Картоп клечаткасы. Картоп 75% судан, 19% крахмалдан, 6% клечаткадан, минералды тұздардан және ақуыздан тұрады. Картоптан крахмал мен ақуызалынған соң, керемет функционалды қасиетібар клечатка қалады.
Жүгері крахмалы. Ең нәзік крахмал - ол жүгері крахмалы.Ол картопта қарағанда тұнық емес «гель» береді. Егер онымен кисель қайнатса, онда сүттен қайнатқан дұрыс. Крахмалды зерттеу -ол крахмалдың түріне негізделген,яғни түрін, крахмал дәндерінің мөлшерін микроскоппен қарау. Крахмал дәндерінің мөлшері(мкм): картоп крахмалы-80-110, жүгеріде-40-50, бидайда-30-40, күріштікі-10. Зерттелетін үлгінің 0,1-0,2г крахмалын алып,су тамшысын араластырады . Араластырылған крахмалдың тамшысын заттық шыныға жағып, жабынды шынымен жауып, 150 есе ұлғайту арқылы микроскоппен қарау. Крахмалдың түрі мен әр түрлілігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |