Т. М. Блисов Жерге орналастыру



бет3/16
Дата28.03.2024
өлшемі235.5 Kb.
#496827
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
m u po zemleust dly sroppot201415gg

Бақылау сұрақтары:
1 Жерге орналастыру дегеніміз не?
2 Жерге орналастырудың негізгі міндеттері қандай?
3. Жерге орналастырудың ауыл шаруашылығындағы маңызы қандай?
4 Жерге орналастырудың әлеуметтік-экономикалық мәні.
5 Жерге орналастырудың құқықтық мәні.
6 Жерге орналастырудың технологиялық мәні.
7 Жерге орналастырудың инженерлік негізін қандай пәндер құрайды?
8 Жерге орналастырудың әлеуметтік-экономикалық негізін қандай пәндер құрайды?
9 Жерге орналастырудың өндірістік (технологиялық) бағытын қандай пәндер анықтайды?
10 Жерді пайдалаудың құқықтық нормаларын қандай пәндер анықтайды?


Әдебиет:
1, с. 3-6, 107-108; 4, б. 94-98; 5, с. 3-5; 6, с. 38-42; 7, с. 3-7, 228-230; 8, б. 7-10.


2 Тақырып Жерге орналастыру мақсатында мәліметтер алудың инженерлі-геодезиялық тәсілдері


Мақсаты: «Геодезия» деген ұғымды анықтау, оның міндеттері. Карта, жоспар, қима деген ұғымдарды және олардың жіктелуін меңгеріп алу.
Жоспар:
2. 1 Геодезия туралы ұғым және оның міндеттері
2. 2 Жердің формасы мен мөлшерлері туралы ұғым
2. 3 Карта, жоспар, қима (профиль)


2. 1 Геодезия – жердің пішіні мен көлемін зерттеу, жоспарлар, карталар және қималарды құрастыру және басқада инженерлік міндеттерді жергілікті жерде атқару үшін жер бетінді өлшеу жұмыстарын жүргізумен айналысатын ғылым.
Геодезияның келесі тарауларын айырады.
Жоғарғы геодезия Жердің пішіні мен мөлшерін, сонымен қатар жердің беттік жазықтығындағы нүктелердің координаттарын анықтаудың және жазықтықта бейнелеудің жоғарғы дәлдіктегі әдістерін зерттейді.
Геодезия мен топография карталар, жоспарлар және қималарда бейнелеу үшін жер бетінің пішіні мен мөлшерлерін зерттейді.
Космостық геодезия Жер серіктері арқылы жер бетіндегі нүктелер арасының геометриялық ара қатынасын зерттейді.
Фототопография жергілікті жерді самолеттен (аэрофототүсіріс) немесе жердегі (фототеодолиттік түсіріс) түсірілген фотосуреттер арқылы карталар мен жоспарларды құрастыру әдістерін зерттейді.
Инженерлік геодезия іздестіру, әртүрлі ғимараттарды құру және пайдалану кезінде орындалатын геодезиялық жұмыстар кешендерін зертейді.
Картография әртүрлі карталарды жасау және пайдалану процестерін зерттейді.
Геодезия халық шаруашылығының барлық салаларында және елімізді қорғауда кеңінен пайданылады.
Геодезияның рөлі ауыл шаруашылығында әсіресе мемлекеттік кадастр жұмыстарын жүргізгенде байқалады (жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау, ауыл шаруашылық өндірісін орналастыру мен мамандандыруды жоспарлау, жерді мелиорациялау). Геодезиялық жұмыстар жер пайдалану мен жер иелену шекараларын анықтау, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының аумақтарын шаруашылық ішкі орналастыру, елді мекендер жерлерінің шекарасын айқындау, топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқада іздестіру жұмыстарында қолданылады.
Сондықтан геодезияның міндеттеріне келесі әдістерді зерттеу кіреді:
- геодезиялық өлшеулерді арнаулы аспаптар арқылы жүргізу;
- өлшеулер нәтижелерін есептеу арқылы өңдеу;
- карталар мен қималардың жоспарларын графикалық тұрғыдан құру және рәсімдеу немесе дайындау;
- өлшеулер мен құрастыру нәтижелерін әртүрлі міндеттерді шешу үшін пайдалану.


2.2 Сызбада Жер бетіндегі бір учаскені бейнелеу үшін Жердің формасын немесе пішінін және мөлшерін білу керек, ал олар Жердің жалпы бейнесі мен сол жергілікті жердің бедерімен сипатталады. Жердің жалпы бейнесін негізгі деңгейлік бет жасайды немесе құрайды.
Тіктеуіш сызықтарды тік бұрышпен кесіп өтетін немесе салмақ күші барлық жерде бірдей бетті деңгейлік бет деп атайды.
Теориялық жағынан осындай бет кез келген тапсырылған нүктенің жанында құруға болады, бірақ практикалық мақсатта негізі ретінде олардың жер және су беттерінің көбімен тура келетінін алады. Мұхиттар мен теңіз беті тынышты жағдайда бұл шарттарға лайықты. Осыған орай, тыныштықтағы су беті деңгейінің бағытындағы беттік жазықтық, яғни Жердің сыртқы түрін анықтауға маңызды орын алатын деңгейлік бет жазықтығы, атауын енгіземіз.
Әлемдік Мұхиттың тыныштық және тепе-теңдік жағдайда құрайтын деңгейлік бетінен құрылған және материктер астында жалғасқан Жер бейнесін геоид деп атайды және оны Жердің жалпы бейнесі ретінде қарастырылады.
Жердің пішіні мен мөлшері туралы түсінік ғасырлар бойы қалыптасып, ұзақ даму кезеңінен өтті. Түрлі қосалқы белгілерді бақылаудың нәтижесінде ежелгі грек ғалымдары «Жер шар тәріздес» деген пікір ұсынды. Кейінірек, орта ғасырлардың соңына қарай дүние жүзін айналу саяхаттарынан кейін ғана «Жер шар тәрізді» деген пікір түпкілікті дәләлденді. Ғасырдан ғасырға жалғасқан геодезиялық зерттеулер мен бақылаулар жердің өлшемдерін қайталап өлшеулер нәтижесінде қажетті дәлдіктерде анықтап беріп отырды. Жер полюстері жағынан сәл қысыңқы шар екенін Ньютон теориялық жағынан дәлелдеді, ал 18 ғасырда арнаулы градустік өлшеулер растады.
Бұл бағытта, ғылым және техникалық дамуына сәйкес, айтарлықтай нәтижелерге жеткен профессор Ф.Н. Красовский басшылығымен орындалған зерттеулерді атап айтуға болады. Мысалы, Ф.Н. Красовский зерттеулеріндегі эллипсоидтың: үлкен жарты ось – a = 6378245 м, кіші жарты ось – b =6356863м, жер эллипсоидының қысылуы: (a-b)/а = 1 : 298,3. Қорыта айтқанда, өте үлкен дәлдіктерді қажет етпейтін геодезиялық есептеулерде, жер эллипсоидының қысылуы өте аз мәнді шама болатындықтан, оны ескермей-ақ, жерді радиусы R =6371,11км бірлігінде болатын шар тәрізді дене деп алып, зерттеулер жүргізе беруге болады.


2. 3 Жер бетін кішірейтілген түрде глобус тәрізді шарда бейнелеуге болады, немесе Жерге ұқсас денеде, немесе карта және жоспар тәрізді сызбаларда. Глобустарды оқулық-көрсету мақсатында пайдаланады, себебі кішкентай глобуста жергілікті жер егжей-тегжейлі (жергілікті жерлердегі заттарды, жер бедерін және т.б.) бейнелеп көрсетуге болмайды. Ал үлкен глобустар рабайсыз келеді, пайдалануға ыңғайсыз (мысалы, миллион есе кішірейтілген Жерді бейнелеу үшін глобустың мөлшері 6,4 м болуы керек). Сондықтан жер бетіндегі заттар мен құбылыстарды мейлінше толық көрсету үшін жоспарлар мен карталар жасалады.
Картаның басты ерекшілігі – оның жер бетін түгелдей немесе жеке бөліктерге бөліп, ірі масштабта бейнелеуге мүмкіндік беретіндігі. Дегенмен картаның ерекшелігі қандай жағдай да шардың бетін жазықтыққа түсіріп бейнелегенде геометриялық тұрғыдан еріксіз ауытқушылық пайда болады. Бұның себебі мынада: Жердің сфероид тәрізді бетін қағазда бұрмаламай немесе ауытқусыз бейнелеуге болмайды, сондықтан карта жасауда әртүрлі картографиялық проекцияларды қолданады.
Сонымен, карта деп белгілі математикалық ереже бойынша Жер бейнесінің ауытқуын заңды түрде есептей отыра толық Жер беті немесе оның кезкелген бөлігі жинақталып және кішірейтіліп бейнелене алатын сызбаны атайды.
Карталар масштабы, мазмұны, жүктелген міндеті және бейнеленетін аумақтың мөлшеріне қарай жіктеледі.
Карталар мазмұнына қарай ауыл шаруашылық, мелиоративтік, экономикалық және т.б. деліп бөлінеді – бұлар арнаулы карталар оларда контурлар мен арнаулы ауыртпалықтарды көрсетеді.
Ситуациялардың контурларымен қатар жер бедері бейнеленген карталарды жалпы географиялық деп атайды. Масштабы 1 : 200000 және онан ірілері немесе 1 : 1000, 1 : 500- ге дейінгілері топографиялық деп аталады, олар барлық басқа да карталарды құрастырудың негізі болып саналады.
Жергілікті жердің заттарын картада бейнелеу үшін шартты белгілер қолданылады.
Кезкелген жалпы географиялық карталар географиялық және математикалық элементтерден тұрады. Географиялық элементтерге өзендер, көлдер, жер бедері, өсімдік жамылғысы, елді мекендер, жол тораптары және т.б. жатады. Карталар мен жоспарларда олардың мазмұны мен міндетіне және масштабтың шамасына қарай географиялық элементтер үлкен немес шамалы дәлдікте бейнеленеді. Карталар мен жоспарлардың математикалық элементтері болып масштаб, меридиандар мен параллелдер торабы, тірек пунктері саналады, олар карталарда географиялық элементтердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылық карталары мен жоспарларының элементтері болып жер пайдалану және жер иемдену, шаруашылық бөлімшелері мен бригадалары, ауыспалы егістер танаптары, егін қорғау жолақтары, танап жолдарының шекаралары саналады.
Масштабына қарай карталар былай бөлінеді: 1 : 1000000 және одан ұсақ етіп жасалған ұсақ масштабты, масштабы 1 : 200000-нан 1 : 1000000-ға дейін жететін орташа масштабты және 1 : 200000-нан бастап ірілене беретін масштабта құрылған ірі масштабты карталар.
Ұсақ масштабты карталар жергілікті жерді жалпы зерттеуге, жер беті мен су кеңістігін есепке алауға, ірі инженерлік жобаларды алдын ала жобалауға және қорғанысқа қажетті жағдайларға арналған. Сонымен қатар олар елдер мен облыстардың карталары. Ауыл шаруашылығында олар табиғи және ауыл шаруашылығы жағынан аудандастыруға және жоспарлауға, мемлекеттік есепке алуға, ауыл шаруашылық дақылдарын аудандастыруға арналған.
Орташа масштабты карталарда жергілікті жер толығырақ және дәлірек бейнеленген, сондықтан олар ауыл шаруашылығындағы түбегейлі жобалау жұмыстарына, жолдарды жобалауға және алдын ала елді мекендер жерлерін жоспарлауға және құрылыс жүргізуіне арналған. Бұлар аудандық және облыстық әкімшілік карталары.
Ірі масштабты карталар мен жоспарлар түбегейлі және дәлірек жобалауда құрылады (суландыру, құрғату және тұздандырудың техникалық жобаларын құру, қалалардың генералдық жоспарын дайындау және т.б.). Ірі масштабты карталар болып ауыл шаруашылық кәсіпорындарының карталары саналады, оларды шаруашылық ішкі жерег орналастыруда қолданады.
Жоспар - бұл шамалы жер учаскесінің горизонталды проекциясының кішірейтіліп және ұқсасты түрде бейнеленген сызбасы.
Жалпы жоспарды немесе планды шеңбер ауданының радиусы 11 км аспағанға дейін құруға болады.
Мазмұнына қарай жоспарлар бөлінеді: контурлық (жер пайдалану, жер алқаптары, кейбір учаскелердің шекаралары бейнеленеді), топографиялық (жер пайдалану, жер алқаптарының шекаралары және жер бедері – таулар, өзектер, жоталар, ойыстар және т.б. бейнеленеді), арнаулы (жер бетін пайдалану сипаты бейнеленеді).
Жоспар жер пайдалануға, жер учаскесіне, алқап түріне құрастырылады. Оның ақпараты немесе мәліметінің дәлдігі және толықтығы өндірістік немесе ғылыми талаптарға байланысты болады.
Жоспар мен карталардың негізгі айырмашылықтары:
1) жоспар –бұл жазықтықтағы жер учаскесінің немесе жергілікті жердің горизонталды проекциясы, ал карта жазықтықта Жерді толық немесе бірсыпыра бөлігін жердің ауытқуын есептей отырып бейнелеу;
2) жоспарда контурдың нақты ұзындықтары, бұрыштары және ауданы немесе алаңы сақталады, ал картада сақталмайды;
3) жоспарда масштаб өзгермейді немесе ол тұрақты, ал картада бір нүктедегі масштаб басқа нүктедегі масштабқа тең болмайды.
Жер бетінің вертикалды құрылысы жайында мәліметтер алу үшін қималарын немесе сызық бойындағы тік кесіндісін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет