Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі



бет21/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Мектептегі дене тəрбиесі, онда жоғарыда айтып кеткендей, жалпы педагогикалық жүйенің басты бөлшектерінің бірі. Бұл жүйе тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстармен шектелетідігін айқын, мысалы, дене тəрбиесі сабақтарында, лекциялық жұмыстарда.
Оқушылар дене тəрбиесі мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалар мен жүргізілетін əртүрлі жұмыстарды қамту деп білеміз. Мектептегі дене тəрбиесін ұйымдастырудың негізгі қағидалары «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене тəрбиесі туралы ережеде» баяндалған.
Дене тəрбиесі теориясы мен əдістемесінің жалпы негіздері, ғылыми жəне оқу пəні ретінде
Нақты ғылыми жəне оқу пəні есебінде білімнің қай бір саласы болмасын, егер жеке , өзіне ғана тəн пəн мəніне ие болса ғана жеке дара пəн ретінде аталуға құқы бар. Зерттеу пəні деп бір немесе басқа да ғылыми пəндерге тəн ізденістің объектісін немесе субъектісін атайды. Зерттеу нəтижесінде жинақталған
мəліметтер белгілі бір жүйеге қалыптасып арнайы оқу пəнін құрайды. Дене тəрбиесі туралы ғылымда ізденіс объектісі мынандай педагогикалық факторлар болуы: - дене шынықтырудағы жаттығулар жүйесі, оқыту əдісі т.б. Ал ізденістің субъектісі деп дене жаттығуларын орындау кезінде адамның реакциясын немесе іс – қимылын зерттеуді айтады. Сөйтіп кез –келген педагогикалық ізденіске зерттеу объектісі субъектіден бөлек өмір сүруі мүмкін емес жəне субъектісіз объектіде өмір сүрмейді.
Əлеуметтік құбылыс есебінде дене тəрбиесінің теориясын зерттеу пəні болып табылады. Жалпы заңдылықтар деп халықтың кез- келген бөлігіне дене тəрбиесінің тең дəрежеде қатыстылығын айтады /балалар мен ересектердің, дене шынықтыру жаттығулары мен енді ғана айналасушылар мен жоғары дəрежелі спортшыларды/. Дене тəрбиесінің əдістемелік зерттеу пəні деп дене тəрбиесінің жекелеген заңдылықтарын тұрақтандыру жəне педагогикалық процесте нақты бағыты бар жалпы заңдылықтарды жүзеге асыруды айтады.
Жеке спорттық – педагогикалық пəндерден əдістемесін
/гимнастиканың оқыту əдістемесі, күресу оқыту əдістемесі т.б./ жеке ғылыми пəндерді құрайды. Дене тəрбиесінің теориясы дене тəрбиесінің негізгі атқаратын қызметін бейнелейтін, қазіргі кезеңдегі ғылыми қағидаларының динамикалық жүйесін қарастырады. Сондықтан да ол дене тəрбиесі туралы ең жоғарғы түрі есебінде қарастырылады. Дене тəрбиесінің теориясы дене тəрбиесі процесін тұтастай жетілдіру перспективасын жасайды, дене тəрбиесінің жекелеген заңдылықтарын жинақтайды жəне оларды дене тəрбиесінің барлық əдістерінің игілігіне айналдырады.
Оқу пəнінің мазмұны мен құрылымы екі себеппен біртіндеп өзгеріске ұшырайды: жаңа ғылыми деректердің пайда болуы жəне жоғары оқу орнын бітірушілердің негізгі кəсіптік қызметіне байланысты мамандану. Бұл орайда нақтылы екі бағытты атағынымыз жөн: 1/ пəннің əлеуметтік мəселелерінің кеңеюі жəне дене тəрбиесі теориясының дене шынықтыру теориясын айналуы; 2/ пəннің педагогикалық аспектісінің
кеңеюі жəне дене тəрбиесінің теориясы мен əдісінің дене шынықтыру педагогикасына айналуы.
Дене мəдениетінің қоғамдағы міндеттері мен формалары
Əрбір оқиғаның арнайы қызметтері – бұл онымен тіршілік жасаудың негізгі тəсілі, қоғаммен немесе жек тұлғамен əрекетін нақты түрінде қажеттілігін қанағаттандыруға қабілеттілігі. Дене мəдениетінің қызметтерін түсінбей, оның жеке тұлғаның жəне қоғамның дамуына ролімен маңызын нақты анықтауға мүмкіндік жоқ.
Дене мəдениетінің арнаулы қызметтері оның қасиеттерімен анықталады. Олар адамның қозғалтқыш белсенділін табиғи қажеттілігін қанағаттандыруға, осыған сүйене отырып ағзаның дене күйін жəне дамуын жақсартуға, сонымен қатар өмірдегі қажетті дене қабілеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет