Бақылау сұрақтары:
1.Болымды және болымсыз сөйлемдер дегеніміз қандай сөйлемдер?
2.Болымсыз сөйлемдердің жасалу жолдары мен мағыналық ерекшелігі қандай?
28-дәрістің тақырыбы: Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер және олардың құрылымдық ерекшелігі мен зерттелуі. Айқындауыштық қосалқы сөйлемдер
Дәрістің мақсаты: Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер және олардың құрылымдық ерекшелігі мен зерттелуі және айқындауыштық қосалқы сөйлемдер, олардың ерекшеліктері туралы түсіндіру
Қарастырылатын мәселелер:
1. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер және олардың құрылымдық ерекшелігі мен зерттелуі.
2.Айқындауыштық қосалқы сөйлемдер.
Күрделенген сөйлем – жай және құрмалас сөйлемдердің аралығындағы категория. Солай бола тұрса да, жай сөйлемнің ең жоғарғы түрі ретінде қарастырылады. Күрделенген сөйлемдер екі түрде қарастырылады:1.Айқындауыштық қосалқы сөйлемдер. Оған оңашаланған айқындауышты, қыстырма, қыстырынды және бірыңғай мүшелі сөйлемдер жатады. 2.Cинтаксистік оралымдар. Олар – қабыспалы және жанаспалы оралымдар;
Оңашаланған айқындауыш өз атына сай айқындалатын сөзбен тығыз байланысты болып келеді. Айқындауыштар кейде толық сөйлем ретінде оңашаланып келеді. Тіліміздегі айқындауыштар құрылысына қарай жеке сөздер, сөз тіркестері, кейде жеке сөйлемдер түрінде де кездеседі. Қыстырма сөйлемдер де - тәуелді бөлшек, негізгі сөйлемнің ыңғайына қарай айтылып, айтушы адамның түрліше көзқарасын, ықылас-тілегін білдіріп тұрады. Сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің бірыңғай күрделенуін байқатады. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер бір грамматикалық бастауыштың негізінде құралады. Осындай түсініктер революцияға дейінгі еңбектерде, әсіресе, 1869 жылы Қазан қаласынан шыққан Алтай тілдерінің грамматикасында орын алып айтылған. Проф. М.Балақаев бірыңғай мүшелі сөйлемдерді күрделенген сөйлемдер деп атады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер және олардың құрылымдық ерекшелігі мен зерттелуі туралы не білесіз?
2.Айқындауыштық қосалқы сөйлемдер дегеніміз қандай сөйлемдер?
Достарыңызбен бөлісу: |