ОЭ 4
Дəріс № 4
Тақырып: Жалпы білім беретін мектептердегі дене тəрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау жəне есепке алу
Мақсаты: Жалпы білім беретін мектептердегі дене тəрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау жəне есепке алу ерекшеліктерін анықтау
Жоспар:
Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру
Дене тəрбиесі жəне спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары
Мектептің дене мəдениеті ұжымы
Дене тəрбиесі сабағының жоспарлары
Мектептегі дене тəрбиесі жұмыстарын бақылау жəне есепке алу
Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру
Барлық міндеттердің орындаудың негізгі амалы - дене тəрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тəрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тəрбиесі – сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика, ұзақ үзілістегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулар, сергектік, сəттер) жəне сабақтан тыс уақыттарындағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.
Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тəрбиесі мен спорт жұмыстары жоспары жəне дене тəрбиесі сабақтарының жоспары деп екіге бөлінеді.
Дене тəрбиесі жəне спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары
Оны дене тəрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады.Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді: 1) ұйымдастыру жұмыстары; 2) оқу жұмыстары; 3) күн тəртібіндегі дене тəрбиесі сауықтыру шаралары; 4) сабақтан тыс уақыттардағы спорттық көпшілік жұмыстары; 5) үгіт-насихат жұмыстары; 6) дəрігерлік бақылау жəне тазалық тексерулер; 7) шаруашылық жұмыстары
Жылдық жоспар-графикті құрастырудың бірізділігі келесі. Бұл жоспар-график əрбір сыныптардың параллеліне арналып құрастырлады.
Біріншіден, сағаттын кестесі құрастырлады /кесте 11/. Тəжиребеде кестеде корсетілген жылдық жоспар-график қалыптасты /кесте /.
1 графа – материалдың түрлері; 2 графа – сағаттардың саны;
3 блок – төқсандарға бөлінген сағаттардың саны; 4 блок – сабақтардың нөмірлері /оқу сағаттары/. Бұл жоспар-графикте 102 сағаттан негізгі бөліміне 64 сағат, өзгермелі бөліміне – 38 сағат берілді. Өзгермелі бөлімінде ұлттық ойындарға – 8 сағат; жалпы дене дайындығына – 10 сағат; спорттық ойындарға – 10 сағат; шанғы дайындығына – 10 сағат берілген.
Казіргі бағдарламада білімнің негіздеріне 4 сағат беріледі, яғни əрбір тоқсанға 1 сағаттан. Бұл жоспар-графиктің ішінде
оқушылардың дене потенциалын төмендетпеу үшін бағдараламалық материал түрлерінің қандай бірізділігі қарастырылған.
1 Тоқсан – женіл атлетика, жалпы дене дайындығы, спорттық ойындар; 2 тоқсан – гимнастика, ұлттық ойындар; 3 тоқсан – спорттық ойындар; жалпы дайындығы; 4 тоқсан – спорттық ойындар, жалпы дене дайындығы, женіл атлетика.
Достарыңызбен бөлісу: |