Ауыспалы егістер аумақтарын орналастыру ауыспалы егістер жүйелерін жобалау және ауыспалы егістерді орналастыру жұмыстарына бөлінеді.
Ауыспалы егістер жүйелерін жобалау келесі элементтерден тұрады:
ауыспалы егістер типтерін, түрлерін, санын және олардың алмасу схемаларын анықтау;
ауыспалы егістер массивтерін айқындау;
ауыспалы егістер массивтерін орналастыру және өндірістік бөлімшелерде бекіту.
Ауыспалы егістер аумақтары келесі элементтерге бөлінеді:
ауыспалы егістер танаптарын және жұмыс учаскелерін орналастыру;
егіс жолдары мен егіс қостарын орналастыру;
егістікті қорғайтын орман алқаптарын орналастыру;
су көздерін орналастыру.
Топырақ-климаттық және экономикалық жағдайларына қарай келесі ауыспалы егістер типтері жобаланады: танаптық, жемшөптік, арнаулы.
Мамандандыруға байланысты, дақылдардың үлесі мен құрамына, сонымен қатар кеңістікте орналасуына қарай келесі ауыспалы егістер түрлері бөлінеді: дәндепарлы, дәндіпарлыотамалы, дәндіотамалы және б.
Жемшөптік ауыспалы егістер түрлері: ферма маңындағы, лагер маңындағы және шабындықты-жайылымдық.
Ауыспалы егістер танаптары былай жобаланады:
- танаптардың көлемі (жалпы шамасы 200-500 га) бір-біріне жақын болуы керек. Танаптың орташа көлемнен айырмашылығы + немесе - 5% шамасынан аспауы керек;
- ауыл шаруашылығында қолданылатын машиналардың тиімділігін арттыру үшін танапт ардың пішіні тік төртбұрыш тәрізді болуы керек. Танаптың ұзындығы еніне 1:1-ден 4:1-ге дейін өзгере алады. Бұрыштары 900 С-ден + немесе -20-300 болуы мүмкін. Ал эрозия байқалатын жерлерде танаптың ұзын жағы аймақта ылғи болатын жерлерге көлденең болып орнатылады.
Ауыспалы егістер танаптары агротехникалық қасиеттері біртекті немесе бірыңғай топырақтарда орналастырылады, сонда бүкіл танапта шамамен бірдей технологияны қолдануға болады.
Танаптарды жобалауда жер бедері де ескеріледі.
Жолдарды жобалауда келесі талаптар қойылады:
түрлі жолдардың (магистральды, негізгі, көмекші жолдар) орналасуы бір-бірімен байланысты болу керек;
бүкіл танаптарға және іс немесе жұмыс алаңдарына жол өткізілуі керек;
жолдар танаптардың шекараларында орналасады, ал топырақ қорғаушы ағаш жолақтары болса жел үретін тарапындан орналасады. Әр су каналдары, т.б. үшін де жол өткізілуі керек;
негізгі жолдардың ені – 5-6 м, көмекші жолдардың ені – 3-4 м болады.
Ауыспалы егістер массивтері шаруашылық орталығынан қашықта орналасқан жағдайда танаптық қостар жобаланады, олар екі түрде болуы мүмкін: тұрақты және уақытша.
Ауыспалы егістер аумағын орналастыруда танаптарды сумен қамтамасыз ету жайдайлары да қарастырылады.
Егістік аумағын орналастырудың ең маңызды элементі танапты қорғайтын орман жолақтары немесе топырақ қорғаушы ағаш егістері, олар алқаптар тәрізінде егіледі. Олардың екі түрі бар: негізгі немесе жел қорушы алқаптар және көмекші алқаптар.
Негізгі алқаптар аймақтық желдерге көлденең болып орналастырылады, 900 ден 20-300 айырмашылық бола алады.
Негізгі алқаптардың арасындағы қашықтық қара қоңыр топырақтарда 250-300 м, қою қара қоңыр топырақтарда 300-400 м, оңтүстік қара топырақтарда - 400-500 м, кәдімгі қара топырақтарда 450-500 м болады.
Көмекші алқаптар арасындағы қашықтық – 1500-2000 м, ағаш алқаптарының кеңдігі – 9-15 м болады.
Достарыңызбен бөлісу: |