Далалық дайындық жұмыстар
Шаруашылық ішкі жерге орналастыруда аумақты далалық зерттеулер жерлердің нақтылы жай-күйі және шаруашылықтық пайдалануы жайында мәліметтерді алу үшін жүргізіледі.
Далалық (жерге орналастырулық) іздестірулердің міндеттері:
шаруашылықтың өндірістік іс-әрекеттері жайында жиналған материалдарды қажетті мәліметтермен толықтыру;
жүйеленген іздестіру және зерттеу материалдарын жергілікті жерде айқындау (в натуре);
қажетті материалдар болмағанда, немесе жетіспегенде қосымша зерттеулер жүргізу;
камералдық дайындық барысында белгіленген жобалау дайындықтарын жергілікті жерде тексеру және айқындау;
аумақта қалыптастырылған ұйымдастыруды, оны пайдалануды, жер алқаптарының жай-күйін жергілікті жерде айқындау.
Жобалауға тапсырманы дайындау
Тапсырманы жасау барысында әкімшілік ауданының схемалық материалдары, шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары және шаруашылық аумағындағы жұмыс жобалары пайдаланылады. Тапсырмада осы кәсіпорынға қарасты аймақтық жер пайдалану мен қорғау бағдарламаларының көрсеткіштері табылады.
Тапсырма өндірістің даму, аумақты ұйымдастыру және жерді қорғау мәселелерін анықтайтын негізгі және бағдарламалық сұрақтарды анықтайды. Сонымен қатар тапсырмада келе көрсеткіштер болады:
1) жобалау негізі, жобалау мерзімдері, жобалаудың өту, жұмыстарды ұйымдастыру және төлем жағдайлары;
2) жобаны толық игеру мен жартылай игерудің есептелген мерзімі;
3) шаруашылықтың мамандандыру және өндірістік бағыты, өндірістің сипаты және шаруашылық аралық байланыстары;
4) жалпы және тоуарлы өндірістің көлемдері, сонымен қатар негізгі салалар бойынша - өсімдік және мал шаруашылығы;
5) кәсіпорынның ұйымдастыру-өндірістік құрылымы, түрлері, саны және өнідірістік бөлімшелерінің мамандандыруы;
6) мал шаруашылық фермаларының саны, мөлшері және жобамен орналастырылуы, сонымен қатар басқа да шаруашылық орталықтарының;
7) жер учаскелерінің иелері (үлестері) мен жалға алғандардың өзара қарым-қатынастары;
8) егістік алқаптарының құрылымы және ауыл шаруашылық дақылдарының жобалау деңгейі;
9) мал басы және өнімділігі;
10) жерлерді игерудің инвестициялық деңгей шегі, мелиоративтік және жол құрылыстары;
11) жаңа игерілетін және түбегейлі жақсартылатын жерлердің шамамен алынған көлемі;
12) табиғатты қорғаудың негізгі шаралары;
13) жобаға деген басқа да ұсыныстар мен тілектер.
Тапсырманы жобалаушылар шаруашылықтың мамандарымен берге дайындайды және белгіленген ретпен бекітіледі.
4. 3 Жобаны жасау немесе құрау – шаруашылық ішкі жерге орналастыру процесінің негізгі сатысы болып саналады. Жоба графикалық материалдар мен текстік бөлімнен тұрады.
Графикалық материалдар жобалау шешімдерін кеңістікте бейнелейді. Текстік бөлім экономикалық есептер мен жобалау шешімдерінің негіздері бар түсіндірме жазумен көрсетіледі.
Жинақтап қорытылған түрде жоба келесі құрамдас бөліктерден тұрады:
1) өндіріс бөлімшелері мен шаруашылық орталықтарын орналастыру;
2) шаруашылық аралық жолдар, су шаруашылық және басқа да инженерлік ғимараттардың орналасуы;
3) алқаптарды ұйымдастыру;
4) ауыспалы егістер аумақтарын орналастыру;
5) мал азығына арналған алқаптар аумағын орналастыру;
6) бақшалар, жеміс, жүзім аумақтарын орналастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |