бар болуы кезінде, және басқа да негізделген жағдайларда қарастыру керек.

10.4.8 Сорғылық станцияларда келесі технологиялық параметрлерді бақылау керек.:

- айдалатын сұйықтықтың шығыны (қажет болған жағдайда);

- қабылдау резервуарындағы деңгейлер;

- дренаждық қабылдағыштағы деңгейлер;

- арынды құбырлардағы қысым;

- әрбір сорғылық агрегатпен жасалынатын қысым;

- гидротығыздау жүйесіндегі қысым;

- подшипниктердің температурасы.

10.4.9 Сорғылық станцияларда жергілікті апатты-ескерту дабылын қарастыру керек. Ұдайы қызмет көрсетуші персоналдың жоқ болуы кезінде ақаулық туралы жалпы сигналдың диспетчерлік бөлмеге немесе тәуліктік кезекшілік бар орынға жіберу қарастырылады.

10.4.10 Ауа үрлеу станцияларында әдетте машина залынан ауа үрлеу агрегаттарын жергілікті басқаруды қарастыру керек. Жекелеген жағдайларда диспетчерлік немесе жедел бөлмеден агрегаттарды қашықтықтан басқару қарастыруға рұқсат беріледі.

10.4.11 Ауа үрлеу агрегаттарын іске қосу және тоқтату жөніндегі операциялардың бірізділігі, сонымен қатар оның жекелеген параметрлерін бақылау зауыт нұсқаулықтарының ұсыныстарын есепке алумен автоматтандыру жүйесімен орындалуы керек. Негіздеу кезінде ауа үрлеу агрегаттарының өнімділігін тоспа сулардың көлемі бойынша және тоспа судағы ерітілген оттегінің мөлшері бойынша автоматты түрде реттеуді қарастыру керек.

10.4.12 Арынды ауа өткізгіштерде ауаның қысымын және температурасын (жергілікті өлшеу) бақылау керек.
10.5 Тазалау құрылыстары
10.5.1 Механикаландырылған торлардың жұмысын белгіленген бағдарлама бойынша немесе торға дейінгі және одан кейінгі сұйықтық деңгейінің барынша жоғары айырмасы бойынша автоматтандыру керек.

10.5.2 Тазалау құрылыстарын автоматтандырудың жоғары деңгейі кезінде құмтұтқыштарда пайдалану кезінде орнатылатын белгіленген бағдарлама бойынша құмды жоюды автоматтандыруды қарастыру керек.

10.5.3 Бастапқы тұндырғыларда (тарамдалған немесе көлденең) қырғыш механизмдердің іске қосылуын есепке алумен белгіленген бағдарлама немесе шөгіндінің деңгейі бойынша әрбір тұндырғының кезектесіп шөгіндіні мезгіл-мезгіл шығаруды автоматтандыру керек.

10.5.4 Орталағыштарда шығыста рН мөлшерін немесе технология бойынша қажет болатын басқа да параметрлерді бақылау керек.

10.5.5 Сығылған ауа пайдаланылатын құрылыстарда (орталағыштарда, аэрацияланатын құмтұтқыштарда, преаэраторларда және биокоагуляторларда) ауаның шығысын бақылау керек.

10.5.6 Аэротенктарда әрбір секциядағы балшықтық қоспаның, белсенді балшықтың және ауаның шығынын бақылау, ал автоматтандырудың жоғары деңгейі кезінде тоспа судағы ерітілген оттегінің мөлшері бойынша ауаның берілуін реттеу керек.

10.5.7 Аса көп жүктелінетін биосүзгілерде келіп түсетін және қайта айналатын судың шығынын бақылау керек.

10.5.8 Қосалқы тұндырғыларда балшықтың қажетті деңгейін ұстауды автоматтандыру және белгіленген бағдарлама бойынша балшық сорғылардың жұмыстарын бақылау керек.

10.5.9 Балшық тығыздағыштарда балшықтың деңгейі бойынша тығыздалған балшықтың шығарылуын автоматтандыру керек.

10.5.10 Метантенктерде метантенктің ішіндегі шөгіндінің белгіленген температурасын ұстауды автоматтандыру, метантенктің ішіндегі шөгіндінің температурасын, жүктеу деңгейін, келіп түсетін шөгіндінің, бу мен газдың шығындарын, бу мен газдың қысымын бақылау керек.

10.5.11 Вакуум-сүзгілерде және сүзгі-баспақтарда берілетін реагенттерді дозалауды автоматтандыру, вакуум-сүзгінің астаушасындағы шөгіндінің деңгейін, ресивердегі босатылуды, сығылған ауаның қысымын, ресивердегі су деңгейін бақылау керек.

10.5.12 Хлормен байланысқа түскеннен кейін тоспа суда қалдық хлордың мөлшерін бақылау керек.

10.5.13 Өндірістік тоспа суларды өңдеудің технологиялық процестерін автоматтандыруды және бақылаудың қажетті деңгейін ғылыми-зерттеу мекемелерінің мәліметтері бойынша қабылдау керек.
10.6 ТПБАЖ және диспетчерлендіру
10.6.1 Автоматтандыру жүйелерін жобалауды ҚНжәнеЕ 3.05.07 талаптарына сәйкес орындау керек. ТПБАЖ және диспетчерлендіру жүйелерін жобалау кезінде су бұру жүйелерін және құрылыстарын техникалық пайдалану шарттарының талаптарын есепке алу керек.

ТПБАЖ жобалық құжаттамасының мазмұны егер ТПБАЖ орындау шартында басқаша көрсетілмесе ГОСТ 21.408 сәйкес келуі және осыны орындауға ЖСҚ сметаларымен сәйкестендіріледі.

10.6.2 ТПБАЖ және диспетчерлендіру құрылымдары мен функциялары. Су бұру объектілерінің ТПБАЖ және диспетчерлендіру шынайы уақыттың иерархиялық үшдеңгейлі жүйесін құрайды.

ТПБАЖ және диспетчерлендіру әрбір деңгейінің міндеттері:



- төменгі деңгей өзіне жабдықтардың жекелеген бірліктерінің және олардың тіркестерін (шкафтар/қалқандар/пульттар/басқару блоктары) жергілікті автоматтандыру жүйелерін, сонымен қатар технологиялық немесе электр параметрлерді бақылау жүйелерін (датчиктер және БӨА аспаптары) біріктіреді. ТПБАЖ төменгі деңгейі технологиялық параметр бойынша (қысым, шығын, деңгей және т.с.с.) жүз пайыздық автоматтандыруды жүзеге асырады;

- ЖДБ ортаңғы деңгейіне технологиялық процесс учаскелеріндегі ағынның, барлық учаскелердегі шұғыл және апатты дабылдың сапасын аспаптық бақылау кіреді. Сорғылық және қуаты жоғары ауа үрлеу агрегаттары кезінде осы агрегаттарды басқару мүмкіндігі қарастырылады. Одан басқа, ЖДБ-мен тоспа суларды жіберуді тоқтату немесе апаттық ысыруды басқару, сонымен қатар ақпаратты жоғарғы деңгейге жіберу арқылы апатты шектеу жүзеге асырылуы мүмкін;

- жоғарғы деңгей (ДБ) апатты жағдайдың пайда болуы және оны ЖДБ құралдарымен шектеу мүмкін болмаған кезде жедел араласу мүмкіндігімен су бұру жүйесі құрылыстарының барлық жүйелері бойынша апаттық және шұғыл ақпаратты қабылдау, өңдеу және жіберу.

10.6.3 Диспетчерлік басқару әдетте бір диспетчерлік бөлме бар бір деңгейлі болып қарастырылуы керек. Объектілердің арасындағы ара қашықтықтар үлкен күрделі жүйелер үшін орталық және жергілікті диспетчерлік бөлмелер бар екі деңгейлі басқаруға рұқсат беріледі.

10.6.4 Бақыланатын құрылыстардан диспетчерлік бөлмеге тек шұғыл басқару мен құрылыстардың жұмыстарын басқаруды, апатты жылдам шектеу мен жоюды қамтамасыз ету мүмкін болмайтын өлшем сигналдары ғана жіберілуі керек.

ТПБАЖ өз кезегінде 4 деңгейге бөлінеді:

- бірінші деңгей технологиялық процесс (далалық деңгей);

- екінші деңгей технологиялық процесті бақылау және басқару (бақылау деңгейі);

- үшінші деңгей магистралдық желі (желілік деңгей);

- төртінші деңгей адамды-машиналық интерфейс.

10.6.5 Диспетчерлік бөлмелердің үй-жайлары мен жабдықтары. Жабдықты және электрмен қамтамасыз етуді резервтеу.

Серверлік, аппараттық, кростық және т.б. бөлмелерге арналған үй-жайларды жобалаудың сәулет кезеңін регламенттеу процесін ҚН 512 сәйкес орындайды, бұл кезде [3], [4], [5], [6] және [7] ережелер есепке алынады.

10.6.6 Байланыс арналары және оларды резервтеу. Мәліметтерді ДБ жіберу үшін байланыс операторларының талшықты-оптикалық желілерін (БТОЖ) пайдалану ұсынылады. БТОЖ пайдалану мүмкін болмаған немесе мақсатқа сай болмаған жағдайларда ұялы байланысты, жекелеген жағдайларда абоненттік телефон желісін қолдану керек. Автоматтандырудың төменгі және ортаңғы деңгейлерінде байланысты ұйымдастыру үшін стандартты интерфейстерді қолданыңыз.

10.6.7 Алмасу хаттамалары. Алмасу хаттамасын таңдау кезінде мәліметтерді жіберудің стандартты хаттамаларына артықшылық беру керек.

10.6.8 Ақпараттық кабельдерді тартуды «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» талаптарына сәйкес орындау керек.

Электр сымының түрін және монтаждау әдісін «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» талаптарына сәйкес орындау керек, бұл кезде [8] ереже есепке алынады. Кабель мен деңгейлердің арасындағы ара қашықтық үшін қабылдағыштық деңгейлерін [9] ұқсас қабылдау керек.

10.6.9 Жерлендіру және әлеуеттерді теңестіру жөніндегі жобалық құжаттамада ТПБАЖ кабельдері экрандарының және жабдықтарының әлеуеттерін теңестіру жүйелеріне және жерлендіру құрылғыларына қатысты техникалық шешімдерді қабылдауды қарастыру керек. Бұл кезде әдісін «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» нұсқауларын басшылыққа алу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет