Т. М. Блисов Жерге орналастыру



бет9/16
Дата28.03.2024
өлшемі235.5 Kb.
#496827
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
m u po zemleust dly sroppot201415gg

Бақылау сұрақтары:
1 Шаруашылық аралық жерге орналастыру ұғымы.
2 Шаруашылық аралық жерге орналастырудың мазмұны мен міндеттері қандай?
3 Шаруашылық аралық жерге орналастыру түршелерін атаңыз.
4 Қандай факторлар шаруашылық аралық жерге орналастыруға себепші болады?
5 Шаруашылық аралық жерге орналастыру схемасының мазмұны қандай?
6 Шаруашылық аралық жерге орналастырудағы дайындық жұмыстар түрлері.
7 Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын жасау.
8 Жобаны заңды рәсімдеу және жобаны жергілікті жерге апарып салу.
9 Жерге жеке меншік құқығы мен пайдалану құқығын рәсімдеу және құжаттарды беру.
10 Жобаны жүзеге асыру.


Әдебиет:
3, с. 30-42; 6, с. 181-192; 7, с.230-253; 7,б. 45-52.


4 Тақырып Шаруашылық ішкі жерге орналастыру жобасы, оны құрау және жүзеге асыру тәртібі


Мақсаты: Шаруашылық ішкі жерге орналастыру жобасын жасау ретімен, оның құрама бөліктері және жобалау барысында ұсынылатын талаптармен танысу.
Жоспар:
4. 1 Шаруашылық ішкі жерге орналастыру ұғымы, мазмұны және міндеттері
4. 2 Дайындық жұмыстар және жобалауға тапсырманы дайындау
4. 3 Жобаны құрау немесе жасау
4. 4 Жобаны жүзеге асыру жоспары


4.1 Кез-келген кәсіпорын, ұйым, мекеменің өзінің ішкі ұйымдастыру құрылысы немесе құрылымы болады және оған оның даму жетістігі байланысты. Осындай жағдай ауыл шаруашылық кәсіпорындарына да тән нәрсе және мұндай кәсіпорындардың ішкі құрылымының ерекшеліктері бар. Олар басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардан өзгеше болады.
Мұндай жағдайға себепші:
1. Бұл шаруашылықтардың жер аумағы кеңістік базисі және өндірістің негізгі құралы рөлін атқаруы.
2. Бұл шаруашылықтардың жер аумағына ауыл шаруашылық алқаптары да, сонымен қатар ауыл шаруашылық мақсатына емес алқаптар да кіреді (орман жолақтары, жолдар, ғимараттар, су астындағы жерлер және с.с.), бұлардың әрқайсысының өзінді нысаналы мақсаты бар және пайдалану объектісі болып саналады.
3. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жер аумағының ішкі құрылымы объектерді, сонымен қатар барлық алқаптарды орналастыру үшін жермен үзілмес байланысы бар.
4. Шаруашылық ішкі жерге орналастыру объектісі болып ауыл шаруашылық өнімдерімен айналысатын тек ауыл шаруашылық кәсіпорындары саналады.
Сондықтан шаруашылық ішкі жерге орналастыру немесе аумақты шаруашылық ішкі орналастыру жерді өндірістің негізгі құралы ретінде ішкі орналастыруда және өндіріс құралдарын дұрыс үйлестіруде объективті қажеттілік болып саналады. Сонымен қатар жерді ұтымды пайдалану мен қорғау үшін ұйымдастыру-аумақтық жағдайларын жасауда оның маңызы бар.
Шаруашылық ішкі жерге орналастыруда ең негізгі өндірістік міндет осы аумақта үш негізгі буындарын: өндірісті ұйымдастыру, аумақты ұйымдастыру және халықтың еңбек ресурстарын ұйымдастыруды өзара үйлесті ету.
Сонымен, шаруашылық ішкі жерге орналастырудың негізгі мақсаты болып ауыл шаруашылық өндірісінің максималды экономикалық тиімділігін, оның әлеуметтік және табиғатты қорғау бағытын қамтамасыз ететін жерді және онымен байланысты өндіріс құралдарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру саналады.
Осыған орай келесі міндеттер шешіледі.
1. Әрбір жер учаскесінің оның қасиеттеріне: орны, құнарлылығы, өсімдіктер, ылғалдану жағдайы, мөлшері және конфигурациясы және т.б. сәйкесті жерді және алқап контурын пайдалану нысанасын, сипатын және пайдалану режимін анықтау.
2. Мелиоративтік, мәденитехникалық немесе агротехникалық негізде жер учаскелерінің өнімділік қасиеттерін және табиғи жағдайларын жақсарту шараларын анықтау.
3. Өндірістің негізгі элементтері мен жағдайларының ұтымды және теңестірілген арақатынасын қамтамасыз ету: аумақты ұйымдастыруда; ұйымдастыру-өндірістік құрылымында; салаларды орналастыруда, қайта орналастыруда; өндірістік және шаруашылық орталықтарында.
4. Қазіргі технологияларды, техниканы өнімді пайлануды, егіншіліктің мәдениеттігін, еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыруды және ауыл шаруашылық өндірісін басқаруда ұйымдастыру-аумақтық жағдайларды қамтамасыз ету.
5. Қоршаған табиғи ортада экологиялық тепе-теңдікті және ауыл шаруашылық өндірісінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін табиғатты қорғау және топырақты қорғау шаралар жүйесін дайындау.
6. Шаруашылық ішкі жер қатынастарын, шаруашылық ішкі жоспарлау және басқару, салық салу және жер учаскелерінің орнына мен сапасына байланысты басқа да міндеттерді шешуге қажетті жер-бағалау нормативтерін дайындау.
Осыған байланысты шаруашылық ішкі жерге орналастыруға былай анықтама беруге болады: бұл әлеуметтік-экономикалық процесс және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін өндірісті аумақтық ұйымдастыру, жер пайдалану мен қорғауды жақсарту шараларының кешені.
Шаруашылық ішкі жерге орналастыруда үш негізгі бағыт дайындалады:
а) ауыл шаруашылық өндірісінің мақсаттары, міндеттері және құрылымына байланысты аумақты ұйымдастыру;
б) жерлердің жай-күйін жақсарту және қорғау шаралары;
в) жерлерді өңдеу және ауыл шаруашылық жүктерін тасымалдау шығындарын азайтуға мен өндіріс көлемін арттыру шаралары.
Шаруашылық ішкі жерге орналастыру негізінде жерлерді ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ғылыми негізделген жоба – құжаттар (есептер, түсініктемелер, сызбалар) жиынтығы жатады.
Шаруашылық ішкі жерге орналастыру жобасын жасау келесі сатылардан тұрады:
1) жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;
2) дайындық немесе әзірлік жұмыстары;
3) жобалауға тапсырманы дайындау;
4) жобаны жасау немесе құрау;
5) жобаны қарау, келістіру және бекіту, тапсырушыға құжаттарды беру.
Шаруашылық ішкі жерге орналастыру жобасы бойынша жұмыстық жобалар жасалады:

  • мәдениеттендіру және егістікті пайдалануды жақсарту;

  • мал азығы алқаптарын түбірлі және беткі қабатты жақсарту;

  • сортаңдарды мелиорациялау және игеру;

  • бақшалар, жидек өсетін жерлер, жүзімдіктер және басқа да интенсивтілігі жоғары плантацияларды егу және қайта жасау;

  • шаруашылық аралық жолдарды және басқа да инженерлік коммуникацияларды құру;

  • эрозияға қарсы, табиғатты қорғау, агроорманмелиоративтік және гидротехникалық шаралар;

  • жерлерді қалпына келтіру;

  • суару тораптарын орналастыру және қайта құру, жайылымдарды суландыру.



4. 2 Шаруашылық ішкі жерге орналастыру жобасын жасау үшін дайындық жұмыстары жүргізіледі, олардың құрамына жобалау-іздестіру және басқа да шаруашылық жерге орналастыру жұмысына қажетті материалдарды жинау, талдау, сонымен қатар арнаулы жерге орналастырулық іздестіруді жүргізу кіреді.
Дайындық жұмыстар камералдық және далалық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет