Балқаш көлінің ауданы шамамен 16,4 мың.км² құрайды (2000 жыл), бұл оны Қазақстан аумағында тұтастай орналасқан ең ірі көлдердің бірі. Бахаш теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр, және жарты ай тәріздес кейіпте.
Оның ұзындығы шамамен 600 км құрайды, ені 9-19 км дейін орталық бөлігінде, шығыс бөлігінде 74 км дейін шығысқа қарай өзгереді. Жағалау сызығының ұзындығы 2385 км құрайды.
Көлдің ортасына таман орналасқан Сарыесік түбегі оны гидрографиялы екі қатты ерекшеленетін бөлікке бөліп тұр.
Көлдің батыс бөлігіндегі су татымсыз (минералдылығы 0,74 г/л құрайды) және едәуір лайлы (ашықтығы – 1м), ауыз су және өнеркәсіптік суқамтамасыздығы үшін пайдаланылады. Шығыс бөлігі едәуір тұзды (3,5 тен 6 г/л дейін) және ашақтығы (5,5 м). Балқаш бойынша жалпы орташа минералдылық – 2,94 г/л.
Балқаштағы тұздың көпжылдық орташа шөгуі 7,53 млн.т құрайды, көлдегі еріген тұздың қоры – 312 млн.т жуык.
Батыс бөлігіндегі судың түсі сарғыш-сұр, ал шығыс бөлігінде – түсі көгілдірден тұнық-көкке дейін өзгереді, бұл спутниктік түсірілімдерде байқалады.
Түбек арқылы түзілетін Ұзынарал бұғазы (қаз.Ұзынарал –“ұзын арал“) ені 3,5 км су батыс бөліктен шығысын толтырады. Бұғаздың тереңдігі шамамен 6м құрайды.
Балқаш көптеген түбектермен, шығанақтармен бөлшектелген. Басарал, Тасарал ірі аралдар болып табылады. Балқашқа Іле, Қаратал, Ақсу, Аягөз, Бақанас және т.б қосылып құйылады.
Көлдің батыс және шығыс бөлігіне келіп құйылатын өзендердің беттік ағысының көдемі бір бірінен ерекшеленеді. Іле өзені көлге 77% су береді (батыс бөлігі), барлық шығыс бөлігіндегі өзендердің үлесі 20%, қалған 2% - жер асты суларының үлесі.
Көлге құйылу кезінде Іле өзені ауданы 8 мың. км² болатын, ағындары көп атырауды түзеді (Күр ли, Ақ Өзек, Джиде және т.б). Іле өзенінің атырауы ұлғайған бірегей Іле-Балқаш сушаруашылық кешенінің бөлігі болып табылады. Ол өзендердің, айырықтардың, тармақтардың, ескі арналардың, қамыс тоғайлары мен құрғақ сай салалармен алмасып тұрады, олар да балықтардың, ондатрлардың, жабайы жануарлардың мекендеуі мен өсуін және әр түрлі биотикалық кешендерді қамтамасыз ететін көлдің экологиялық ортасы болып табылады. Сонымен қоса, атырау шаруашылық объект ретінде үлкен маңызға ие. Атыраудың ылғалдандырылатын аумақтары жайылып суғарылатын шабындықтар болып табылады, олар тек қана атырауда емес, сонымен қатар оның шекарасынан тыс орналасатын шаруашылықтардың азық өндірісінің негізгі базасын құраушы болып табылады.
Іле өзенінің атырауының қазіргі даму кезеңінде негізгі үш атыраулық жүйе бөлінеді: Топар, Іле және Жиделі (5 сур.қараңыз).
Егерде XX ғасырдың 60-жылдары Балқаш маңындағы өзендердің атырауы мен алқабында сан алуан құстардың (250 түрінен астам) мекендеуіне және ондатрлы жерлердің арттыруға ықпалын тигізетін гидроморфты және сулы-батпақты табиғи кешендер үшін қолайлы жағдай түзілсе, онда 70-ші жылдары Балқаш аумағының жалпы ылғалдылығының күрт қысқаруы байқалды. Табиғи үрдістер екі бағытта жүрген антропогендік әсерден қысқара түсті:
-
- сулардың өндірістік кәсіпорындардың ағынымен, суғарылатын массивтерден келген дренажды және қайтарма суларымен ластануы;
-
Іле өзенінің Қапшағай суқоймасымен реттелуі, оның бетінен шығатын бұлануды және одан суғаруға алынуды есепке ала отырып.
Антропогендік жүктемелер өткен ғасырдың 70-ші жылдары ғасырдық циклдағы регрессия кезеңінің (судың аз болуы) басталуымен күшейе түсті. Ылғалдылық қысқарған жағдайларда жануарлар әлемі күрт өзгеретін жағдайға үйрене алмай өледі, немесе көшіп кетеді.
Сонымен, Балқаштың солтүстік жағалауындағы сулы-батпақты кешендер кеуіп кетті және 1976 жылы жоғалған болатын.
Мұнда мекендеген жануарлар көшіп кетті, ал қамысты қауымдастық түрінде болған өсімдік әлемі жойылып кетті, олардың орнына галофиттер келді. Балықтың аулануы күрт төмендеді, әсіресе ең құнды түрі – сазанның, ақтабан балықтың саны азайды, ондатр кәсіпшілігі өзінің кәсіптік маңызын жоғалтты. Атыраудың кеуіп кетуі тоғайлы қауымдастыққа жайылымдық жүктемелердің артуына және қол жетімділігіне және же құлдырауға беталысының артуына ықпалын тигізді.
Іле өзенінің атырауы қуаңшылық жылдары жинаған суының жартысын көлге бере отырып, табиғи реттеуші рөл атқарады.
Көлдің шығыс бөлігіне Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендері косылып кіреді, сонымен қатар көл грунт суларымен қоректенеді. Өзінің бастамасын Жоңғар Алатау баурайынан алатын Қаратал өзені маңыздылығы бойынша Балқаш көлінің екінші тармағы болып табылады. 1950 жылдарға дейін көлдің шығыс бөлігін қоректендіріп келген Аягөз өзенінің сулары қазіргі кезде оған жетпейді. Көлдің батыс және шығыс бөліктерінде тармақтардың жылдық айырмашылығы 1,15 км³ құрайды.
Көлдің ауданы мен көлемі су деңгейінің ұзақ мерзімдік ауытқулары мен қысқа мерзімдік флуктуацияларына байланысты қатты өзгереді.
Ұзақ мерзімді ауытқулардың амплитудасы 12—14 м, ең аз мәні V бастап X ғасырға дейін келді, ал судың ең үлкен деңгейі XIII ғасырдан бастап XVII ғасырға дейін байқалды. XX ғасырдың басында және 1958 жылдан бастап1969 жылға дейін көлдің ауданы 18—19 мың км² дейін ұлғайды, ал қуаңшылық кезінде, мысалы XIX ғасырдың аяғында немесе 1930-шы және 1940-шы жылдар көл 15,5—16,3 мың км² дейін қысқарды.
Көлдегі су деңгейінің ауытқу амплитудасы шамамен 3 метрды құрады. 1946 жылы көл бетінің ауданы 15 730 км², ал көлемі — 82,7 км³ құрады.
2000 жылдардың басында көл оған келіп түсетін өзендерді шаруашылық мақсатта бұруына байланысты қысқару деңгейңнде тұр.
Сонымен Іле өзенінде 1970 жылы Қапшпғай ГЭС бөгеті тұрғызылды, Қапшағай суқоймасын түзетін.
5 сурет. Іле өзенінің сағасының гидрологиялық жүйесі
Осы суқойманы толтыру кезінде Балқаштың су балансы бұзылды, бұл су сапасының нашарлауын туғызды, әсіресе көлдің шығыс бөлігінде. 1970 жылдан бастап1987 жылдарға дейін судың деңгейі 2,2 м, ал көлемі 30 км³ дейін төмендеді.
Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей егерде қоректенудің табиғи режимі сақталса, онда 1975 жылдан бастап 1986 жылға дейін көлдің қысқару фазасы болар еді, яғни антропогендік және табиғи факторлар көлдің экожүйесіне бір бағытта әсер етер еді.
Батыс бөлігіндегі тұздану мәселесін көлді бөгетпен бөлуге негізделген шешу жолдары ұсынылды, алайда мұндай жоспарларды іске асыру елдегі экономикалық жағдайға және шараның ғылыми түрде дәлелденбеуінен мүмкін болмады.
Көлдегі су деңгейінің минимумы (теңіз деңгейінен 340,65м) 1987 жылы Қапшағай суқоймасын толтыруды аяқтағаннан кейін белгіленді, ал 2005 жылдың қаңтарында деңгейдің 342,5 метрге дейін көтерілуі байқалды, оны кейбір мамандар соңғы жылдары жауын шашынның көп мөлшерде түскенімен байланыстырды.
Осының бәрі Балқаш көлінің экологиясына көп алаңдаушылық туғызады, әсіресе Аралға ұқсас апаттың қайталану мүмкіндігіне байланысты.
Қазіргі кезде Іле-Балқаш бассейнінің шешуші әрекетті талап ететін мәселелері айқын.
Жағдайдың нашарлауын күтпей ақ бірқатар шұғыл мәселелерді шешуге байланысты, кейбір жобаларды дайындап жүзеге асыруды бастау ұсынылады:
-
Кербұлақ суторабының құрылымдарының мүмкіншілігін зерттеу;
-
Іле өзенінің атырауын жайластыру;
-
Тұрақты жер пайдалану және асқынған шөлдену жағдайында биоәртүрлілікті сақтап қалу моделін өңдеу және іске асыру;
-
ауыл шаруашылығында суды үнемдейтін технологияларды өңдеу және өндіру және ауылдық елді мекендерді сумен қамтамсыз ету;
-
«Қазмыс» ЖАО ластауын қысқарту; ООПТ желісін және экологиялық туризмды дамыту;
-
көлік инфрақұрылымын дамыту; қалпына келетін энергия көзін тарту;
-
ағынның түзілу аймағында геожүйенің гляцио-гидрофизикалық мониторингін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |