Дене мəдениеті жүйесінің үш бағыты бар:
Жалпы дене дайындығы.
Кəсіптік қолданбалы дайындық
Спорттық дайындық
Жалпы дене дайындығы бағыты денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігіне дағдылануға, осылардың негізінде арнаулы спорттық дайындыққа ауысуға бағытталған. Жалпы дене дайындығына əр түрлі дене тəрбиесі амалдары, жаттығулары, табиғаттың табиғи күші жəне санитарлық-гигиеналық факторлары жатады.
Кəсіптік қолданбалы дене тəрбиесі дайындығы дегеніміз – еңбек пен əскери іс–əрекеттерге тікелей бағытталған дене тəрбиесінің арнайы мамаңдану үрдісі. Кəсіптік дене тəрбиесі дайындығы тəсілдерін қолдану еңбекте қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді, еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қоршаған қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.
Адамның өзі қалаған спорт түрінен биік жетістіктерге жету жолындағы жаттығуларын, ізденістері мен талпыныстарын спорт дайындығы дейміз.
Дене мəдениетінің жүйесінің қағидалары
Қандай бір мақсаттарды шешпесін, əрбір дене шынықтыру мұғалімі дене тəрбиесі жүйесінің қағидаларын басшылыққа алуы міндетті. Қағидалардың əрқайсысының толықтай орындалуы оқытушының қызметіне байланысты. Қағидалар əр
сабақ сайын бір мезгілде, жас ерекшеліктеріне қарамастан, дене тəрбиесі жүйесіне сүйене отырып жүзеге асырылуы тиісті.
Сауықтыру бағыттағы қағидалар дене тəрбиесі сабағын ұйымдастырып өткізу кезінде мұғалім дамытушылық, сауықтырушылық қызметті басшылыққа алу деп білеміз
Жеке тұлғаның жан – жақты дамуы қағидасы қоғамдағы адамды тəрбиелі жүйесінің мақсатын айқындайды. Дене тəрбиесінде бұл қағидалар екі негізгі талаптын орындалуын қарастырады: 1. Дене тəрбиесініңміндеттерін шешу ақыл – ой, еңбекке адамгершілік жəне эстетикалық тəрбиесімен тығыз байланыста жүргізілуі керек. 2. Дене тəрбиесі бойныша жүргізілетін жұмыстарды жоспарлағанда дене қабілеттілігінің келісімді, үйлесімді дамуы қамтамасыз ететіндей етіп жоспарлау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |