Т. Сапаров Қазақ шығысының Өзен – КӨл атаулары


Қазақ топонимиясында табиғатты қорғау мәселелерінің бейнеленуі



бет8/19
Дата25.02.2016
өлшемі12.31 Mb.
#19338
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

3 Қазақ топонимиясында табиғатты қорғау мәселелерінің бейнеленуі
3.1 Топонимиялық зерттеулердегі геоэкологиялық аудандау мәселелері

Геоэкологияның (ландшафттық экология) маңызды мәселесі – адамзат қоғамы мен табиғаттың өзара байланысының кеңістік-уақыттық заңдылықтарын танып білу болып табылады. Бұл географиялық ғылымның негізгі мақсаты – түрлі табиғи және антропогендік ландшафтардағы адам өмірінің экологиялық жағдайын зерттеп бағалау.

Сонымен бірге, қоршаған ортаның экологиялық мәселелерін зерттеу барысында география пәні табиғи ортаның компоненттерінің өзгеру заңдылықтарын, тұрғындардың аумақтық орналасуын табиғи ресурстардың аумақтық сәйкестігін пайдалана отырып игеру нәтижесіндегі шаруашылықтың түрлі салаларының дамуын, қоршаған ортаның адамдардың өмір сүру жағдайына әсер ету сипатын зерттейтін, өзінің тармақталған ғылыми салаларының жүйесіне сүйенеді.

Геоэкология табиғи-антропогендік жүйелердің экологиялық жағдайын физикалық-геоэкологиялық провинциялар, аудандар, ландшафттар, т.б. рангінде зерттейтін болғандықтан, геоэкологиялық аудандауға басты негіз жалпы ғылыми физикалық-географиялық аудандау бола алады.

Экологиялық жағдайы зерттеліп отырған аймақтардың табиғат қасиеттерінің бірдей болуы, осы геожүйелердің орнықтандыру мен табиғатын қорғауға бағытталған шаралар жүйесінің бірдей болуына мүмкіндік береді. Геоэкологиялық аудандау әдетте, физикалық-географиялық аудандаудың тақ сандық бірліктеріне (ел зона, провинция, округ, аудан т.б.) негізделеді және әрбір бөлінген аймақтың экологиялық жағдайын кеңістікте сипаттап, көрсетеді.

Табиғатты пайдалану мәселелерін шешуде геоэкологиялық аудандаудың маңызы зор. Осы ұғымға табиғат құбылыстары мен үрдістерін қоғамға қолайлы бағытта өзгертуге арналған іс-шаралар кешені де енеді.

Б. А. Федорович, Н. А. Гвоздецкий, В. А. Николаев т.б. ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, Қазақстанның ландшафттық экологиясының ғылыми-қолданбалы астарларын қамтитын жұмыстардың негізін А.В.Чигаркин қалады. Ол өзінің зерттеулерінде Қазақстанның табиғатын қорғауға байланысты аудандау идеясын жалғастырып, оларды өзгертудің бағыттары мен әдістерін негіздеді. Автор кейінгі еңбегінде геоэкологияның теориялық және әдістемелік негіздерін анықтап, геожүйелердегі экологиялық факторлар мен антропогенезді зерттеп, оның салдарына баға беріп, Қазақстанның геоэкологиялық карта-схемасы мен геоэкологиялық аудандау схемасын құрастырды. Қазақстанның геоэкологиялық аудандау схемасында 8 физикалық географиялық елдер мен оған енетін 47 геоэкологиялық провинциялар топтастырылған. Экологиялық бұзылуды бағалау критериін таңдау геожүйелерді, ранжирлеудегі жалғастыруға, яғни табиғи аймақтарды экологиялық бұзылудың одан да төмен реттік деңгейлеріне бөлуге мүмкіндік береді. Табиғатты қорғау жағдайлары бойынша табиғи аймақтарды біріктіру экологиялық жағдайын қалыптастыруға бағытталған бірдей шаралар жүйесін жасауға жағдай туғызады.

Сонымен Қазақстанның Шығыс өңірлері (ШҚО-ның аумағы) геоэкологиялық аудандау тұрғысын алғанда 5 ел және оларға қарасты 10 провинция аумағын алып жатыр.

Атап айтсақ, 1) Батыс Сібір жазығы елі (Ертіс маңы, Құлынды, дала провинциялары); 2) Сарыарқа елі (Шыңғыстау шөлейт провинциясы); 3) Алтай таулы елі (Батыс Алтай таулы, Оңтүстік Алтай таулы провинциялары); 4) Сауыр-Тарбағатай – Жетісу таулы елі (Жайсан тауаралық шөлейт, Сауыр таулы, Тарбағатай таулы провинциялары); 5) Тұран елі (Балқаш маңы – Алакөл шөл провинциясы) болып ажыратылады. Айта кететін жағдай ландшафттық-экологиялық картаны жасағанда адамды қоршаған экологиялық қолайлы жағдайды сақтауды қамтамасыз ететін кейбір интгредиенттердің ауадағы, судағы және топырақтағы мейлінше шоғырланудың рауалы шегі (ШРШ) (концентрациясы) ескеріледі. Бұл интегралды көрсеткіштер Мүмкіндігінше Шектелген Экологиялық Жүктемені (МШЭЖ) сипаттайды.

Қазақстанның геоэкологиялық картасының негізіне салынған экологиялық ақпаратты кешенді сараптау фактілік материалды геоэкологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты жүйелеуге мүмкіндік берді. Геоэкологиялық жағдайдың шиеленісуі – адам тіршілігінің қалыпты жағдайының өзгеруі, табиғи ресурстардың азаюы не таусылу, геожүйенің орта және ресурс қалыптастырғыш қасиетінің төмендеуі не жоғалуы. Келеңсіз экологиялық жағдайдың себебі, әдетте, антропогенез, кейбір жағдайда табиғи үрдістерде әсер етуі мүмкін.

Сонымен экологиялық бұзылуды бағалау критериін таңдау геожүелерді ранжирлеуді жалғастыруға, яғни табиғи аймақтарды экологиялық бұзылудың одан да төмен реттік деңгейлеріне бөлуге мүмкіндік береді. Табиғатты қорғау жағдайлары бойынша табиғи аймақтарды біріктіру экологиялық жағдайын қалыптастыруға бағытталған бірдей шаралар жүйесін жасауға жағдай туғызады.

А. В. Чигаркин Қазақстанның геожүйелерінің экологиялық бұзылу деңгейлерін балл есебімен көрсеткен. Атап айтсақ, апаттық (5); қауіпті (4); шиеленіскен (3); қанағаттанарлық (2); қолайлы (1) т.б. және геоэкологиялық аудандау схемасында әрбір елге қарасты провинция атауларында экологиялық жағдайды анықтайтын негізгі табиғи және антропогендік факторлар, оның ішінде табиғи зоналық, экономика мен табиғи ресурстарды пайдаланудың басты бағыттары берілген. Батыс Сібір жазығына (елі) сұғына еніп жатқан Құлынды, Ертіс маңы құрғақ жазықтары аумақтың Солтүстік (Бесқарағай, Бородулиха) бөлігін алып жатыр. Аумақтың көп бөлігін дала, қуаң (құрғақ) дала зонасы құраса, ал оңтүстік-шығыс бөлігі шөлейт зонасымен шектесіп жатыр.

Ертістің оң жағалауы Құлынды даласы, құмды өңірлерде өсетін реликті таспалы қарағай орманы («Семей орманы МОТР») орналасқан. Батыс Сібір еліне жататын Ертіс маңы құрғақ дала провинциясы Ертіс маңы синеклизасында дамыған кайназойдың шөгінді жыныстарынан (неогеннің саздарынан) құрылған. Беткі бөлігі Ертістің төрт террасалық жайылмаларына жататын құмтасты және аллювиальді, құмтасты, қиыршық тасты шөгінділермен жабылған деуге болады. Экологиялық табиғи факторларына тоқталсақ, топырақтың механикалық құрамы жеңіл және дефляцияға бейім келеді, Ертіс өзені Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік транзиттік ағын сулары және жергілікті өнеркәсіп және энергетикалық кешендер арқылы ластануда. Ауа мен судың ластануы Семей, Өскемен, қалаларында ШРШ-дан артық. Экологиялық шиеленісу аймақтарына: Семей өнеркәсіптік аймағы, Ертіс өзені аңғары жатады. Семей өнеркәсіптік аймағы - цемент, тамақ өнеркәсібі дамыған Семей қаласын қамтиды. Экологиялық шиеленісу деңгейі – шиеленіскен. АЛИ5-3,5. Атмосфералық ауа фенол, азот тотығы, көміртегі мен азот тотықтары шаңмен (1,3 ШРШ) ластанған. Сонымен қатар Ертіс өзенінің өнеркәсіптік-тұрмыстық ақаба сулармен ластану қаупі жоғары. Ертіс өзенінің аңғарының су сапасы 3-ші кластық, ластануы орташа. Суды (Павлодар, Семей қалалары) және трансшекаралық (Кенді Алтай өндіріс орындары) ластау көздері ластайды. Аумақтағы қорықтық нысанға «Семей орманы» (МОТР) резерватын жатқызуға болады. Семей орманы (МОТР) аумағы 662167 га. Қазақстанның таспалы (реликт) қарағай ормандары құрғақ дала және шөлейт зоналарының шекараларында орналасқан бірегей табиғи нысан болып табылады, су қорғағыш, климатты реттеу және рекреациялық қызмет атқарады. Қазіргі уақытта антропогендік әрекеттерден (кесу, өртеу) орман алқаптары жылдан-жылға азайып келеді. Бұл әрекеттер өсімдік және жануарлар дүниесін жояды, топырақтың қасиетін, су режимін (еспе сулар), микроклиматты, жалпы алғанда аймақтық экологиялық жағдайына кері әсер етеді.

Құлынды құрғақ дала провинциясы - Батыс Сібір жазығының оңтүстік шетімен Алтайдың батыс етегінің қиылысында орналасқан. Экологиялық шиеленісу деңгейі – қолайлы. Дегенмен жел эрозиясы мен жерді жырту салдарынан топырақтың құнарсыздануы байқалады. Сондықтан ауыспалы егіс, жайылым, қарағайлы ормандардың алқаптарын кеңейту қажет.

Кең аумаққа созылып жатқан Сарыарқа елінде 4 белдеулік зона бар: орманды дала, дала, шөлейт, шөл. Олар табиғи жағдайы және генетикалық көрсеткіштеріне байланысты 9 геоэкологиялық провинцияға бөлінеді.

Соның ішінде Шығыс өңірге жататын Шыңғыстау шөлейт провинциясын атауға болады. Шыңғыстау аласа тауларымен (1305м), Қазақ қатпарлы елінің шығыс шетін алып жатыр. Бұл таулар Көкпекті Шар ұсақ шоқыларымен шектесіп жатыр. Шар өзені Алтай тауларынан бөліп тұр. Оңтүстік-шығыс бөлігі Тарбағатай таулары мен Зайсан қазаншұңқырымен шектесіп жатыр. Шыңғыстаудың солтүстігінде Семейтау (606м), Дегелең (1085 м), орталығында Қосбастау (1077 м), Хан-Шыңғыс (1152 м), оңтүстігінде Ақшатау (1305 м) т.б. жоталары бар.



Экологиялық шиеленісу деңгейі қанағаттарлық болғанымен, Семей ядролық сынақ полигонына Дегелен таулары шектескен ауданда – апаттық жағдайда. Семей (ЯС) полигонының ауданы 18540 км. Бірінші жарылыс 29.08.1949 жылы (қуаты 20 кт) болды. Алғашқы сутегі бомбасы 12.08.1953 жылы жарылды. Барлығы 470 түрлі, оның ішінде 90 ауада, 26 жер бетінде және 354 жер асты сынақтары болды. Полигон аумағында топырақта цезий-137, стронций-90, еуропий-152,155, америций – 741, плутоний – 239, 240, кобальт – 60 сияқты жасанды изо-топтар таралған. Жер беті және ауадағы ядролық жарылыстардың салдарынан ауаға тараған радионуклидттер негізінен полигонның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында таралған. Топырақ құрамының орташа альфа және бет-белсенділігі 200-1800 Бк/кг аралығында. Ластанудың көп мөлшері ойпаң жазықтар мен шөлейт ландшафттарда көбірек болуы радионуклидттердің су және жел арқылы қайта ландшафттарда шоғырланғанын көрсетті. Шөлейт ландшафттарда радионуклидттер мөлшері дала ландшафттарына қарғанда көбірек. Радиоактивтілік мөлшері полигонның сынақ аудандарынан көп кашық жерлерге таралған деуге болады. Семй маңы, абай ауданымен шекаралас жатқан Жарма (Шар), Аягөз (Шұбартау) аудандарының кейбір жерлерінде плутоний – 239, стронций – 90 және цезий – 137 радионуклидтерінің топырақтағы жоғары көрсеткіштері анықталды. Сондықтан бұл өңірде түзелген радиоэкологиялық жағдай кең көлемді экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

Тұран жазығы еліне жататын Балқаш маңы – Алакөл провинциясы Балқаш, Алакөл, Сасықкөл көлдері шоғырланған, Балқаш-Алакөл тектоникалық ойысын алып жатыр. Оның солтүстік бөлігі Шығыс Қазақстан облысы аумағына сұғына еніп жатыр. Экологиялық шиеленісу деңгейі – қауіпті. Негізгі экологиялық бұзылулар шөлдену үрдісінің белсенділігімен, Қапшағай бөгенін салу салдарынан Іле өзені атырауының құрғауы, Балқаш көлі экожүйелерінің азып-тозуы, жайылымдық дигрессиясымен, Ақдала, Қаратал суармалы алқабы топырағының қайта сорлануымен байланысты. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы (ауданы – 19712,9 га.) 1998 жылы құрылды. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары аумағында орналасқан қорықтың басты мақсаты – бірегей сулы-батпақты кешенді қорғап қалу. Тұщы Сасықкөл көлінің батпақты жағалауын, Алакөл көліндегі «Реликті шағала» табиғат ескерткіштері бар Аралтөбе аралы және Ұялы көлі аралығын қамтиды.

Алтай таулы елі – Сібірдің оңтүстігіндегі ұлан байтақ тау жүйесі, Қазақстанда оның батыс бөлігі – Кенді Алтай мен Оңтүстік Алтай орналасқан. Ең биік нүктесі – Белуха (Мұзтау) (4506м). Палеозой эрасы Герцин тау жасалу үрдісінде пайда болған. Мезозой мен палеогеннің басында Алтай кең байтақ денудациялық жазық болды. Қазіргі жер бедері неоген-төменгі төрттік кезеңде қайта көтерілу нәтижесінде қалыптасты. Алтай таулы еліне - Батыс-Алтай және Оңтүстік Алтай таулы провинциялары жатады.

Батыс Алтай (Кенді Алтай) таулы провинциясына орташа таулы жоталар жүйесін қамтиды. Ең биігі Иванов жотасы (2778 м), Қоржынтау (Қалзың) (2360 м), Көксу (2025 м), Тигрец (2007 м), Қоңыржон (Листвяга) (1837 м), Оба (1962м), Үлбі (1395 м), және Қалба жотасы (Сарышоқы – 1606 м) т.б. атауға болады. Аумақтың экологиялық жағдайы – кейбір өнеркәсіп орталықтарында (Өскемен, Лениногор, Зырян қалалары) қауіпті, ал экологиялық бұзылу деңгейі қанағаттарлық экологиялық шиеленісу көздері тау-кен өнеркәсібі, түсті металлургия, энергетика, Семей ЯС полигонының қоршаған ортаға ұзақ уақыт әсер етуі болып табылады.

Өскемен урбаөнеркәсіптік ауданы - Өскемен қаласын және маңын алып жатыр. Қоршаған ортаға кері әсер ететін өнеркәсіп орындарының қуатты кешені: титан-магний, қорғасын-мырыш комбинаттары, Үлбі металлургия зауыты, химия-металлургия және цемент зауыттары, ЖЭО т.б. Экологиялық шиеленісу деңгейі – қауіпті, жер бетіндегі тұрақты температура инверсиясымен және тымырсықтың, жиі қайталануымен шиеленісе түседі. АЛИ5–6,1 (2006ж.), күкірттің қос тотығы, фенол (1 ШРШ), шаң (4 ШРШ), формальдегид (1,7 ШРШ) пен азоттың қостотығы (1,3 ШРШ). Ертіс және Үлбі өзендерінің өнеркәсіптік-тұрмыстық ақаба сулармен ластануы.

Лениногор урбаөнеркәсіптік торабы - Риддер қаласы мен түсті металлургияның тау-кен өндіріс орындарын қамтиды. Экологиялық шиеленісу деңгейі – қауіпті. Экологиялық орнықсыздану факторлары: Лениногор – полиметалл комбинаты және оның құрамына кіретін қорғасын-мырыш зауыты, кеніштер, карьерлер, бос тау жыныстары үйінділері. Атмосфераның ластану деңгейі өте жоғары – Қазақстан қалалары ішінде ластануы бойынша бірінші орында. Тауаралық ойыс атмосфералық ауаны ластаушылардың таралып кетуіне қолайсыз климаттық жағдай туғызады. 1996 ж. АЛИ5 – 22, формальдегид (6,5 ШРШ), фенол (3,7 ШРШ), азоттың қостотығы (1,8 ШРШ), күкірттің қостотығы (21 ШРШ), шаң. Үлбі өзеніне тасталатын өнеркәсіптік қалдықтар өзенді ауыр металдармен ластану деңгейін арттырады. СЛИ-3,13. Суы 4-ші кластық, ластанған, құрамында мырыш (6,2 ШРШ), мыс (4,2 ШРШ), т.б. бар (2006 ж.). Топырақтың техногендік ластануы.

Зырян урбаөнеркәсіптік торабы – Зырян қаласын, түсті металлургияның тау-кен өндіріс орындарын қамтиды. Ең үлкен кері әсер етуші – қорғасын комбинаты болып табылады. Экологиялық шиеленісу деңгейі – қауіпті. Қазақстанның ең лас қалаларының бірі. Негізгі ластаушылар: шаң, азот қостотығы, фенол, күкірттің қостотығы, формальдегид. АЛИ5 – 10,5 (1997 ж.). Өнеркәсіптік ағын сулардың негізгі бөлігі Бұқтырма өзеніне құйылады. СЛИ – 1,91. Суы 3-ші кластық, орташа ластанған (2006 ж.). Негізгі ластаушылар: кеніштер мен кендер, кенін ашық әдіспен өндіретін терең карьерлер – Сыбай (320 м), Қорқын (350 м), Үшалы (220 м). Ірі Малеев кеніші.

Глубокое тау-кен өнеркәсіптік аймағы – Ертіс полиметалл комбинатын (Глубокое кенті), оған жанасып жатқан тау-кен өндіріс орындарын, қалаларды, жұмысшы кенттері, Шығыс Қазақстан мыс-химиялық комбинатын (Усть-Таловка кенті) қамтиды. Жергілікті өзендердің өнеркәсіптік ластануы. Глубочанка өзені – СЛИ – 4,08. Суы 5-ші кластық, ластанған. Мыс (6,5 ШРШ), мырыш (8,6 ШРШ), азот нитриті (3,5 ШРШ), т.б. Красноярка өзені СЛИ – 4,38. Суы 5-ші кластық, ластанған: мыс (2,5 ШРШ), мырыш (15,1 ШРШ), марганец (4,4 ШРШ) (2006 ж.). Экологиялық шиеленісу деңгейі – қауіпті.

Кенді Алтай аумағындағы Ертіс өзені, Өскемен, Лениногор, Зырян қалаларының, Глубокое кентінің, Бұқтырма, Үлбі, Красноярка өзендері әкелетін өнеркәсіптік-тұрмыстық ақаба сулармен қатты ластанған. СЛИ-1,95. Су сапасы 3-ші кластық, ластануы орташа. Негізгі ластаушылар: мыс (2,3 ШРШ), мырыш (2,2 ШРШ), азот аммонийі (2,3 ШРШ). Қазақстанның Кенді Алтай қалаларының атмосфералық ластану индекстерін 20 жыл (1986-2006 жж.) аралығында салыстыру арқылы бастапқы жылдары (1986-1992 жж.) өнеркәсіптердің қауырт жұмысына байланысты аталған қалаларда ауаның ластану дәрежесі жоғары болғанын көреміз [16]. Ал кейіннен экономиканың тоқырауына қарай, өнеркәсіп жұмыстарының баяулауына байланысты ластану дәрежесінің төмендегені байқалады. Зырян қаласының ауасының ластануы көрсеткіші Өскемен мен Риддерге қарағанда жоғары. Себебі, қала ауасының ластануына қала тұмандануының жоғарылауы және жел соғу жылдамдығының төмендеуі әсер етеді. Демек, атмосфералық ауаның табиғи жолмен тазалануы бірқатар метеорологиялық факторларға байланысты: желдің жылдамдығы мен бағыты, жауын-шашынның жиілігі мен мөлшері, инверсия қабатының болуы немесе болмауы, тұмандану және салыстырмалы ауаның жоғары температурасы. Тауішілік ойыстарда жан-жағы тау жоталарымен қоршалғандықтан, желдің соғуы әлсіреп, ауа массаларының қозғалысы баяулайды. Аталған факторлардың ішінде ауа бассейінің табиғи жолмен тазалануында жел өте маңызды орын алады. Сондықтан ауаның тек қана тік қозғалысымен және баяу желмен сипатталатын тауішілік ойыстардағы қалалардың ауа бассейінінің тазалығына қатаң талап қойылуы тиіс. Өнеркәсіптердің ластаушы заттарды атмосфераға шығару кезінде аймақтың ауа-райы жағдайы қадағалануы қажет.

1992 жылы Батыс Алтай таулы провинциясында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы ұйымдастырылды. Ауданы – 56078 га. Ақ Оба мен Қара Оба өзендері аралығында Көксу жотасының беткейлерінде орналасқан. Сонымен қатар «Төменгі тұрғысын» мемлекеттік қорықшасы (2200 га), «Көкшілтау самырсын тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткіші» (137 га), Алтай ботаника бағы (Риддер қаласы) (154 га) ұйымдастырылған. Келешегі бар Сібе ұлттық саябағын ұйымдастыру көзделген.



Оңтүстік Алтай таулы провинциясы Оңтүстік Алтайдың Оңтүстік Алтай (3483 м), Сарышоқы (3373м), Нарын (2533 м), Күршім (2645 м) сияқты тау жоталарын қамтиды. Тауаралық ойыстарда көптеген көлдер мен өзендер шоғырланған. Экологиялық шиеленісу деңгейі – қанағаттарлық. Экологиялық қауіп факторлары – орманды ретсіз кесу, тау жолдарының ретсіз салынуы. Экологиялық шиеленісу аймақтарына Бұқтырма және Өскемен бөгенін жатқызуға болады. Ұзындығы – 500 км, ені 35 км, көлемі 49,6 м³ болатын Бұқтырма бөгені – Зырян өнеркәсіптік торабының өнеркәсіптік ағындарымен ластануда. СЛИ-0,79 суының сапасы 2 кластық, таза (2006 ж.). Қара Ертіс өзені ағынының бір бөлігін алу жобасы салдарынан бөген деңгейінің төмендеу қаупі жоғары деуге болады. Өскемен бөгені Ертіс өзенінде Өскемен СЭС-сын салған уақытта пайда болды. Ұзындығы – 77 км, ені 1,2 км, көлемі 659 млн текше метр. Серябрян қаласы тау-кен өнеркәсіптік өндіріс орындарының өнеркәсіптік ағындыларымен ластанған. СЛИ – 0,88 суы 2 класты таза (2006ж.). Аумақта Шығыс Қазақстан аумағында алғаш рет ұйымдастырылған Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы (1976 ж.) бар. Қорықтың мақсаты – аймақтық ландшафттар, көлдер, флорасы мен фаунасының табиғи ерекшеліктерін сақтап қалу. Ауданы – 75048 га. болатын қорық Марқакөл тау аралық ойысындағы таулы-орманды (шыршалы-май қарағайлы) ландшафттарын, оны қоршап жатқан Күршім жотасының тау беткейлерін, Марқакөл көлінің (абсолюттік биіктігі 1485м) үлкен бөлігін қамтиды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1996 жылы Қатон-қарағай мемлекеттік табиғи саябағы (643477 га) ұйымдастырылды. Қорықтың басты мақсаты – бірегей қылқанды ормандарды, тарихи, табиғи ескерткіштерді, яғни табиғи ландшафтысын сақтап қалу және аймақтық рекреациялық және курорттық әлеуетін (Рахман бұлағы санаторийі) т.б. дамыту болып табылады.

Оңтүстік Алтай таулы повинциясынан оңтүстікке қарай Сауыр-Тарбағатай-Жетісу таулы елі орналасқан. Жетісу Алатауы тау жүйесін (4464 м) Сауыр (3500 м) және Тарбағатай (2992 м) жоталарын қамтиды. Қытай Жетісу тау жүйесімен біртұтас, шартты түрде ғана Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара бойымен бөлінеді.



Жайсан тау-аралық шөлейт провинциясы Алтай, Сауыр мен Тарбағатай тау жүйелерін бөліп тұратын Жайсан тауаралық ойысында орналасқан. Жайсан қазаншұңқырының ұзындығы 300 км, ені 140–150 км. Ең төмен бөлігінде Жайсан көлі орналасқан, одан Ертіс өзені ағып шығады. Бұқтырма бөгетін салған соң Жайсан көлі Бұқтырма бөгенімен қосылып, біртұтас су қоймасын құрады. Провинцияның экологиялық шиеленісу деңгейі – қанағаттарлық. Қытайда Қара Ертіс өзенінің ағынын реттеудің экологиялық қаупі, соның салдарынан Ертіс суының азайып Бұқтырма бөгенінің тартылып, Жайсан көлі деңгейінің төмендеуі және оның маңында шөлдену үрдісінің қалыптасуы байқалуда. Синьцзян – Ұйғыр ұлттық ауданында (КХР) Ертіс-Қарамай каналын салу Қара Ертіс ағындарының көлемін қысқартып, атырауындағы табиғи тепе-теңдікті бұзады. Жылдық ағынды көлемі 9 км³ (қазіргі уақытта) 20 %-ға (2 км³) азайса, Бұқтырма бөгенінің деңгейі төмендейді, Ертістің бойындағы СЭС-тың қуаты 20 %-ға кемиді және Орталық Қазақстанның су шаруашылық проблемалары біршама шиеленіседі.

Аумақта табиғи ландшафттарды қорғау үшін Бұқтырма бөгенінің батыс жағалауында Құлыджы және «Қаратал құмы» мемлекеттік табиғи қорықшалары (зоологиялық және ботаникалық) ұйымдастырылған. Сонымен қатар Қара Ертіс өзенінің аңғарында – (Майқапшағай, Боран және Қаратал елді мекендері аралығы) келешегі бар Зайсан шөлді қорығын ұйымдастыру (120 мың га) көзделіп отыр. Бұл қорықта Зайсан қазаншұңқырының шөлді ландшафтысының флорасы мен фаунасы қорғауға алынады.



Сауыр таулы провинциясы – Маңырақ таулары мен Сауыр жотасын қамтиды. Таулы массив биіктігі (3500м) тік беткейлерімен, тегіс шыңдарымен сипатталады. Экологиялық шиеленісу деңгейі – қолайлы. Сауыр жотасы беткейлеріндегі ормандардың жойылып кетуін болдырмауға бағытталған табиғатты қорғау шараларын жүргізу қажет. Болашақта Сауыр табиғат ескерткіші (ботаникалық) Жайсан маңы және Теректі (ботаникалық) қорықшараларын ұйымдастыру жобасы бар. Сауыр табиғат ескерткіші Сауыр жотасындағы Теректі және Шат алқаптарындағы таулы шыршалы ормандарды қамтиды. Қазақстан аумағындағы Шренк шыршасы (Тянь-Шань шыршасы) өсетін күңгірт қылқан жапырақты ормандары ареалынан оқшауланған ең солтүстік бөлігі кіреді. Сауыр жотасының оңтүстік-батысында Жайсан және Балқаш-Алакөл ойыстарын бөліп тұрған Тарбағатай (Барқытбел) жотасы алып жатыр.

Қазақстан аумағында жотаның батыс бөлігі орналасқан, оның ұзындығы 300-ге жуық, ені 30–50 км. Тарбағатай жотасының ең биік нүктесі – Тастау тауы (2992 м). Экологиялық шиеленісу деңгейі – қанағаттарлық. Қоршаған ортаның экологиялық орнықсыздану техногендік факторының жоқтығы, топырақ эрозиясы қаупінің алдын-алу қажеттігі болып табылады. Тарбағатай (Барқытбел) жотасының батыс бөлігіндегі аласа таулы ландшафтарды қамтитын – Тарбағатай мемлекеттік қорықшасы (240000 га) ұйымдастырылған. Мақсаты – Тарбағатай жотасының бірегей субальпілік өсімдігін қорғау. Келешегі бар Тарбағатай мемлекеттік табиғи резерватын (2010 ж.) құру жоспарланған. Табиғатқа адамзаттың жоспарлы әсері бір жағынан қоғамның өсіп келе жатқан табиғат ресурстары сұранысын қамтамасыз ету, екінші жағынан – табиғат ресурстарын мүмкіндігінше сақтау және оларды қайта өндіруді кеңейту арқылы қоршаған ортаның әлеуетті өнімділігін арттыруға болады. Бұл мәселелер қазіргі уақытта геоэкологиялық зерттеулер негізінде шешілуі керек. Экологиялық тұрғыда бұзылған аумақтардың табиғатын орнықтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін осындай аймақ тұрғындарын үкіметтік шешімдер негізінде құқықтық қорғаудың маңызы ерекше. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау мен табиғатқа адам әсерінің салдарын алдын-ала білудің ландшафтық экологиялық ұстанымдары мен әдістерін әрі қарай дамыту маңызды деп білеміз. Қазіргі уақытта Семей ядролық полигонына жанасып жатқан Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының үлкен бөлігі экологиялық апат зонасы деп жарияланған. Табиғатты қорғау саласындағы ғылыми проблемаларды сәтті зерттеп, шешу тек қоршаған ортасы экологиялық тұрғыда бұзылған аймақтардың жергілікті табиғат жағдайларының ерекшеліктерін жан-жақты ескеру арқылы, яғни геоэкологиялық негізде ғана жүзеге асады.


3.2 Ертіс өзені алабы ландшафттарының экологиялық жағдайы

Ірі өзен алаптарының техногендік қалдықтармен ластану қарқындылығының артуы, соңғы уақытта, ең қиын да, күрделі мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Қазақстанның осындай ірі өзен алаптарының бірі болып табылатын Ертіс өзені, Республиканың шығысы мен солтүстік – шығысында орналасқан аймақтарды, яғни түсті металлургияның дамыған орталықтарын басып өтеді.

Сонымен Ертіс өзені алабы – Қазақстан арқылы ағып өтетін аймақтарының өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, ауыз суы және тұрмысқа қажетті сулармен қамтамасыз ететін негізгі көзі. Өзен алабында Қазақстан аймағында 53 өнеркәсіптің пайдаланған қалдық сулары ағызылады. Бір жылда түсетін қалдық сулардың мөлшері 1,3 млрд. м³ - ті құрайды, оның шамамен 10 %-ы ешқандай тазаланбай, ал 30 %-ға дейінгісі жартылай, толық тазалаудан өтпеген күйде түседі. Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптерден басқа аймақтан су ресурстарының жағдайына Шығыс Қазақстандағы орманды кесу де, елеулі әсерін тигізеді.

Ертіс өзен алабының ландшафттарының зиянды заттармен қарқынды ластану, тазарту қондырғылары ескі Серебрян, Өскемен және Семей аймақтарында болса да, өзен алабына негізгі үлкен зиянды Шығыс Қазақстанның апатты жағдайға ұшыраған кезіндегі тау – кен металлургиялық және техникалық өнеркәсіптері әкеледі. Бүкіл Ертіс өзені алабына жыл бойы бірнеше ондаған тонна мырыш, 3 тонна мыс, 2 тоннадан да кадмий мен қорғасын түседі. Ертістің жалпы өзен алабының бойындағы мыс, мырыш, қорғасын, хром, кадмийдің ШЖҚ (шектеулі жіберілетін концетрация) мөлшері, микробиологиялық көрсеткіш бойынша 24 есеге дейін жоғары. Әсіресе, Ертістің кішігірім сағалары Үлбі, Глубокое, Тихая өзендерінің оған құятын тұстарында мыс пен мырыштың мөлшері шекті қалыптан бірнеше есеге көп. Енді осы қарастырылып отырған аймақтың ландшафтарының ластауынын, жеке-жеке компонентке бөліп қарастырайық..

Сонымен Шығыс Қазақстан аймағының су ресурстарының жағдайына келсек, аймақтың су қоймаларына тек қана бір жыл ішінде 86 мындай зиянды заттар түссе, соның біразы улы заттар, яғни мұнда 2 тонна– мырыш, 5 тонна – мыс, шамамен 1 тонна қорғасынмен ластанған. Бұған қоса ционидтер, кадмий, селен, талий және қышқылдарда кездеседі. Бұлардың жалпы жылдық көлемі 26–27 тоннаға дейін өзен суына қосылады. Өзен салаларының суына тазаланбаған шахтаның сулары жұмыс істемей тұрған кеніштердің де шахталық сулары қосылады. Тұрмысқа пайдаланылған сулардың да өзенге түсу нәтижесінде оның ластау денгейі артады. Оның нәтижесін судағы нитриттер, нитраттардың, фосфор мен органикалық заттардың қосындыларының артуынан көруге болады. Жалпы, аймақтағы суды қолдану соңғы жылдар тұрақты, яғни жылына 600-700 млн м³ болса, оның – 270 млн.м³ суы қайтадан, екінші қайтара қолданылады. Жер беті су қоймаларына пайдаланылған су 53 өнеркәсіптің су жіберетін 76 орны арқылы келеді. Тау – кен өнеркәсібі мен түсті металлургия дамыған аймақтағы Ертіс, Үлбі, Оба, Глубочанка, Бұқтырма, Красноярка, Березовка өзендеріндегі айыр металдар мен басқа да зиянды заттардың мөлшері 10-20 есе көп болса, ал олардың қоспалары қажетті мөлшерден 10 есе жоғары. Мысалы, мыс – 1–43, мырыш – 4–40, фенол 2–7, есе көп. Сонымен, Ертіс өзені алабының суы республика бойынша ең ластанған және тұрғындар денсаулығына қауіпті өзендердің бірі болып саналады. Өзендердің түбіндегі шөгінділерінің де қатты ластанғандығы анықталған. Өнеркәсіптік аймақтағы ластанған жер беті сулары тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуге жарамайды. Сол себептен Өскемен қаласы да ауыз сумен 15 жер асты сулары арқылы қамтамасыз етіледі, бірақ ол жер асты суларды да зиянды заттар мен ауыр металдардың ерітінділермен ластанып, қажетті мөлшерден жоғары болуы да мүмкін.

Ертіс өзенінің суындағы мырыштың орташа мөлшері, оның жоғары ағасынан Обь өзеніне құятын жеріне дейінгі аралықта 7,6 есе өзгереді. Бұл жерде өте назар аударатын жағдай, оң жақ жағалау салалардағы мырыштын ерітіндісі сол жақтағы салаларға қарағанда 8,1 есеге көп. Бұл жағдай, Ертіс өзенінің оң жақ салаларының, әсіресе Бұқтырма, Үлбі, Оба, Глубочанка, Красноярка сияқты өзендер, Зырян қорғасын, Лениногор полиметалл, Өскемен титан – магний және қорғасын – мырыш, Ертіс химия металлургиялық комбинаттар мен және де т.б. өнеркәсіп орындарының ағын суларымен ластануымен түсіндіріледі. Сондай-ақ оң жақ жағалауының салараның бойында тұрғындардың тығыздығы да жоғары. Ауыл шаруашылығы да біршама қарқынды дамыған.

Жалпы Қазақстан бойынша атмосфераға 2582,6 мың тонна ластауыш заттар түссе, бұл заттарды тастайтын негізгі үлеске ие 5 облыстың ішіне Шығыс Қазақстан, (274,7 мың тонна), Павлодар (463,6 мың тонна) облыстары да кіреді.

Осы заттардың негізгі өндейтін өнеркәсәптер (тасталынатын заттардың жалпы көлімінен 48,6 % осының үлесіне тиеді), металлургия (44,6 %) және тау – кен өнеркәсіптері (16,2%)болып табылады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша атмосфераны ластайтын заттар тастайтын шамамен 459 кәсіпорын бар. Осы зиянды заттардың көлемі 2001 жылы 274745,8 тоннаға жетіп, 2000 жылмен салыстырғанда 30865,8 тоннаға өсті. 2005 жылы тастанған зиянды заттардың саны Шығыс Қазақстан аймағында шамамен 40%-ға жетіп отыр. Сыртқа тасталынатын элементтердің ішіндегі айтарлықтай көп мөлшердегі: мыс оксиді (11,7 тонна), мырыш пен оның қосындылары (4311 тонна), күкірт (260,4 тонна), құрамында 35–40 %–ке дейін кальций оксиді бар көмір күлі (212708 тонна).

Ертіс өзені алабының атмосферасына түсетін зиянды заттардың негізі көздері Өскемен, Риддер, Зырян, Семей және Глубокоедағы өнеркәсіп орындары. Тек, Өскемен қаласы бойынша әуе кеңістігіне тарайтын залалды заттардың 60 %-ы осы түсті металлургия кәсіпорындарының үлесіне, оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының еншісіне зиянды заттардың 30 %-ы тиеді.

Атмосферадағы зиянды заттардың өнеркәсіп орталықтарын желдің соғуына байланысты оңтүстік-батыс бағытқа қарай 40 км-ге, ал шығысқа 80 км-ге дейін, солтүстік – шығыс пен солтүстік батысқа қарай 110 км-ге дейінгі аймақтарға таралса, олардың жалпы түсетін ауданы 3000 км². Ертіс өзені алабының бойында орналасқан 10 мың стационарлық көздерден түсетін қалдық заттардың жалпы мөлшері жылына 240 мың тоннадан асады (2005 жылдың мәліметтері бойынша).

Тымық ауа-райы жағдайындағы күндерде (желсіз) Өскемен, Риддер және Зырян қалаларының ауа бассейіндердің ластануы санитарлық шамадан 10 және одна да бірнеше есе болып, республикадағы ауасы ең таза емес қаларынын қатарына кіреді. Мысалға алсақ, тек қана бір жылдың өзінде, яғни 1998ж «Казцинк» ААҚ-ң өзінен ғана Өскемен қаласының атмосферасына 59 мың тонна ластаушы заттар тасталынса, соның негізгісі қорғасын болып табылады. Глубокийдағы «Ертіс мыс заводы» ААҚ-ң кәсіпорын атмосфераға 33,9 тонна қорғасын, тастаса, жылына 30 мың тонна шамасындағы зиянды заттар Риддер қаласының атмосферасы тасталынады. Ауа бассейінің ластануы автокөліктің да әсері елеулі.

Сондай-ақ, Ертіс өзені алабының атмосферасында шаң – тозаң, күкірттің қос тотығы, көміртегі, азот, хлор, формальдегид, фенол,қорғасын (қауіптілігі 1 класс ) анықталады. Жоғарыда айтылып өткен елді мекендердің атмосфера ауасының орташа жылдық ластану динамикасы, атмосфераның ластану индексі бойынша (АЛИ) 11-24 – ке дейінгі аралықта ауытқып отырады. Риддер полиметалл комбинатынан атмосфераға түсетін шаң – тозаң 0,5–1,5 мың гектар жерге дейін таралады, бұл жылына орташа есеппен 100 тоннаны құрайды деген сөз. Бүкіл техногендік қалдықтардың бұзылуынын пайда болатын шаң – тозаң мен ластану аймақта жылына 113 мың тоннаны құрайды. Шанның ең жоғарғы мөлшері, минералды – шикізатты кешенді ірі өнеркәсіптердің әсер ету зонасында қалыптасқан. Глубокоеда (ЕМЗ) олар тәулігіне 2560 кг/км² жетсе, Өскеменде (ҚМК), Ленингор (ЛӨК) тәулігіне 1000 кг/км², тіпті бұданда жоғары болып, атмосфераның ластауының өте қауіпті деңгейіне сәйкес келеді. Тау – кен байыту өнеркәсәптерінің аймақтарында //Зырян, Белоусов, Жоғары Березов елді мекендерінің қонысты аймақтары// шаң – тозаңның салмағы тәулігіне 700 кг/км²-қа жетті.

Атмосфералық ауаға жүргізілген талдай бойынша орташа тәуліктік ШЖК (шектеулі жіберілетін концентрация)–ның өсуі, құрамындағы күкірт ангидридінің мөлшері бойынша 27,6 есеге жетсе, мырыштың мөлшері 22 есе болады, ал бұл дегеніміз елді мекендерге сәйкес келмейтін өте үлкен көрсеткіш. Ластайтын заттардың айтарлықтай көп мөлшері күкірт ангидридінің мөлшері бойынша 27,6 есеге жетсе, мырыштың мөлшері 22 есе болады, ал бұл дегеніміз елді мекендерге сәйкес келмейтін өте үлкен көрсеткіш.

Сонымен, ластайтын заттардың айтарлықтай көп мөлшері күкірт диоксиді (62,4 %) мен шаң – тозандарға (17,1 %) тиеді. Бұл шығарылатын газдардың көп мөлшері металлургиялық өнеркәсіптерді минерал шикізаттарды өңдегенде бөлінеді. Газдың құрамына күкірттің қос тотығы, көміртегі қышқылдары, азот қышқылдары, хлор, түсті металдар кіреді. Әсірессе күкірттің қос тотығының көп мөлшері түсті металлургия өнеркәсіптерінде сульфидті шикізатты өндегенде бөлініп шығады. Қышқыл жауынды туғызатын көшетханалық газдар мен заттардаң көздері болып металлургиялық өнеркәсіптерден басқа жоғарыда тоқталып өткендей жылу энергетикасы мен автомобильдік көлік түрлері табылады. әсіресе күкірттің қос тотығының көбі, жылу энергетикалық өнеркәсіптерінде ешқандайда тазартылып, ұсталып қалмай, атмосфера түсетін, құрамында күкірттің жоғары мөлшері бар Семей өңірінің көмірін жаққанда қалыптасады.

Ертіс өзені алабының табиғи және климаттық жағдайларының ерекшеліктері және де техногенді ластанудың өте күштілігі, топырақ жамылғысының бұзылуы мен ластануының жоғары деңгейде екенің анықтайды. Көптеген жылдар бойы адамның әрекет етуінен. Топырақ жамылғысы да айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Айта кететін жай, негізгі құнарлы шалғындық және далалық топырақтар – мол өнім негіз. Тек эрозия нәтижесінде өзінен – ақ, топырақ жабындысы, бір жылдың ішінде 1 %-ға дейінгі қара шіріндісінен айырылса, 20 жылда 20–25 %-ды құрады. Онадаған мың гектар жерге, өнеркәсіп нысандар мен тау – кен өндірістері және қатты тұрмыстық пайдаланылған қалдық заттардың полигондары таралып, олардың жалпы көлемі 17 млн тоннаға дейін жетсе, ал улы өнеркәсіптік қалдықтар – 1,4 млрд тоннаны құрайды. Топырақ жабындысын ауыр металлдармен ластану масштабы жайлы, төмендегі сандардан – ақ көруге болады. Мысалы, Өскемен қаласының шегіндегі 260 км² ауданды алып жатқан жердің топырағында 9,7 мын тонна қорғасын мен мырыш. 32,5 тонна сынап бар. Аймақтын топырақ жамылғысының улы заттармен ластану қауіптіліктің 1–2 класына жатады. Қоршаған табиғи ортада өндіріс қалдықтары мен стационарлық көздерден түсетін заттардың таралуынан, мышьяк (күшәла), мырыш және кадмий сияқты элементтердің ШЖҚ (шектеулі жіберілетін концентрация) мөлшерінен жоғарылығын байқауға болады.

ШЖҚ (шектеулі жіберілетін концентрация) деңгейімен сәйкес Өскемен, Семей, Риддер қалалары және Глубокое ауылының аймағындағы топырақ жамылғысының ауыр металдармен ластанғандығы белгілі.

Ертіс өзені алабының Шығыс Қазақстан аймағы бойынша тұтасымен улылықтың жоғары деңгейіндегі өзіндік геохимиялық ауытқуы пайда болды. Бүкіл осы аймақ бойынша 1 гектер жерге жүргізілген жұмыстың орташа құны 150–200 мың тенге болатын 6 300 гектар жер, тез арадағы өндеуді қажет етеді. Түсті және тау – кен өндірісінің өнеркәсіптерінің улы қалдықтарымен залалсыздандыру әдістері және қалдықтардың қоршаған табиғи ортаға көмілу, оның ластануына әкеліп соғады, тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың көмілу полигондарын өңдеу жеткіліксіз түрде жүргізілуде.

Сонымен, топырақтың ауыр металдармен техногендік ластануы, аймақта шамамен ауданы – 12,4 мың км² антропогендік биогеохимиялық провинция қалыптастырады. Оның шегінде топырақтың ауыр металдармен ластану деңгейі қауіпті және өте қауіпті аймақтар деп бөлінеді. Топырақтын айтарлықтай қарқынды ластану аймақтын кларкін 7-ден 446 есеге дейін көтеретін улы элементтердің ерітіндісі бар нысандарға жақын орналасқан елді мекендердің территорияларында байқалады. Кен байыту фабрикаларына жақын жатқан территориялардағы (Белоусовка, Жоғарғы Березовка, Таловка, Риддер) негізгі компоненттермен бірдей тіркелетін сынап, барий, молибден, стронций, басқа да элементтер болғандықтан, токсиканттардың едәуір кең сапалы құрамы тән. Ластанудың жиынтық көрсеткіші фоннан жоғары 33–70-ке дейін өседі де, топырақтың ластануының қауіпті дегейіне сәйкес келеді .

Қорыта келгенде, бұзылған жерді қайтадан қалпына келтіретін әдістердің бірі, жерді қайтадан өңдеу болып табылады, бірақ ол өте мардымсыз жүргізілуде. Оған мысал, 2000 жылы 11640 гектар бұзылған жердің тек 199 гектары ғана қайтадан қалпына келтірілді .

Аймақтын ең негізгі байлықтарының бірі – орман. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 3,37 млн гектар, оның 1,75 млн гектарын орман алып жатыр. Шығыс Қазақстанда орманның болуы, мемлекеттік кәсіптік ағашпен қамтамасыз етудің 80 %-ын орындауға мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстанның көптеген ормандары таулы аймақтарға тарағандықтан, көбіне топырақ қабатын құраушы, климат қалыптастырушы және су қорғаушы сипатқа ие балады. 2000–2005 жылдар аралығында облыста 354,5 мың м³ ағаш дайындалған. Сонымен қатар ормандардың жолғалып кетуіне, орман өртінің өзі үлкен әсер етеді. Мысалы, 2000–2005 жылдар ішінде орман алабының 158,4 мың га өртеніп кеткен, әсірессе Семей өңірінің орман жалдары және Қалба қыратының ормандары қатты зардап шекті.

Өртпен күрес және орманды қалпына келтіру жұмыстары – орман шаруашылығындағы негізгі мәселелердің бірі, бірақ техникалық құралдар мен материалдық ресурстардың жеткілікті болмауынан бұл шаралардың қарқындылығы біршама төмен. Жалпы облыстың орман қоры, яғни аудандағы, ағаш егу 300 мың га-ға жетеді. Орманды қалпына келтіру жұмыстары тек 2,5 мың га ауданда ғана жүргізілген. Осылай жалғаса беретін болса, өртенген орман жерлерін қалпына келтірі үшін 100 жылдан астам уақыт қажет болады. Оның үстіне отырғызылған ағаштардың өмір сүруі 54 % дан аспайды. Облыста 2010 жылға дейін өрттен зиян шеккен ормандарды қалпына келтіру максатында Ертіс орманы МТОР аумағында «Ертіс өңірінің қалдық ормандары» бағдарламасы жұмыс істейді.

Жоғары да айтылған орман қорғау және қалпына келтіру шаралары, орман қорғау қызметінің материалдық және техникалық базасын нығайту жұмыстары орман ресурстарын ұтымды пайдалануға, қорғауға және бағалы, әрі ерекше орман массивтерін сақтауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет