Мектептің дене мəдениеті ұжымы Дене мəдениеті ұжымының мазмұны жəне оны ұйымдастыру
Дене мəдениеті ұжымының мүшелері - мектеп мұғалімдері мен оқушылар. Дене тəрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған кеңес басқарады.Ұжым кеңесінің төрағасы - мектеп директоры. Ұжымның барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін – дене тəрбиесі мұғалімі.
Дене мəдениеті ұжымы ең алдымен өзінің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Əрбір ай - сайын өткізілетін ұжым кеңесінің отырысында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың жауапкершіліктері қатаң бағалануы, жұмыстары дұрыс бағалануы керек. Дене тəрбиесі мұғалімі дене мəдениеті ұжымының барлық жұмыстарын жақсы білу, құжаттарын сауатты дұрыс жүргізуі қажет.
Дене мəдениеті ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың арасынан дене тəрбиесі мен спортқа қатысы бар,белсенді адамдар кеңес мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы - 7-10 адам. Кеңес мүшелері арасынан төраға, төраға орынбасары, хатшы сайланады. Дене мəдениеті кеңесі жанынан көпшілік дене тəрбиесі, спорт шаралары, дене тəрбиесі белсенділерін дайындау, насихаттау жəне шаруашылық жұмыстарының комиссиялары құрылады. Комиссия жұмысын басқару кеңес мүшелеріне жүктеледі.
Дене мəдениеті ұжымы кеңесінің құқығы
Дене мəдениеті ұжымы кеңесінің құқығы: мектеп оқушыларының балалар жəне жасөспірімдер спорт
мектептерінде алынуына ұсыныс қағаз береді; дене мəдениеті жəне спорт мекемелеріне, мектеп дирекциясына мектептің спорт белсенділерін, спортшыларын марапаттау туралы ұсыныстар береді; мектептің көпшілік жиындарында, спорт мекемелерінде спортшыларды, спорт торешілерін, спорт нұсқаушыларын, спорт жұмыстарына еңбегі сіңген адамдарды марапаттау, бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарын береді; дене мəдениеті ұжымының «Құрмет кітабына» дене мəдениеті жұыстарының озаттарын жазады.
Дене мəдениеті ұжымы мүшелерінің құқығы мен міндеттері
Дене мəдениеті ұжымы мүшелерінің құқығы: спорт түрлері секцияларында, жалпы дене қуаты дайындығы қатарында жаттығу,жарыстарға қатысу; дене мəдениеті ұжымы кеңесіне сайлану,комиссия жұмыстарына араласуы; мектепте туристік, спорттық құрылыстарын, құрал-жабдықтарын пайдалану.
Дене мəдениеті ұжымы мүшелерінің міндеттері: дене тəрбиесі мен,спортпен тұрақты шұғылдануды жəне мектептегі білім алуды қатар ұшыратыру; өзін мəдениет жəне спорттық этика талаптарына сай ұстау.
Достарыңызбен бөлісу: |