Т. Сапаров Қазақ шығысының Өзен – КӨл атаулары



бет3/19
Дата25.02.2016
өлшемі12.31 Mb.
#19338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

1.4 Монғол (қалмақ) қабаты

Адамзат қоғамының өмір сүру ортасы, шаруашылық және мәдени іс-әрекеттерінің әртүрлі жақтары атаулар жүйесінің қалыптасуында шешуші факторлардың бірі болып табылады. Әр аймақтың топожүйесіне түрлі халықтар тілі негізінде жасалған, әр түрлі тарихи дәуірлерде пайда болып қалыптасқан топонимиялық қабаттардың араласуы тән. Халық тарихының куәгері – жер-су аттары тілдің басқа элементтеріне қарағанда тұрақтылығымен ерекшеленеді. Нақты бір өңірді мекендеуші халық қоныс аударып басқа жерге ығысқанымен оның тілі сол өңірде мүлдем жоғалғанымен, олар жасап кеткен географиялық атаулар осы жерге келуші екінші бір халықтың тілінде мыңдаған жылдар өмір сүруі мүмкін. Екінші халық өзіне дейін қалыптасқан топонимдерді игеріп сақтай отыра, өз тілінің заңдылығына бағындыра өзгертеді және жаңадан атаулар тудырады.

Қазақстан жерінде XVIII ғасырдың бас кезінен басталған монғолдардың үстемдігіне байланысты монғол тілінен көптеген топонимдер енді. Шыңғыс хан Қазақстанға шабуылды 1219 жылы Ертіс бойынан бастап, Жетісу арқылы Сырдарияға дейін жетті. 1219 – 1224 жылдардағы монғол шабуылынан кейін Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыстың қол астына көшкен. Сондай-ақ, бұл топонимдердің біразы XVIII ғасырда көршілес болған, кейін Қазақстанға шабуыл жасаған Жоңғар хандығының халқы монғол тектес қалмақтар тілінен де кірген. Осы тарихи кезеңдерге байланысты монғол тілінен енген топонимдер Қазақстанның барлық аймақтарында ұшырасады. Алайда, Шығыс Қазақстанда мұндай атаулар көбірек кездеседі (1-кесте).
1-кесте – Монғол тілінен енген топонимдердің мағынасы мен таралу ареалдары (Қ. Т. Сапаров бойынша)

Рет саны

Топоним

Топоним сипаты

Қазақша мағынасы

Орналасқан аудан

1

2

3

4

5

1

Алатолағай

тау

Алатөбе

Желдіқара тауының солтүстік-батысы, Шұбартөбе тауының оңтүстік-батысы.

2

Алтай

тау, асу, төбе

Алтын (тау)

Катонқарағай, Глубокое аудандары.

3

Алатай

жайлау

Таулы

Аягөз ауданы.

4

Алтуайт

төбе




Аягөз, Абай, Жарма, Тарбағатай аудандары

5

Арасанды Қаба

өзен

Шипалы су қасиеттті су

Күршім, Катонқарағай

аудандары.



6

Арғанаты

тау

Тау сілемдері

Тарбағатай ауданы.

7

Арқауыл

тау

Тау (ту сырты)

Күршім ауданы.

8

Бақанас

өзен

«Шағын», қысқа

Абай, Катонқарағай аудандары.

9

Барлық Арасан

мекен

«Батпақты»

Үржар ауданы


10

Нарым

мекен

Нарын-жіңішке. (өзен бойындағы ауыл)

Катонқарағай ауданы.

11

Бұлғары табыты

тау, елді-мекен

Бұлғары сияқты жұмсақ тассыз асу, кезең

Күршім ауданы.

12

Бұрхат Архат-Бұрхат асуы

асу (2150м)

Биік таудың күнгейі мен теріскейі

Катонқарағай, Абай, Аягөз аудандары.

13

Делбегетей

тау, елді-мекен

Жайпақ тау

Жарма ауданы.

14

Долон

елді-мекен

Жеті

Бесқарағай ауданы.

1-кестенің жалғасы



1

2

3

4

5

15

Долонқара

тау

«Жеті шоқы»

Зайсан, Күршім аудандары.

16

Емелтау

елді-мекен

Аттың еріне ұқсас тау

Үржар ауданы.

17

Ерен қабырға

тау

«Қабырға» секілді керілген шубар тас

Күршім ауданы.

18

Зайсан

көл, қала

Қоныраулы көл

Зайсан ауданы

19

Зеренді

көл

«Зэрен» киіктің түрі

Катонқарағай ауданы.

20

Кеген шұнқыр

жайлау

«Қасиетті шұнқыр жер»

Катонқарағай ауданы.

21

Китің қара

тау

«Суық, салқын, аяз»

Катонқарағай ауданы.

22

Көкідаба

асу

«Көк кезең»

Аягөз ауданы.

23

Көнсенгір

тау

«Көгілдір тау»

Аягөз ауданы.

24

Қаба

өзен, тау

«Су ағар»

Күршім ауданы.

25

Қалмақ Емел

тау (870м)

«Қалмақ еріне ұқсас тау»

Аягөз ауданы.

26

Қаракөл

елді-мекен

«Қара өзен немесе су»

Үржар ауданы

27

Қалба тауы

тау (1608)

«Жалғау, қосу»

Көкпекті, Жарма аудандары

28

Қалғұты

өзен

«Қоныр қазы мол өзен»

Катонқарағай, Күршім аудандары

29

Қандығатай

тау

«Бұланды – бұланы бар тау»

Зайсан, Жарма аудандары

30

Майқапшағай

елді-мекен

«Ұсақ, шағын жартас – тары бар жер»

Зайсан ауданы

31

Манқан

тау

«құмтөбе»

Күршім ауданы

32

Мөнекей

жайлау

«күзет, қарауыл»

Күршім ауданы

33

Мұқыр

өзен, төбе

«Қысқа, шолақ»

Абай, Катонқарағай ауданы

34

Нарын

өзен

«ені тар, жіңішке, мағынасына сай»

Катонқарағай ауданы

35

Нарын қаба

өзен

Қаба өзенінің жіңішке бір саласы

Күршім ауданы

36

Обалы

асу

«үйінді тас»

Катонқарағай ауданы.

1-кестенің жалғасы

37

Оңжақ Қалжыр

елді-мекен

«Ирек, иір» Қалжыр өзенінің оң жақ жағасында орналасқан мекен

Күршім ауданы.

38

Өрел

елді-мекен

«Ерін» ерінге ұқсас сайда орналасқан мекен

Катонқарағай ауданы.

39

Сарноқай

асу

«Сары ит асуы»

Катонқарағай ауданы.

40

Тарбағатай

тау сілемдері жота 2992м

«Суырлы, суыры көл тау»

Алакөл мен Зайсан көлдерінің арасында жатыр

41

Талағай

тау 550,4м

Жеке тұрған биік тау, шоқы

Тарбағатай ауданы.

42

Тұғыл

елді-мекен

Төранғы өсімдігі

Тарбағатай ауданы.

43

Тұрғысын

өзен, елді-мекен

«ағынды тау өзені»

Зырьян ауданы.

44

Түрген

өзен

Шапшаң, жылдам ағатын өзен

Катонқарағай ауданы.

45

Ұлан

өзен, елді-мекен

«Қызыл»

Ұлан ауданы.

46

Ұлан Даба

асу

«Қызыл кезең»

Катонқарағай ауданы.

47

Ұласты

өзен

«Терек»

Тарбағатай ауданы.

48

Үкөк

тау (2300м)

«Сандық тау»

Катонқарағай ауданы.

49

Хамир

өзен

«тұмсық, мүйіс» Бұқтырмаға қосылатын (тұмсық)

Зырьян ауданы.

50

Шаған

өзен

«ақ» мағынасын береді

Абай, Бесқарағай аудандары.

51

Шаған Доба

асу

«Ақ кезең» мағынасын береді

Катонқарағай ауданы.

52

Шаған оба

қоныс

Шағанның обасы

Тарбағатай ауданы.

53

Шаған ши

е.м., өзен

«Ақши»

Күршім ауданы.

54

Шаған тоғай

елді-мекен, өзен

«Ақтоғай»

Үржар ауданы.

55

Шар

өзен

«сары өзен»

Ертістің сол жақ саласы

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

56

Шандығатай

тау (1757м)

«Ақ қоянды тау»

Катонқарағай ауданы.

57

Шыңғыстау

тау (1305м)

Шынғыс хан атына бай-ты қойылған

Абай ауданы.


1.4.1 Славян қабаты

Қазақ жерінің көп қабатты топонимиялық жүйесінде славян тілінен енген географиялық атаулар ауқымды орын алады. Сан ғасырға созылған қазақ-орыс халықтары арасындағы қарым-қатынас өз өрнегін географиялық атауларға түрлі қырынан сала білген. Топонимдердің пайда болу, өзгеру құбылыстары қазір қоғамдық пікірде қайта екшелеп, сын көзбен қаралып, жаңаша мәнге ие болуда. Қазақстан мен Ресей арасындағы әрқилы қарым-қатынас басталысымен-ақ географиялық жаңаша жер атаулары біртіндеп пайда болып, жыл өткен сайын молыға түсті. Қазақ жеріндегі топонимикалық атаулар тарихында дәл осы кездегідей жер атауларының жылдам өгеріп отыру құбылысы болған емес. Топонимикалық атаулар жөнінде Қазақстанның Ресейге қосылу тарихының ел билеу жүйесінде патша өкіметі орнатқан әрі терең ойластыра ұстанған үш түрлі кезеңдерін алмақ керек. Бұдан қазақ даласын біртіндеп асықпай отарлаудағы қолданған айла-шаралардың эволюциялық даму жолы, әсіресе, отаршылдық мазмұнда қойылған жер-су атауларының біртіндеп енуі, молая түсу әрекеттерінің болмысы айқын көрінеді. Қазақстанның Ресейге қосылуы кірме топонимдердің орын тебе бастауына негізгі тірек болды. Орыс географиялық атауларының бұдан кейінгі кездерде молая беруі Қазақстан мен Ресей арасындағы әр алуан тарихи қарым-қатынастарға тікелей байланысты болып отырды. Алайда, қазақ-орыс халықтары арасындағы тілдік, әлеуметтік байланыс үдерістері әлдеқайда бұрын басталған.

XVI ғасырдың өзінде Ресей қазақ даласына өз назарын аудара бастаған. Орта Азия мен Шығыс мемлекеттерімен шекаралас жатқан қазақ жерлері арқылы ірі сауда жолдары өткен. Шығыс (Қытай, Үндістан т.б.) пен батысты байланыстыратын саяси және экономикалық маңызы зор қазақ жерлерінің Ресейге қосылуы Ресейдің шығыстағы сауда, экономикалық және саяси, әскер жағдайын жақсарта түсетіні анық еді. Сонымен қатар, қазақ халқының сол кездегі ауыр жағдайы, Жоңғар хандығы төңірегінен қауіп-қатер орыс және қазақ мемлекеттерінің өзара жақындай түсуіне себеп болды. 1682 жылы Ресей мемлекеті тағына отырған Петр бірінші табиғат байлығы мен алтын қорының молдығы туралы естіп, Каспий теңізі мен Қазақстан жазықтары арқылы Азия елдеріне апаратын теңіз және құрлық жолдарының Ресей үшін маңыздылығын жоғары бағалады. Ол 1713 жылдан бастап жыл сайын ерекше тапсырма – Қырғыз және Түркістан далаларынан барлық азиялық елдерге «кілт пен қақпалар» табуға адамдар жіберіп отырды. Осының негізінде Қазақстанның Шығыс, солтүстік-шығыс аумақтарында Ертіс казактары линиясы деген атқа ие болған бекіністер жүйесі пайда болды. Қазақстан аумағында алғашқы орыс елді мекендері пайда болды. Орыс елді мекендеріне орысша атаулар қойылып, қазақ топонимиясы құрамында орыс тілінен енген топонимдер пайда бола бастады. Мысалы, 1720 жылы М.И.Лихарев бастаған ресейлік экспедицияның келуімен Үлбі өзенінің Ертіске құйған жерінде атын «устье каменных гор» тіркесінен алған Усть-Каменогорская бекінісінің іргетасы қаланды.

1765 жылы өртеніп кеткен бұл бекініс қайта салынған еді. Жергілікті тұрғындар бекініс атын өз тіліне икемдеп «Өскемен» деп атап кетті. 1712 жылы патшалық өкімет кезінде діни қудалаудан Польшаға қашқандарды отанына қайтуға шақырған жаңа жарлық шығарды. Польшадан қайтқандарға тұруға 1760 жылғы жарлықта көрсетілген мекендер ұсынылды. Осының негізінде, әскери күштің көмегімен Алтайда “поляктар” елді мекендері пайда болды. Бұл жөніндегі мәліметтер М. Швецованың «Поляки Змеиногорского округа» атты мақаласында (1899) жан-жақты баяндалған.

Катонқарағай ауданына қарасты Поляковка елді мекен атауының сыры осыдан ашылады. 1764 жылы Лосиха, Секисовка, Шемонаиха және Бобровканың негізі қаланды. Кейінірек бұлардан Малое Убинка, Быструха, Черемшанка, Тарханка және т.б. селолары бөлініп шықты. Екатерина II 1796 жылдың өзінде қазіргі Зырян қаласы маңында елді мекендер тұрғызу туралы жарлық шығарған еді. Осының нәтижесінде Уба шаруалары өз тұрақтарын тастап казактар бақылаумен қонысталмаған жерлерге кете бастады. Көп ұзамай Алтай таулы округы картасында Парыгино, Снегирево, Кондратьево, Богатырево, Соловьево, Соломоновка т.с. селолар пайда болды. 1726 жылы Орал тау-кен өндірісі қызметкері Акинфий Демидов Алтайда алғашқы кен өндіріс орындары мен зауыттардың негізін салып, Колываново-Воскресенский деп атады. А.Принтцаның анықтауы бойынша орыс қабаты моңғол қабатынан соң, ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысынан бастап ене бастады. Орыс тiлiнен енген атаулар туралы тарихи-географиялық деректер алдыңғы тарауда көрсетiлген. ΧVIII ғ. Ресей империясы Ертiс өзенiн бойлай бекiнiстердi салу арқылы отарлау саясатын жүргiзе бастады. Ертiс бойындағы казактар үшiн жеңiлдiктер сақталып, көпшiлiгi бекiнiстерде тұрақтап қалып қойды. Н.Е. Бекмаханова ХVIII ғасырдың 50-шi жылдарында әскери шебi бойындағы казактардың саны 2 мың адамға жеттi деп жазады.

Ертiс өңiрiн отарлау, бекiнiстер салу, жергiлiктi халықтардың өмiрi туралы нақты деректер Г.Катанаев, Н.Г.Апполова, Ф.Усов, П. П. Румянцев, Ф.Щербинаның еңбектерiнде көрiнiс тапқан. П. П. Румянцев ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының қоғамдық-саяси тұрмысын сипаттай отырып: “Бұдан әрi қырғыз (қазақ) халқының өз тарихы жоқ, әр ауылдық бұратана адамдардың тарихы” деп жазады. Орыс атауларының пайда болу үдерісі аумақтарды да қамтыды. Сондықтан славян тілінен енген географиялық атауларға көптеп мысал келтіруге болады: Луговое, Садовое, Горкунково, Трехгорное, Волчанка, Березовка, Новоильинка, Троиницкое, Каменка, Восточное, Веселое, Белоусовка, Вознесенка, Игоревка, Белогорский, Солнечное, Орловка, Средигорное т.б.

Қатонқарағай ауданындағы Берел, Коробиха, Печи, Фыкалка ауылдары XVIII ғасырдың аяғында пайда болған,оның іргетасын Алтай кен орындарындағы ауыр жұмыспен патшалық Ресейдің тепкісіне шыдамай қашқандар қалаған. Дегенмен, Печи деген атау-«Бесүй», Фыкалка- «Бекалка», Язовая – «Жазоба», Черемошка-«Мойылды», атауларын бұрмаланған түрлері деп білеміз. Сол сияқты Жоғары Катон (Ақшарбақ), Медведка (Топқайың), Согорная (Сөгір), Чаловка (Шалаққан) атауларынан орыс тіліне ауысқан. Тілдік қатынастардың дамығаны соншалық, топонимиялық атаулар жартылай немесе толық аударылып қолданылады. Мысалы, Қара Ертіс-Черный Иртыш, Кіші Жеменей-Малый Жеменей, Рахман бұлақтары-Рахановские ключи, Үлкен Бөкен-Большая Буконь. Сондай-ақ, орыс тілі сөзжасам заңдылықтарына сай жасалған топонимдер де кездеседі. Мысалы, Большой Мараленок, Малый Мараленок – “марал” сөзінен, Таловочка – “тал” сөзінен, Убинка –“оба” сөзінен т.б.. Шығыс Қазақстанның жер-су атауларын ауыстыру мен қатар келімсектердің көне топонимдерді өз тілдеріне икемдеп қолданғанын байқауға болады. Мәселен, Қарақожа (Қарақұсты болуы да мүмкін) – Карагужиха, Құтты-Кутиха, Маралды-Маралиха, Шаманайханың орыстың – иха жалғауын қабылдап барып адаптацияланса, Аблай-ин-кид (Абылай монастрі) – Аблакетка, Тархан (Дархан) – Тарханка болып- ка жалғауының негізінде өзгертілді. Кеңес үкіметі тұсында орыс атаулары қазақтың төл атауларын мақсатты түрде ауыстыру арқылы іске асырылды. Кеңестік идеологияны дәріптеу мақсатында көптеген тарихи атаулар қалыптасты. Ауыл-аймақ (ойконимдер) жаппай өзгерту Энгельс, Ленин, Тельман, Куйбышев, Дзержинский, Ворошилов, Буденный, Калинин т.б.қалыптасуына әсер етті. ХХ ғасырдың басында қоныс аударушылардың саны бiршама артты. Олар қоныстанған жерлерде көптеген орыс, украин т.б. тiлдерден енген елдi мекендер пайда бола бастады. 1954 жылы Қазақстанның солтүстiк аймақтарында тың және тыңайған жерлердi игеру жұмыстары жүргiзiле бастады. Осы уақытта көршiлес жатқан Ресей, Украина, Беларусь, т.б. республикалардан 2 млн-нан астам халық келiп қоныстанды. Совхоз, колхоздар құрылып, көптеген елдi мекен, қоныс, өзен, көл атаулары өзгерiске ұшырап, орыс тiлi арқылы қалыптасқан топонимдер жүйесi пайда болды. Қоғамдағы әрбiр саяси-экономикалық өзгерiс сол қоғамның топонимия жүйесiне терең iз қалдырып отырады. В.А. Никонов айтқандай топонимика амалсыздан “идеологиялық функцияға жегiледi”.

Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiн, көптеген жер-су атаулары өз тiлiмiзде өзгертiлiп қалпына келтiрiлдi. Көптеген ойконимдер бiрнеше рет ауысқан себептi бастапқы атауын жоғалтқан.Біздің зерттеулерімізде Қазақстанның Шығыс өңірінде кездесетін славян тілінен енген топонимдер жүйесі топтастырылды. Шығыс Қазақстан облысы аумағында 3798 славян тілінен енген атаулар (18,9%-ын) анықталды. Қорыта келгенде тарихы терең аумақтардың жер-су атаулары әртүрлi стратиграфиялық ерекшелiктерге ие болғаны нақты деректер жүзінде дәлелденді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет