Т. М. Блисов Жерге орналастыру


а. Камералдық жерге орналастыру дайындығы жобалау объектісіне шығудан бұрын жергелікті жерде (орында) орындалады



бет5/16
Дата28.03.2024
өлшемі235.5 Kb.
#496827
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
m u po zemleust dly sroppot201415gg

а. Камералдық жерге орналастыру дайындығы жобалау объектісіне шығудан бұрын жергелікті жерде (орында) орындалады.
Жерге орналастыру (жобалау) объектісіне байланысты қажетті материалдар дайындайды: жоспарлы-картографиялық материалдар және жер алқаптар алаңын есептеу мәліметтері, топырақтық, геоботаникалық, агрономиялық, мелиоративтік, геодезиялық зерттеулер мен тексеру материалдары, Мемлекеттік жер кадастры мәліметтері, жерді түгендеу, ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы және малдар мен құстардың өнімділігі жайындағы мәліметтер – ақырғы 5 жылғы, әртүрлі жобалар мен схемалар (жерге орналастыру, мелиорациялық, ауылдарды, жолдарды жоспарлау), табиғатты қорғау және тарихи-мәдени (қорықтар, қорықшалар, қаумалар) объектерін орналастыру жайындағы мәліметтер, су қорғау белдемдері мен басқа да қорғалатын аумақтар және оларды пайдалану реті жайындағы мәліметтер, ауыл әкімшіліктеріне берілетін жерлер мен елді мекендер шекарасы жайындағы мәліметтер, жерді қажет ететін объектер туралы мәліметтер, аудандық арнаулы жер қоры жайындағы мәліметтер.
Камералдық дайындыққа кіретін материалдар тізімі, олардың көлемі және түбегейлігі жайында жерге орналастыру жоба мазмұнында анықталады.
б. Далалық жерге орналастырулық зерттеуді жерге орналастыру жұмыстары жүретін кәсіпорынның аумақтарында жүргізеді.
Жергілікті жерді зерттеу барысында анықтайды:
1. Жерге орналастыруды жүргізетін шаруашылықтың мал шаруашылығына арналған құрылыстар жай-күйі және пайдалану мүмкіншіліктері.
2. Жаңа жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларды жобалауға арналған жер массивтерін ерекше қорғалатын аумақтарды ескере отырып орналастыру.
3. Эрозия, дефляция және дефляцияның басқа да түріне шалдыққан жер учаскелері.
4. Эрозияға қарсы гидротехникалық ғимараттар, орман екпе ағаштарының болуы және жай-күйі.
5. Жақсарту шараларын талап ететін және игеруге жарамды ауыл шаруашылық алқаптарындағы жер учаскелері.
6. Мелиоративтік және жол ғимараттары, су қоймаларының жай-күйі және жаңа құрылыстар қажеттілігін анықтау.
7. Жерлердің экологиялық жай-күйі және оларды ластану объектіне қарасты орналастыру.
8. Әр шаруашылықтың ең қажетті мамандандыруын анықтау.
9. Орталық мекен жайларды қажетті жағдайда орналастыру орны.
Сонымен қатар, қалаулар және ұсыныстар айқындалады, жерге орналастыру сызбасы және акті рәсімделеді, оларға комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет