Т. Т. Ипалаков., Б. Апшикур маркшейдерлік іс негіздері


Құрылыстық шахтаның жобалық құжатары



бет5/26
Дата26.12.2023
өлшемі1.29 Mb.
#487980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
МУП маркшейдер. дела

3.1 Құрылыстық шахтаның жобалық құжатары

Құрылыстық шахта кен орнын өңдеудің бекітілген кешенді жобасымен жүргізіледі.


Шахтаны жобалаудың үш сатысымен ерекшеленеді: жобалық тапсырманы құрастыру, шахтаның техникалық жобасы және жұмысшы сызбасы.
Бірінші сатысында алынып отырған құрылыстың техникалық мүмкіндігінің негізін және экономикалық мақсатқа сәйкәстігін құрайтын, оның негізгі моменттерін шешетін жобалық тапсырма құрастырылады. Жобалық тапсырма түсіндірмелік жазбадан және оған ұсынылған графикалық материалдардан тұрады (кен орнының ситуациялық планы, шахта териториясының шақта аумағының шекарасы көрсетілген топографиялық планы, геологиялық карта және қималар, қорды есептеген кестелер, шақты ауқымын ашудың бекітілген схемасы, ұңғыма бойынша қималар, ствол маңы қақпасының, жер бетінің технологиялық кешенініңің планымен қимасы, кірме жолдардың планымен профилі, жер бетінің генералды планы ).
Жобалық тапсырманы бекіткеннен кейін, шахтаның техникалық жобасын жасауға кіріседі. Техникалық жобаны құрастыру барысында, қабылданған жобалық шешімді нақтылап өңдейді. Техникалық жобаның ең маңызды құжаттарының бірі, қосымша ізденістер мен зерттеулер негізінде жасалатын құрылыстың генералды планы болып табылады. Бұл планда барлық ғимараттар мен құрылымдардың пландық жағдайы, белгілері, планның бөлу торларының топографиялық негізге бекітілген мәліметтері көрсетіледі.
Соңғы сатысы болашақ шахтаның жұмысшы сызбасын жасау болып табылады. Ол бойынша барлық құрылыстық және монтаждық жұмыстар орындалады. Жұмысшы сызба шахта құрылысы барысындағы барлық маркшейдерлік жұмыстардың негізі болып табылады.


3.2 Жобалық мәліметтерді нақтыға көшірудің дайындық жұмыстары

Нысанды нақтыға шығарудың бөлу жұмысына кірісе отырып, олардың жеке элементтерінің шығуының қажетті дәлдігі мен нақтылығының жеткіліктілігін анықтау керек. Осыдан кейін өлшеуге қажетті инструменттің, бастапқы нүктенің және жалпы план жұмысының әдістемесін белгілейді. Бастапқы нүктелер үшін, мемлекеттік трангуляция пунктерінің I, II, III, IV класстары және аналитикалық торлар, полигонемерия пунктері, остік пунктер, нивелирлеудің биіктік реперлерін қабылдауға болады. Торларды жиілету барысында пунктердің ұзақ мерзімді сақталу мүмкіндігін ескеру қажет.


Бөлу жұмыстарын жүргізу алдында, алдағы тұрған бөлу жұмысының шарты бойынша жергілікті жермен танысу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет