Т. Т. Ипалаков., Б. Апшикур маркшейдерлік іс негіздері



бет4/26
Дата26.12.2023
өлшемі1.29 Mb.
#487980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
МУП маркшейдер. дела

А Қосымшасы............................................................................................

116




Б Қосымшасы.............................................................................................

117




В қосымшасы..............................................................................................

119




Г қосымшасы..............................................................................................

121




Д қосымшасы..............................................................................................

130




Е қосымшасы..............................................................................................

131




Ж қосымшасы.............................................................................................

132




И қосымшасы..............................................................................................

145


І БӨЛІМ


«МАРКШЕЙДЕРЛІК ІС НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛДАР


1 ТАУ-КЕН ІСІ КАРЬЕР ЖӘНЕ ШАХТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Дәріс жоспары:



  1. Жалпы түсінік;

  2. Тау-кен ісінің еліміздегі даму кезеңдері мен жетістіктері;

  3. Кеніш орындарын өңдеудегі құрылыстар түрі.

Тау-кен ісі – ғылым мен техниканың жер қойнауын игеру, пайдалы қазылымдар өндіру жұмыстарын қамтитын саласы. Ол жер қыртысына техногендік әсер етудің барлық түрін қамтиды. Тау-кен ісі негізінен жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу, құрамы мен сапасын анықтау, өндіру жүйесін тағайындау, алынған пайдалы қазылымдарды алғашқы өңдеуден өткізу және тау-кен технологиясы саласында ғылыми-зерттеуші жұмыстарын жүргізумен айналысады. Содан кейін ғана кен қазу үшін дайындық жұмыстары (кенді ашу, дайындық қазбалар жасау, жер астылық және жер үстілік қажетті құ-рылыстар тұрғызу, т.б.) орындалып, кен белгіленген жүйемен қазыла бастайды.


Тау-кен ісі адамзат қоғамы пайда болуымен байланысты тым көне заманнан басталды. Тау-кен ісінің алғашқы өндірген шикізаты кремний болды. Темір кенін қазу және өңдеу туралы алғашқы жазба мәліметтер 3-мыңжылдықтың орта шенін меңзейді. біздің заманымыздан бұрынғы 6 – 5 мыңжылдықтарда мыс, алтын, қалайы, күшәла, қорғасын өндіріле бастаған, 9 – 8 ғ-ларда темір кендері, антиквар кезеңде және орта ғасырларда мұнай мен көмір, ал 20 ғасырда – радиоактивті кендер мен газ ерекше маңызға ие бола бастады. Антиквар кезеңдегі елдерде (Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим мен Жерорта т. елдерінде) 100 м-ден астам тереңдіктен кенді көтеріп шығаратын күрделі механикалық тетіктер, су төгетін механизмдер пайда болды. Су ағысын пайдаланып алтын өндіру жұмысы (Колхида, Испания), 900 м-ге дейінгі тереңдіктен диам. 12 – 15 см ұңғыма көмегімен тұз өндіру тәсілі едәуір жетілдірілді. Бу қазандарын, бу қозғалтқыштарын ойлап табу шахта жұмыстарының пайдалы қазылымдарды жер бетіне көтеру, су төгу, желдету, ұңғыманы бұрғылау сияқты қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруға оң ықпал жасады. Тау-кен ісінің сапа жағынан дамуының жаңа кезеңі 18 ғ-дың соңы мен 19 ғ-дың басында болды. Қазақстанда 18 ғ-да Риддер, Бұқтырма, Зырян, Белоусов, Николаев, т.б. кен орындары ашылып, кен өндіріле бастады. 18 – 19 ғ-ларда тек Кенді Алтайда ғана түсті металдардың 850-ге тарта кен орындары ашылды. 1920 – 80 ж. Қазақстанда кен өндіру өнеркәсіп орындары қарқынды дамыды. Осы жылдарда барлау жұмыстарының көлемі ұлғайып, түсті және қара металдар, тау-кен хим. шикізаттар, көмір мен мұнай, алтын және сирек металдар, хром, т.б. пайдалы қазылымдардың жаңа кен орындары ашылды. Сонымен қатар бұрынғы су басып қираған кеніштер қалпына келтірілді. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Қазақстан стратег. маңызы бар металдар мен отындар – марганец, қорғасын, молибден, хром, көмір, т.б. пайдалы қазылымдарды өндірудің негізгі орталықтарының біріне айналды. 1991 – 2000 ж. пайдалы қазылымдардың өндірілуі күрт төмендеді. Ал қазіргі уақытта пайдалы қазылымдарды өндіру біртіндеп қалпына келтіріліп, мұнай өндіру қарқындап өсуде; қ. Тау-кен өнеркәсібі; Тау-кен техникасы.
Пайдалы қазылымдар өнеркәсіптің, тасымал көліктің, ауыл шаруашылығының, құрылыстың таптырмайтын шикізаты болып саналады. Сондықтан да Тау-кен ісі дүниежүзі экономикасында өнеркәсіп өндірісінің ең маңызды салаларының бірі болып саналады.
Адамзаттың пайдалы қазбаларды алуымен оларды бірінші өңдеуі тау кен ісі деп аталады. Шығару – термині тау кен ісінде, екі мағына береді:
- өндірістік мекеменің өндіру қуаттылығы, яғни пайдалы қазбалар саны, оның ішінде белгілі бір уақыт ішінде (тәулік, жыл) недродан алынған пайдалы қазба шамасы;
- пайдалы қазбаларды жер недрасынан шығарудың (қазу) оларды өңдеу нәтижесіндегі көлемі.
Қазіргі таңда пайдалы қазбаларды қазудың 4 тәсілі яғни қолмен, бұрғылау жарылыспен және гидравликалық.
Пайдалы қазбаларды шығару (қазу) тау кен ісін жүргізумен тікелей байланысты. Тау кен жұмыстары-пайдалы қазбаларды қазу орны өңдеу орындары және оларды қолдау болы табылады. Олар жер астындық және ашық болып бөлінеді.
Пайдалы қазбалардың орын зерттеу, барлаумен немесе өңдеумен айналыстатын өнер-кәсіптік мекеме, тау кен өнеркәсібі болып табылады. Тау-кен өнеркәсібі пайдалы қазбаларды өңдейтін тау-кен өнеркәсіп орны тау кен байыту мекемесі деп аталады. Пайдалы қазбаларды шахтада, кенде, карьерде шығарады.
Шахта (нем. Schacht) – бұл пайдалы қазбаларды шығарушы және оны тұтынушыларға түсіруші тау кен өнеркәсібі. Кен рудаларын жер астынан өңдеу барысында өнеркәсіп орнын рудник деп атайды.
Шахта жер үсті құрылыстарында қамтиды: кен, шахта бетіндік ғимараттар, басты ауа алмастырғыш құрылғы, үгіткіш-сорттаушы фабрика, қойма және жер асты кен өнімін шахта маңында өңдеуге арналған жинақтар.
Қуатты кен шыққан шахтаның қызмет мерзімі 50-70 жыл және онанда көп болуы мүмкін.
Алтын алмаз қазатын жекелеген шахталардың тереңдігі 4 километрге дейін жетеді.
Жазық жерлерде көбінесе жерді ашу, вертикальды оқпан (ствол) арқылы жүргізіледі, жиі пайдаланылатыны еңісті әртүрлі горизонтта (этаж) ізделініп отырған қазбаға дейін квершлаг жүргізіледі. Таулы жерлерде негізгі ашылатын өңдеу -штольни арқылы жүріледі.
Карьер – бұл пайдалы қазбаларвн ашық немесе пайдалы қазбаларды өңдеу барысында қалыптасқан тау- кен өңдеудің кешенді әдістерімен тау-кен өңдеуші кен кәсіпорны. Көмірді ашық тәсілмен қазу барысында карьер разрез (қима) деп аталады.
Траншея – тау-кен орнын ашуда ұзындығы көлденең кесіндісіне қарағанда недәуір ұзын өңдеу. Олар тағайындалуы бойынша күрделі және қималы болып бөлінеді. Күрделі-жердің үстіңгі бетінен пайдалы қазбаның шыққан жеріне жетуге, ал қималы пайдалы қазба немесе ашылатын жынысқа қазынды үшін жұмыс майданын жасауға мүмкіндік береді.
Карьердегі жұмысшы беті сатылы формадағы және қазынды өзіндік құралдармен өңделетін тау жынысы қалыңдығының бөлігінің көлікке тиелуі сатылы болып аталады.
Өңделетін кеңістік жағымен сатылы түрде шектесетін еңісті жер беті откос (құлама) деп аталады.
Үстіңгі және астыңғы алаңның откосты кесіп өтетін сызығы қабағы (бровка) деп аталады.
Жұмысшы және жұмысшы емес сатыға бөлінеді. Жұмысшы кертпесінде бос жыныстың қазындысы немесе пайдалы қазбаның қазындысы жүргізіледі.
Жұмысшы кертпесінің оның биіктігі бойынша шектелетін горизонталь беті, жоғарғы және төменгі алаңдар деп аталады. Алаң горизонт деп аталады, горизонтар белгіге ие болады.
Жұмысшы кертпесінің откос бұрышы 65-800, ал жұмысшы емес кертпеде 45-600 болады. Өңдеуге арналған құрал жабдықтар (бұрғылау станогы, экскаватор, көлік құралдары) орналасқан алаңдар жұмысшы алаң деп аталады. Олардың ені В = 40-70 м шамасында болады.
Кертпе біртіндеп жалғасқан параллель жолақтармен-заходкамен жасалады. Заходка ені А = 10-20 м онан үлкен болуыда мүмкін. Заходка соңы забой деп аталады. Забойда нәтижесінде забой араласатын жыныстар немесе пайдалы қазбалар қазындысы жүзеге асырылылады.
Карьер борты жұмысшы және жұмысшы емес болып бөлінеді. Жұмысшы кертпенің үстіңгі қабағымен төменгі кертпенің төменгі қабағын өосатын сызық және горизонталь жазықтық борт откосының бұрышы деп аталады. Жұмысшы бортының откос бұрышы 7-150, ал жұмысшы еместе 35-450.
Жұмысшы емес бортты құраушы кертпелер көліктік және сақтандырғыш берма (Б) болып бөлінеді. Көліктік берма, карьерде жұмысшы алаңмен жер бетін жалғаушы көлік жолдары орналасуы үшін, қызмет етеді. Көліктік берманың ені 10-25 м. сақтандырғыш берма борттың тұрақтылығын жоғарлату және кертпені желдету барысында құлаған жыныстарды ұстап қалу үшін тағайындалған. Сақтандырғыш берманың ені 3-5 м, бірақ көршілес алаңдар арасында вертикалы бойынша 1/3 аралықтан аз болмауы қарастырылады.
Кеніш орнын өңдеу барысында алынған тау жынысының үйіндісі, жыныс отвалы (қайырылған үйінді) деп аталады. Өңдеу кеңістігінде орналасқан отвал ішкі, ал карьердің контурынан сыртқы бетке болғаны сыртқы деп аталады.

2 Шахта және карьердің өндірістік алаңындағы геодезиялық жұмыстың орындалу реті

Дәріс жоспары:



  1. Шахта және карьер құрылысындағы геодезиялық жұмыстар;

  2. Маркшейдер зерттелетін аумақтың топографиялық түсірісі;

  3. Пайдалы қазбалардың орнын өңдеу барысында маркшейдерлік қызметтің басты мақсаты.

Пайдалы қазбалардың табылған орындарын игерудің барлық этаптарында (зерттеу, іздеу, және пайдалану) және жарамсыз таулы өндіріс орындарын жоюда маркшейдерлік жұмыстар атқарылады.


Пайдалы қазбаларды іздеу, зерттеу барысында, маркшейдер зерттелетін аумақтың топографиялық түсірісі мен нақты өңдеу жүргізілген (ұңғыма, шурф, канава, штолен және т. б.), геологиялық ізденіс жұмыстарының бекітілген жобасына негізделеді, осыдан кейін түсіріс жұмыстарын жасап, олардың орналасу планын құрастырады. Геологтармен бірге марк­шейдер жүргізілген жұмыстың (сынақ алынған орын, геологиялық қайшылықтар, жыныстардың байланысы т. б.) құжаттарын әзірлейді және жыныстың жатқан формасын, араласқан жыныстарды сипаттайтын геометриялық бөлінісі пайдалы қазбалардың бөліну қасиеттерін сипаттайтын графикалық құжаттарды (план, қима т.б.) дайындайды. Графикті тұрғызу бойынша маркшейдер және геолог пайдалы қазбаның қорын анықтау есебін жүргізеді.
Таулы өндіріс орындарын жобалау барысында меркшейдерлік графикалық және сандық материалдар пайдаланылады.
Таулы өндіріс орындарының құрысылы барысында маркшейдердің негізі міндеті: жобаланған құрылыстың және таулы өңдеу орнының геометриялық элементтерін нақтыға көшіру; құрылыс жұмысын іске асыру барысы және жобаның геометриялық элементтерін сақтау үшін таулы өңдеу бақылауын жүргізу; маркшейдерлік түсіріс, қайтадан салынған құрылыстармен таулы өңдеу недрасының іс жүзіндегі жағдайының кескіні және планын құрастыру.
Пайдалы қазбалардың орнын өңдеу барысында маркшейдерлік қызметтің басты мақсаты: өңделінетін тау өнімінің толық түсірісі, олардың жағдайы мен орналасуы туралы ақпараттар, қазбаның пайда болған орнының таулы-геологиялық ерекшелігі, тау жұмыстарының планын жүйелік толықтырумен құрастыру, көп санды ақпараттарды заманауи тәсілдердің көмегімен өңдеу және ЭЕМ құралдарымен алынған мәліметтердің дәлдігін бағалау.
Кен орындарының жер асты жұмыстары барысында жер асты тау кен жұмыстарымен жер беті арасында өзара байланыс орнату қажет. Маркшейдерлерге өңделіп жатқан тау кенінің үстінде не орналасқаны әрқашанда қажетті дәлдікпен белгілі болуы тиіс.
Тау- кен өңдеудің толық уақыты алынған түсірісі және олардың жер бетіне салыстырмалы ориентрі тау кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізудің маңызды шарты болып табылады.
Тау -кен жүмыстарының түсіріс және маркшейдерлік планының нәтижесі негізінде шахтада немесе карьерда тау -кен жұмыстарын жүргізу барысында туындайтын әртүрлі геометриялық мәселелерді шешеді, және кен жұмыстарының дұрыс атқарылуын (яғни жобаға сәйкес атқарылуын), пайдалы қазбаның толық ашылуын бақылай отырып, тау жыныстарымен жер бетінің жылжу процесін зерттейді, тау-кен өңдеудің зиянды әсерлерінен құрылымды қорғауды қамтамасыз етеді.
Тау-кен кәсіпорындарының маркшейдері пайдалы қазба қорының қозғалысын есептеуді жүргізеді, пайдалы қазбаның недрасындағы алынған және жоғалтылған көлемін есептейді,шахта немесе карьердегі кен жұмыстарының ағымдағы және болашақтағы жоспарларына қатысады, тау жұмыстарының дамуын жоспарлауға негіз болатын кен орындарын өңдеу үрдісіндегі таулы геологиялық шарттарға, оларды күрделі және дайындық өңдеу барысына, сондай-ақ пайдалы қазбаның таза забойдағы ойысына қолданылатын механизация құралдары үшін болжам жасайды.
Тау кәсіпорнын жою барысында маркшейдер тау өндірімінің түсірілімдерін жасайды, маркшейдерлік жоспарларды толықтырады, координаттар журналдарын есептейді, нивелирлеудің және жерасты түсірілімнің бағдарларын жасайды, нжойылған шахта немесе карьердің негізгі маркшейдерлік құжаттарын ұзақ мерзімді сақтауға береді.
Осыдан, қазіргі маркшейдерлік іс, жер бетінде және тау өндірімдерін сызбада кескіндеу мақсатындағы түсірілімдермен айналысатын, сондай-ақ пайдалы қазбаларды іздеу, жобалау, оның құрылысы мен тау-кен кәсіпорындарын пайдалану барысында пайда болатын тау кен ғылымы мен техникасының саласы болып табылады
Термин маркшейдерлік іс (өнер): немістің "Markscheidenkunst" деген сөзінен шыққан болып, Mark –шеті шекарасы, меже, scheiden - айырмашылық; Kunst- өнер. Осыдан сөзбе сөз аударғанда өнер шекараны немесе межені белгілейді болып аударылады. Бұл термин тау –кен өндірісінің дамуы барысында, жеке өнеркәсіп орындарының шекарасын анықтауда пайда болды деуге де болады.
Тау-кен ғылымының қалыптасуы мен дамуы барысында Ресейде көптеген ғалымдар (М. В. Ломоносов, П. М. Леонтовский, П. К. Соболевский және басқа) бұл пәннің басқа да оның құрамына біршама сәйкесті атауларын ұсынды (мысалы тау кен геометриясы), бірақ бастапқы қалыптасқан термин «тау ісі» болғандықтан оны басқа бір атаумен ауыстыру недәуір қиынға соқты.
3 бөлу жұмыстарының негізгі элементтері
дайындық жұмыстары. горизонталь бұрышты көшіру. аралық ості шығару. реперді тұрғызу

Дәріс жоспары:



  1. Жобалық тапсырма;

  2. Құрылыстың генералды планы;

  3. Шахтаның жұмысшы сызбасы;

  4. Бөлу жұмыстарын жүргізу;

  5. Жабаны нақтыға көшірудің тәсілдері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет