Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет31/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1. Сөйлемнің үйірлі мүшелері және олардың ерекшелігі туралы айтыңыз.
2. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш сөздер, олардың тыныс белгілерінің қойылу ерекшелігі қандай?
20-дәрістің тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш сөздер. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі және оның қызметі.
Дәрістің мақсаты: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш сөздер және сөйлем мүшелерінің орын тәртібі және оның қызметі туралы түсіндіру.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Сөйлемнің үйірлі мүшелері
2. Жалпылауыш сөздер, олардың тыныс белгілерінің қойылу ерекшелігі.
3. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі және оның қызметі
Сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, көбінесе өзара тұлғалас сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер болады. Бірыңғай мүшелер өзара салаласа байланысады да, сол тобымен сөйлемдегі басқа мүшелерден дауысталу жағынан оқшауланып, бәрі жиналып бөлек бір топ құрап тұрады.
Бірыңғай мүшелер бір сөз табынан жасалады және бір ғана синтаксистік қызметтегі әр түрлі сөз топтарынан да жасалып, олардың бәріне бірдей сұрақ қойылады. Бұлардың тұлғалары да көбінесе бір формада болып келеді. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері санамалы интонациямен бөлініп-бөлініп айтылады. Олар біріне-бірі бағынбай, өзара салаласа байланысып, барлығы бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болады. Бірыңғай мүшелер бір сөзден құралған жалаң, не сөз тіркесінен құралған жайылма болады.
Тұрлаулы мүшелер бірыңғай болғанда, сөйлемнің құрамы жайыла түседі, бірақ күрделі болмайды. Күрделі сөйлемдер әр бастауыштың өз баяндауышы болу негізінде жеке сөйлемдер тіркесі болса, бірыңғай тұрлаулы мүшелер бар сөйлемде бірнеше бірыңғай бастауыштың бір баяндаушы болады. Сол ынғайда олардың бірыңғай болуының өз ерекшеліктері болады.
Бастауыш бірыңғай болғанда, олар бір баяндауышты өздеріне ортақтасқан түрде бағындырады.
Сөйлемде бірыңғай бастауыштарға ой екпінін түсіріп, бәрінің синтаксистік қызметі бірдей екенін аңғарту үшін, оларда жинақтауыш тұлға мен жинақтауыш сөздер қолданылады. Екі бірнеше тұрлаусыз мүшелер басқа тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің біріне бағынып, бір сұраққа жауап беріп тізбектеледі:
Сөйлем мүшелерін дұрыс орналастыру - сөйлем құрылысын жіптіктей етіп айтудың бір амалы. Өз орнында тұрмаған сөз оқушыға оғаш көрініп тұрады немесе сөйлем мағынасы өзгеріліп кетеді. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалай болуы жазушының, сөйлеушінің ықтиярындағы нәрсе емес. Ол жайында әрбір тілдің өзіне тән ішкі заңы, ережелері болады. Сөйлем құрағанда, соларды ескеріп, әр сөзді орнына қойып айтуда үлкен мән бар. Сөйлем мағынасын осылай түрлендіріп, ондағы жеке мүшеге ерекше стильдік қызмет арту үшін, оны басқа сөзбен орын ауыс-тырып айтуды инверсия дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет