Күнбағыс майы - Күнбағыс майы —күнбағыс дәнінен алынатын май. Оның иісі кетірілген, қоспадан тазартылған, гидрадталған және қоспадан тазартылмаған түрлері шығарылады. Иісі кетірілген, қоспадан тазартылған, гидрадталған майлар мөлдір, сары, ашық-сары түсті болып келеді. Сонымен бірге олар тұнғанда су жиналмалы. Қоспадан тазартылмаған майдың түсі ашық-сары келеді, өзіне тән иісі болады. Тұнғанда аздап су жиналады. Ал иісі кетірілген май әйнек немесе полимерлік герметикалы ыдысқа құйылып шығарылады. Күнбағыс майының құрамында ағза үшін өте бағалы, толық қаныққан қышқыл зат (60—70%) болады. Бұл майды салаттарға, соустарға, тұздықтарға қосады, ет, балық, көкөністер мен қамырдай әзірленетін кейбір тағамдарды қуыруға пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |