Т. Т. Ипалаков., Б. Апшикур маркшейдерлік іс негіздері


Тапсырманың маңызы, сыртқы қабығының негізгі типі



бет9/26
Дата26.12.2023
өлшемі1.29 Mb.
#487980
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
МУП маркшейдер. дела

6.1 Тапсырманың маңызы, сыртқы қабығының негізгі типі

Шахта құрылысы оның реконструкциясы және пайдаланылуы барысында, қарама қарсы забой кеніш жұмыстарын өңдеуде кең қолдану оларды қолданысқа енгізудің уақытын недәуір қысқартады. Өңдеуді бірнеше забоймен жүргізу барысындағы маркшейдерлік жұмыстың ерекше жауапкершілігін ескере отырып, олардың схемасы мен әдістемесін анықтауда келесі жағдайларды негізге алу керек: а) жұмыстың жалпы схемасы, оны іске асыру тәсілі және жеке элементтерін өлшеу әдісі, өңдеу забойының кездесуі барысындағы дәлдікті қамтамасыз ету қажет; б) орындалатын маркшейдерлік өлшеу және есептеу, өрескел қателіктердің пайда болу мүмкіндігін толығымен жоққа шығаратындай объективті бақылаумен жүргізілуі қажет. Өңдеуді бір уақытта бірнеше забоймен жүргізу барысы, шарт жағдайға байланысты келесі жағдайларда болуы мүмкін:


Бір біріне қарама қарсы кездесетін екі забоимен өңделуі;
Бірдей бірін бірі қуалай жүргізілетін өңдеу;
Өңдеу тау жұмысы жүргізілмейтін бір ғана забоимен келесіне кездесетіндей жүргізіледі.
Тау кен өңдеуде жүргізілген аталған барлық жағдайлар, сбойка деп аталады және оларды негізгі үш типке бөледі:
Бірдей шахта шегінде жүргізілетін сбойка, яғни жер астынан бір бірімен жалғасатын шахта;
Әртүрлі шахта арасында жүргізілетін сбойка, яғни өңдеу сбойкасы жер астынан бір бірімен жалғаспайды;
Вертикальды өңдеу сбойкасы.
Қарама қарсы кездесетін забоиларды өңдеуді табысты жүргізудің тұтастығы барлық маркшейдерлік жұмыстар кешенін дұрыс шешуге байланысты болады. Кездесетін забойдың өңделуін жүргізу барысындағы маркшейдер шешуге тиісті басты мәселелер санына қатыстылар:
1 Тау кен өнімінің технологиялық тағайындалуын және оның жобалық мәліметтерін зерттеу (қимасы, еңістік бұрышы, көліктік жабдықталуы, бекіту түрі, өтпенің тәсілі және т.б.), тау кен өңдеуі забоиының кездесу орнын (нүктесін) анықтау.
2 Сбойка орнындағы өңдеу забойының шектік сәйкессіздігінің шамасын белгілеу.
3 Кездесетін забоимен байланыстырушы тау кен орнының схемасын құрастыру.
4 Маркшейдерлік жұммыс жобасын құрастыру және олардың өндірісінің әдісін таңдау.
5 Маркшейдерлік жұмысты орындауға қабылданған әдісті негізге ала отырып, кездесетін забоилардың тұтасуының шектік қателігін есептеу.
6 Алдын ала есептеу нәтижесінде алынған күтілген шектік қателікті, забоидың белгіленген рұхсатты шектік шамасымен салыстыру, қажетті жағдайда қабылданған маркшейдерлік әдісті нақтылау.
7 Сбойканың параметрлерін анықтау үшін қажетті түсіріс өндірісін жасау және есептеу. Бұл барыстағы барлық түсіріс түрлерін, алдын ала есептеуде қабылданған өлшеу әдісіне барынша сәйкес әске асыру.
8 Сбойканың барлық қажетті параметрлерін есептеу (сбойка өсінің бағытының бұрышы, оның ұзындығы, белгісі, еңістігі, еңістік бұрышы).
9 Өңдеудің нақтыдағы өсін беру және бекіту.
10 Берілген бағыт бойынша жүргізілген өңдеудің жүйелік инструментальды бақылауы.
11 Берілген бағыт бойынша өңдеудің дұрыс жүргізілгенін жүйелік инструменталды бақылау.
12 Кездесетін забоидың тоғысуының нақты дәлдігін анықтау, горизонталды және вертикальды жазықтықта тоғыстыру түсірісі жолымен және алынған байланыспаушылықты рұхсатты және алдын ала есептеу нәтижесімен салыстыру.
Алдын ала есептеуді жүргізуде үш бағытты қамту керек: бірінші бағыт сбойка бақыты бойынша y', екінші бағыт, сбойка өсіне перпендикуляр x', және үшінші вертикальды жазықтық z. Жол жетекшісінің (жер қыртысы, тораптар немесе жыныс контактысы) болуына байланысты жауапты және жауапкершіліксіз (еркін) бағыт болып ерекшеленеді. Жапапкершілікті бағыт болып, жіберілген қателігі өңдеудің технологиялық тағайындалуына әсер етуі мүмкін бағыт саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет