в. Рәсімдеу және жерді жеке меншікке, пайдалануға құқығы бар құжатты беру. Жерге жеке меншік құқығы, тұрақты жер пайдалану құқығы, уақытша өтеулі жер пайдалау құқығы және уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығының құжаты болып Акт саналады ( формасы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен бекітілген – 2003 жыл, 22 тамыз, № 851.)
Акт тіркеуден кейін беріледі және актке жер ресурстарын басқару комитетінің төреағысы қол қояды және мөрмен біріктіреді.
Жер учаскесін жеке меншік құқығы немесе тұрақты жер пайдалану құқығығына берілгенде екі қосымша беріледі. №1 Қосымша жеке меншік құқығы немесе тұрақты жер пайдалану құқығы актісіне, ол Тізім болып саналады.
№2 Қосымша бұл ерекше пайдалану режимі бар жер учаскелерінің Тізбесі.
Тізбеге жер ресурстарын басқару комитетінің төреағасы және қорғау аймағын белгілеге мүдделі органның басшысы қолдарын, мөрмен біріктіледі.
г. Жобаны жүзеге асыру Белгіленген заң түрінде бекітілген жобаны жергілікті жерге апарып салады, содан кейін оны жүзеге асырады, оның мазмұны мен реті мыналардан тұрады:
1. Белгіленген мамандандыруға уақытымен өтуді, ұсынылған жерлерді нысаналы мақсатта дұрыс және толық пайдалануды қамтамаысыз ету.
2. Белгіленген мезгілдерде бекітілген мелиорациялық, аумақтарды инженерлік жабдықтау шараларын орындау.
3. Табиғатты қорғау, эрозияға қарсы және басқа да шараларды дер кезінде жүзеге асыру.
4. Сыртқы шекара мен межелік белгілердің жай-күйін тұрақты бақылау.
Дегенмен шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасының шаралары жобаны жергілікті жерге апарып салудан кейін көп жағдайда бірден орындалмайды. Мұндай жағдайларда жобаны жүзеге асыру жоспарын жасау керек, ол мыналардан тұрады:
1. Шараларды орындау немесе учаскелерді пайдалануға өту мезгілдері.
2. Жерлерді игеру, жақсарту, қорғау және сақтау көлемдері, олардың календарлық мезгілдері және ол жұмыстарды жүргізу кезектері.
3. Ауыл шаруашылық өндірісі шығындарын және жер пайдаланушылар мен жер иеленушілер шығындарын өтеу.
4. Бұзылған жерлерді қалпына келтіру.
5. Жерді беру жағдайларын орындау.
6. Қолданудағы жер пайдалану түрлерін қайта құру жұмыстарын жүргізу.
7. Рұқсат берілген жер учаскелерін пайдалануға жоспарлы өту.
Барлық жағдайларда ауыл шаруашылық өнімдері өндірісін ескере отырып жер пайдалануда үздіксіз принципін сақтау үшін қажетті жағдайлар жасау.