Т. М. Блисов Жерге орналастыру



бет4/16
Дата28.03.2024
өлшемі235.5 Kb.
#496827
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
m u po zemleust dly sroppot201415gg

Жергелікті жердің қимасы - бұл жер бетінің берілген бағыттағы кішірейтілген вертикалды тік кесіндісі.
Қималар немесе профильдер – суару, топырақ қорғау, жол салу жұмыстары мақсатында сызылады.


Бақылау сұрақтары:
1 Геодезия дегеніміз не және оның қандай тараулары бар?
2 Геодезияның ауыл шаруашылығындағы рөлі.
3 Геодезияның міндеттері.
4 Геоид және деңгейлік бет дегеніміз не?
5 Жердің пішіні мен мөлшерін көрсетіңіз.
6 Карта дегеніміз не?
7 Карталарды жіктеу.
8 Ұсақ, орташа және ірі масштабты карталарды сипаттаңыз.
9 Ұсақ, орташа және ірі масштабты карталар қандай жағдайларда пайдалануға арналған.
10 Жоспар дегеніміз не және онда жергілікті жердің қандай учаскелерін бейнелеуге болады?
11 Жоспарлардың мазмұнына қарай жіктелуі.
12 Жоспар мен картаның негізгі айырмашылықтары қандай екенін көрсетіңіз.
13 Жердің қимасы дегеніміз не және оны не үшін сызады?


Әдебиет:
1, с. 22-27, 74; 2, с. 7-14; 7, с. 83-227; 8, б. 17-21.
3 Тақырып Шаруашылық аралық жерге орналастыру


Мақсаты: Шаруашылық аралық жерге орналастырудың мазмұны және оны жасаумен таныстыру.
Жоспар:
3.1 Шаруашылық аралық жерге орналастыру ұғымы, мазмұны және міндеттері
3.2 Шаруашылық аралық жерге орналастыру түршелері, факторлары және принциптері
3.3 Шаруашылық аралық жерге орналастыру схемасы және оның мазмұны
3.4 Шаруашылық аралық жерге орналастырудағы дайындық жұмыстар
3.5 Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын жасау, қарау, бекіту және жүзеге асыру


3.1 Меншік түрлері, жер санаттары, жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың пайда болуы және өзгеруі, оларды аумақтарда орналастыру, жерлерді салалар және жер пайдаланушылар мен жер иеленушілер арасында бөлу және қайта бөлу шаруашылық аралық жерге орналастыру (ШАЖО) арқылы жүргізіледі.
Ол жерді пайдалану және қорғауда кеңістікте өзара байланысқан бірнеше кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және азаматтардың агроөндірістік кешенінде ғана емес бүкіл халық шаруашылығының барлық салаларындағы жерге орналастыру қимылдарын қосады. ШАЖО нәтижесінде жер учаскелерге қарасты меншік түрлері, реті, жағдайлар, жер иеленушілер мен жер пайлаланушылардың құқығы және міндеттері өзгереді.
Осыған орай шаруашылық аралық жерге орналастыру ұғымын былай тұжырымдауға болады:
Шаруашылық аралық жерге орналастыру – бұл жүйе немесе жерді меншіктілер, халық шаруашылығы салалары, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және азаматтар арасында заңды және техникалық қимылдар арқылы бөлу және қайта бөлуге арналған экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және техникалық шаралар жиынтығы.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру міндеттері болып саналады:
1. Халық шаруашылығының барлық салаларында жерді ұтымды пайлануды ұйымдастыруға ең жақсы жағдайлар жасау, сонымен қатар шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының дамуы үшін тең жағдайлар жасау.
2. Өндірісті ұйымдастыру үшін аумақтық жағдайлар жасау.
3. Меншікке, иеленуге, пайдалануға, жалға берілген жер учаскелерінің ауыртпалықтары мен сервитуттарын, жер пайдалану ретін және жағдайларын орнату үшін ұсыныстарды дайындау.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру мазмұны келесі сұрақтарды шешуге бағытталған:
1. Меншік түрлері бойынша шектемеу.
2. Халық шаруашылығы салаларының санаттары бойынша жерлерді бөлу және қайта бөлу.
3. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдар, мекемелер және азаматтардың жер иелену мен жер пайдалануларын құру және өзгерту.
4. Жер иелену мен жер пайдаланудағы кемшіліктерді жою.
5. Жерді нысаналы мақсатында пайдалануды өзгертуге байланысты алып қою.
6. Жергілікті әкімшілікке берілген жердің пайдалануын ретеу.
7. Қалалар мен басқа да елді мекендердің шекараларын бекіту.
8. Ірі кәсіпорындар, су қоймалары, басқа да ірі ғимараттар құрылысына жер учаскелерін беру.
Бұл сұрақтардың әр қайсысына жерге орналастыру қимылдары және белгіленген жерге орналастыру жобасы лайықты болады.


3. 2 Шаруашылық аралық жерге орналастырудың түршелері болып саналады:
1. Меншікке байланысты шектемеу.
2. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары жер пайдалануын ұйымдастыру және өзгерту.
3. Ауыл шаруашылығы емес кәсіпорындары жер пайдалануын ұйымдастыру және өзгерту.
Кезкелген жер иелену мен жер пайдаланудың меншік мөлшеріне өзгерістер енгізу жан-жақты негізделген болу керек, былайша айтқанда шаруашылық аралық жерге орналастыруды жүргізу белгілі себептерді немесе факторларды талап етеді.
Жерді меншік бойынша шектемеу жұмыстарын жүргізу факторлары болып саналады:
1. Қазақстанда жер мемлекеттік меншікте болады және жер учаскелері жеке меншікте де болуы мүмкін.
2. Жер учаскелерін меншіктің әртүрлі түрлеріне жатқызу.
3. Жергілікті жерде шекараны бекітудің қажеттілігі.
Ауыл шаруашылығында шаруашылық аралық жерге орналастырудың негізгі факторлары болып саналады:
1. Жер иелену мен жер пайдалануды орналастыруда және олардың шекарасын жайластыруда кемшіліктер немесе қолайсыз жағдайлардың болуы.
2. Өндірістің мөлшеріне шаруашылық мөлшерінің сәйкес болмауы.
3. Ауыл шаруашылығының мамандандыруы мен шоғырлануының өзгеруі.
4. Өнімді алқаптар ауданының кеңейтілуі.
5. Шаруа (ферма) қожалықтарын ұйымдастыруға қажеттілік.
6. Шаруашылық аралық кооперацияның және ауылдың әлеуметтік дамуы.
7. Жерді және басқа да табиғи ресурстарын қорғау.
8. Мал шаруашылығы, бау-бақша және бақшашылыққа жер бөлу қажеттілігі.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың негізгі факторы ауыл шаруашылығы мақсатына емес барлық салаларында жерді талап ететін кәсіпорындарды ұйымдастыру қажеттілігі.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың негізгі принциптері:
1. Жер заңдарын бұлжытпай орындау, жер иелену мен жер пайдаланудың тұрақтылығын және шекарасының анықтығын нығайту.
2. Жерді ұтымды және тиімді пайдалануын, сонымен қатар ауыл шаруашылығының басымдылығын қамтамасыз ету.
3. Барлық жер пайдалаушылар мен меншіктілерге өндіріс тиімділігін арттыруға және әлеуметтік дамуына жағдайлар жасау.
4. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары аумақтарын дұрыс ұйымдастыруға және ауыл шаруашылық мақсатында емес объектер аумақтарын жоспарлауға жағдайлар жасау.
5. Жерлерді және басқа да табиғи ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалау объектері болып шаруашылық топтары, игеру массивтері, жер пайдалану бірлестіктері, аудан әкімшілігі және т.б. саналады.
ШАЖО-дың өндірістік процесі келесі сатылардан тұрады:
а) жобалау алдындағы жұмыстар;
б) әзірлік немесе дайындық жұмыстар;
в) жобаны немесе проекті жасау;
г) жобаны қарау және бекіту;
д) жобаны жүзеге асыру (жобаны жергілікті жерге апарып салу);
е) жерге орналастыру және жерге меншік және пайдалану құқығын растайтын құжаттарды рәсімдеу және беру.
Бұл көрсетілген процесс орындалатын міндеттер мен олардың мазмұнының қиындылығына және сипатына қарай күрделігі әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін: аздаған аумақты және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын қамтитын болса тек кемшіліктерді жоюмен айналысады Бұл жағдайда ШАЖО бір сатылы жоба жасалады. Бірсыпыра алаңы бар көптеген шаруашылықтарды қамтығанда жобаны жасау үшін ұзақ мерзім керек, сондықтан жоба алдында ШАЖО схемалары құрылады.


3. 3 Схема – жобаның әртүрлі түрін құру және әсіресе ШАЖО негізі болып саналады. ШАЖО схемасы жоба алдындағы құжат ретінде ауданның жерге орналастыру схемасының бөлігі немесе жерге орналастыру схемасы жасалмаса немесе ескірсе дербес немесе өзіндік жұмыс болып дайындалады. ШАЖО схемасында келесі сұрақтар шешіледі:
а) жер иелену мен жер пайдалануды реттеу және қайта қайта құру;
б) алқаптар құрылымын өзгерту;
в) ауыл шаруашылық алқаптарын ауыспалы егістер, жайылым- және шабындық айналымында пайдалану жүйесі;
г) ауыл шаруашылығында пайдалануға жаңа жерлерді қатыстыру;
д) мелиоративтік және мәденитехникалық шараларды жүргізу негізінде жер алқаптарының өнімділігін арттыру;
е) жол тораптарын, орман қорғау екпе ағаштарын, су шаруашылығының ғимараттарын орналастыру;
ж) елді мекендерді және басқа да шаруашылық орталықтарын, өндіріс кешендерін орналастыру;
з) табиғатты қорғау шараларын дайындау;
и) ШАЖО схемасындағы шараларды экономикалық тұрғыдан негіздеу;
к) схема ұсыныстарын сатылып игеру жоспарын жүзеге асыру.
ШАЖО схемасы 15 жылға жасалады.
Схеманы жасау алдында дайындық жұмыстары жүргізіледі:
а) мүдделері бірдей қатысушылар құрамы анықталады;
б) ШАЖО жобасын жасау үшін барлық қажетті құжаттарды жинау және зерттеу;
в) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу себептерін анықтау, жерге иелену мен жер пайдаланудағы кемшіліктерді және жерді жақсарту тәсілдерін айқындау;
г) мүдделі жақтардың қалауларын айқындау және зерттеу;
д) жобалауға тапсырманы дайындау, келістіру, бекіту және алу.


3. 4 ШАЖО жобасын жасау алдында дайындық жұмыстар жүргізіледі, онда келесі міндеттерді шешу керек:
1. Мүдделері бірдей қатысушылар құрамын анықтау.
2. Жерге орналастыру объектері бойынша құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары туралы барлық мәліметтерді дайындау.
3. Қажетті жоспарлы-картографиялық, жер-кадастрлық, жер-есептеу және басқа да іздестіру және тексеру материалдарын зерттеу.
4. Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін зерттеу және осы жұмысты жүргізу негізін айқындау.
5. Әрбір жерге орналастыру шаруашылықтары аумақтарының жағдайын зерттеу, өндіріске қажетті жерді анықтау, жер пайдаланудағы кемшіліктерді және оларды жою мүмкіншіліктерін зерттеу, жерге орналастыру объектерінде енгізілетін өзгерістерді айқындау.
6. Мүдделі жақтардың – жер иелері, жер пайдаланушылар, жалға алғандар, басқа мүдделі кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар қалауларын айқындау және зерттеу және сонымын қатар келісімдер қабылдау;
7. Жобалауға тапсырманы дайындау және бекіту.
Дайындық жұмыстар құрамы:
1. Камералдық жерге орналастыру дайындығы.
2. Далалық жерге орналастырулық зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет