Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет29/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1.Тура толықтауыштың жасалу жолдары: зат есімді, сын есімді, сан есімді, есімдікті, етістікті, үстеулі, модаль сөзді тура толықтауыштардың мағыналық ерекшеліктері туралы баяндаңыз.
2.Барыс және жатыс септік жалғаулы жанама толықтауыштардың мағыналық ерекшелігі мен шығыс және көмектес септік жалғаулы жанама толықтауыштардың мағыналық ерекшелігі.
қандай?
3.Тура толықтауыштың жалғаулы және жалғаусыз түрде жұмсалу ерекшелігі мен ол туралы қазақ, түркі тіл біліміндегі көзқарастар қандай?


18-дәрістің тақырыбы: Пысықтауыш, анықтамасы, түрлері, ерекшелігі
Дәрістің мақсаты: Пысықтауыш және оның анықтамасы, түрлері, ерекшелігі, толықтауыштан айырмашылығы, оның жасалу жолдары мен пысықтауыш болатын сөз таптарының тұлғалық, мағыналық ерекшелігі туралы түсіндіру
Қарастырылатын мәселелер:
1.Пысықтауыштың мағыналық топтары. Мезгіл және мекен пысықтауыштар, олардың жасалу жолдары мен тұлғалық, мағыналық ерекшелігі.
2.Себеп және мақсат пысықтауыштар, олардың жасалу жолдары мен тұлғалық, мағыналық ерекшелігі.
3.Амал және мөлшер пысықтауыштар, олардың жасалу жолдары мен тұлғалық, мағыналық ерекшелігі.
Тұрлаусыз мүшенің бірі болып табылатын пысықтауыш сөйлемде, негізінен, етістіктен болған мүшеге қатысты болып, сол мүшені мекен, мезгіл, мақсаты, орындалу амалы жағынан нақтылап, анықтап тұрады. Нақтырақ айтқанда, "анықтауыш зат есімнен болған мүшені, пысықтауыш етістіктен болған мүшені айқындайды". ...сондықтан кеңірек жайға орналасу керек.
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер - үстеулер, үстеу мәндес есімдер, сапалық есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес) зат есімдер, етістіктің есімше, көсемше, шартты райлы түрлері. Сондай-ақ, еліктеуіш сөздер мен көмекші сөзді тіркестер де пысықтауыш қызметіңде қолданыла алады.
Пысықтауыштар құрамына қарай дара, күрделі болып келеді. Дара пысықтауыштар бір ғана сөзден болса, күрделі пысықтауыштар екі немесе одан да көп сөз формаларынан жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет