Тақырыбы: Басқару ғылымының эволюциясы



бет21/27
Дата11.11.2022
өлшемі144.84 Kb.
#464548
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы

Гигиеналық факторлар

Мотивациялар

Фирма мен әкімшілік саясаты

Жетiстiк табыс

Жұмыс жағдайы

Қызмет барысында жоғарылау

Еңбекақы

Еңбек нәтижесiн тану, мақұлдау

Басшылар, бағыныштылар және жекеадамдар арасындағы байланыстар

Жоғары дәрежелi жауапкершiлiк

Жұмысты тiкелей бақылау дәрежесі

Творчестволық және іскерлік өсу мүмкіндіктері

Гигиеналық факторлар жоқ немесе жеткiлiксiз болса, адамдарда жұмысқа деген қанағаттанбаушылық пайда болады.
Сонымен, бұл айтылғандардан қорытынды, мотивацияны ықтимал құбылыс ретiнде қарау керек eкені туындайды. Белгiлi бiр жағдайда белгiлi бiр адамды ынталандыратын нәрсе екiншi бiр адамға мүлде әсер етпеуi мүмкін. Сонымен, мотивация түсінігіне маңызды үлес қосқан Герцберг теориясы да көптеген айнымалы шамаларды есепке ала алмады.
Тақырыбы: Бақылау -ұйым басқаруды қамтамасыз ететін жүйе ретінде
1. Басқарудағы бақылаудың обьективті қажеттілігі
2. Басқарудағы бақылаудың негізгі түрлері
3. Бақылау процесінің кезеңдері
4. Бақылау процесi және оның тиiмдiлiгiне әсер eтeтін факторлар
1. Басқарудағы бақылаудың обьективті қажеттілігі
Бақылау - ұйым мақсатынa жетудi қамтамасыз eтетін процесс. Ол мәселелердi анықтап, оны шешу жолдарын iздестiру үшiн қажет. Сонымен бiрге, бақылау жақсы iстелiнiп жүрген қызметтi ынталандыру үшiн де қажет болып саналады. Бақылау процесiнiң құрамымына төмендегiлерден тұрады, олар:
- стандартты белгілеу;
– нақты қол жеткен нәтижелерді өлшеу;
– алынған нәтилерді белгіленген стандарттан ауытқыған болса өзгертулер енгізу.
Бақылау функциясы - бұл мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретін және ұйым қызметін осы мәселелерге сай жинақтап, реттейтін басқарудың сипаттамасы.
Ұйым мақсатына жетуге зиянын тигізбестен бұрын, оның қателіктерін дер кезінде анықтап, сол мезетте жөндей білу қабілеттілігіне ие болу, бақылауды жүзеге асыру қажеттілігінің бірден-бір маңызды себебі болып табылады.
Ұйымның ортақ мақсатына жетуге тиімді көмек көрсететін ұйым қызметтерінің бағытын анықтау, бақылаудың ең қажетті жақтарының бірі болып саналады. Жетістіктері мен кемшіліктерді біле отырып ұйым басшылығы сыртқы ортаның құбылмалы талаптарына ұйымды тез бейімдеу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен бірге, бұл мүмкіндіктер ұйым мақсаттарының негізін қалайтын қозғалыстардың жеделдетуін қамтамасыз етеді.
Бақылаудың кең көлемде жүруі – оның ең маңызды ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Әр басшы дәрежесіне қарамастан бақылауды қызмет міндеттемелерінің бір бөлігі ретінде қарастыруы тиіс.
2. Басқарудағы бақылаудың негізгі түрлері
Басқаруда бақылаудың негізгі 3 түрі бар, олар:
- алдын-ала бақылау;
- ағымдағы бақылау;
- қорытынды бақылау.
Ұйымдағы алдын-ала бақылау жұмыстың нақты басталуынан бұрын жүргізіледі. Алдын-ала бақылауды жүргізу құралы ретінде белгіленген ережелерді, процедуралар мен іс-әрекеттер тізбегін қолданып қарастырылады.
Ережелер мен іс-әрекеттер тізбегі жоспардың орындалуын қамтамасыз етуі үшін жасалынады. Ал оның қатаң түрде сақталынуы жұмыстың көрсетіліп берілген бағытта өсіп-өркендеп келе жатқанын көрсетеді.
Ұйымдарды алдын-ала бақылау мына төменде көрсетілген салаларда қолданылады, яғни:
- адам ресурстарымен байланысты;
- материалдық ресурстарға байланысты;
- қаржы ресурстарына байланысты.
Ұйымдардағы адам ресурстары саласындағы алдын-ала бақылау іскер және жоғары деңгейдегі білім мен қабілеттіліктерге талдау жасау, әр түрлі қызметтердің міндеттемелерінің орындалуы мен дайындығы өте жоғары деңгейдегі және мамандандырылған адамдарды таңдау арқылы жүзеге асады. Сеніп тапсырылатын міндеттемелердің қабылданып алынғалы жатқан жұмысшылардың орындайтындай жағдайлардың бар екендігіне көз жеткізу үшін мүмкін болатын төменгі дәрежедегі білім деңгейін немесе сол салада істеген жұмыс ұзақтығын міндетті түрде белгілейді.
Әділетті көлемде төлемдер мен қосымша төлемдер белгілеу, психологиялық байқаулар өткізу және де жұмысшылармен көптеген дискуссия, сұхбаттасу кештерін өткізу жолдары арқылы ұйым құрамына өз ісін жетік білетін мамандарды тарту және оларды орнықтыру ықтималдығын арттыруға болады.
Өндірістік кәсіпорындарда қолданылған материалдық ресурстар міндетті түрді алдын-ала бақылаудан өтуі тиіс. Мұндай жағдайда бақылау сапасы мүмкін болатын төменгі деңгейдегі стандартты жасау мен осы міндеттемелерге сай келетін материалдардың сәйкес келуін іс жүзінде тексеру жолдары көмегімен жүзеге асырылады. Бұл салада алдын-ала бақылау кезінде қолданылатын негізгі әдістің бірі – жеткізушіні таңдау болып табылады, яғни жеткізуші алдын-ала белгіленген жағдайларға сай материалдарды дер кезінде жеткізіп беру мүмкіншіліктерін дәлелдеп беруі тиіс.
Алдын-ала бақылаудың материалдық ресурстар әдісіне ұйымды запаспен қосалқы материалдар қамтамасыз ету, тапшылықты болдырмау көзделінеді.
Алдын-ала бақылаудың қаржы ресурстарының негізгі құралы ретінде – бюджет қарастырылады. Олар алдын-ала бақылауды жүзеге асырудың механизмі болып табылады.
Ағымдағы бақылау – жұмыс процесі кезінде жүргізіледі. Бұл бақылаудың нысанасы ретінде – бағынушы қызметкерлер қарастырылады. Бағынушылардың жұмысын тексеріп отыру, жұмысты одан тереңірек зерттеп жетілдіру үшін пайда болып отыратын мәселелер мен ұсыныстарға талдау жасау арқылы белгіленген жоспарлар мен ережелерден ауытқу мүмкіндігін толығымен жоюға болады.
Ағымдағы бақылау көзделген мақсатқа жету үшін бағытталған жұмыстар орындалғаннан кейінгі қолда бар нақты нәтижелерге негізделеді.
Қорытынды бақылау - өте кеш қолданылғандықтан пайда болған мәселелердi дер кезiнде шешу үшiн оның eкi негiзгi қызметiн атап көрсетуге болады. Қорытынды бақылау жоспарлау процесiн жүзеге асыру үшiн ұйым басшылығын қажеттi мәлiметтер менқамтамасыз етедi. Hақты алынған нәтиже мен алынуға тиiс, қажеттi нәтижелердi салыстыра отырып, басшылар құрастырған жоспарлардың қаншалықты iскe асатынына баға беру мүмкiндiгiне ие болады. Бұл iс пайда болған мәселелер жөнiндегi мәлiметтермен қамтамасызетудi және осы мәселелердi болдырмау әрекеттерiн жасау арқылы жаңа жоспарлар құруғa мүмкiндiк бередi. Осының бақылаудың бірінші қызметiн сипаттайды. Ал оның екiншi қызметi мотивацияға мүмкін жағдайлар жасау болып табылады.
3. Бақылау процесiнiң негiзгi кезеңдерi.
Бақылау процесiнде негiзгi оның үш кезеңiн атап көрсетуге болады:
- стандарт пен оның өлшемін жасап шығару;
- жасалған стандарттар мен нақты нәтижелерін салыстыру;
- керек болған жағдайда қажеттi өзгерiстер енгiзу.
Алғашқы кезең бақылау функциясы мен жоспарлау функциясының байланысын көрсетедi. Стандарттар - бұл өлшеу мүмкiндiгi бар нақты мақсаттар. Мұндай мақсаттар жоспарлау процесiнен кейiн пайда болады.
Бақылау кезiнде қолданылатын барлық стандарттар ұйымның көптеген стратегиясы мен мақсаттарының арасынан таңдап алынуы тиіс.
Бақылаудың стандарты негiзiнде қолданылатын мақсаттардың eкi ерекшелiгiн көрсетуімізге болады:
1. Жұмыстың орындалуын реттейтiн, бақылайтын уақыт шектеулiлiгiнiң болуы;
2. Жұмыстың орындалу дәрежесiнiң бағалануына қатысты нақты өлшемдердiң болуы.
Нақты өлшемдер мен анықталған уақыт көлемiн нәтижелiк көрсеткiштер деп атайды. Бұл көрсеткiш алға қойған мақсатқа жету үшiн ненің қажет екендiгiн дәл анықтайды. Мұндай көрсеткiштер басшыларға нақты iстелiнген жұмыс пен жоспарланған жұмысты салыстыруға мүмкiндiк бередi.
Бақылау процесiнiң екiншi кезеңiнде қол жеткен нақты нәтижелердi белгiленген стандарттар мен салыстыру ici жүргiзiледi. Бұл кезеңде менеджер қол жеткен нақты нәтижелердiң қаншалықты күткен нәтижелерге сәйкес келетiнiн анықтауы қажет және iс-әрекеттердің басталуы жөнiнде шешiм қабылдаудың негiзi болатын баға қояды. Масштабтың ауысуын анықтау, нәтижелердi өлшеу, мәлiметтер беру мен оның бағалануын aнықтау осы кезеңнің қызметтерi болып табылады.
Жоғары буынның басшылары нақты алынған нәтижелердiң белгiленген стандарттан ауытқуы көп болмас үшiн мүмкін болатын ауытқулар шегiн белгiлейдi.
Бақылау тиiмдi болуы үшiн үнемдi болуы қажет. Оның экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру әдiстерiнiң бiрi болып - баскарудың шығарып тастау қағидасы бойынша қолданылатын әдiс саналады. Белгiленген стандарттан үлкен дәрежеде ауытқу пайда болғанда,бақылау жүйесiнде жоғарыда айтылған әдіс қолданылады.
Белгiленген стандарттың қаншалықты қолданылғанын анықтау үшiн - нәтижелердi өлшеу көрсеткiшi пайдаланылады. Сонымен қaтap, бұл көрсеткiш бақылау элементтерiнiң бiрi болып саналады. Өлшеу немесе салыстыру жүйесi бақылауға түсетін қызмет түрінeсәйкес келуi тиiс. Бастапқы кезде барлық көрсеткiштердi стандартта белгiленген өлшемге келтiрiп алу қажет. Мысалы, егер белгiленген стандарт пайда болса, онда есептеу жұмыстарын стандарттың көрсетiлуiне байланысты пайыз немесе теңгемен жүргiзу қажет. Мәлiметтердi тарату - бақылау тиiмдiлiгiн қамтамасыз етуде басты роль атқарады. Бақылау жүйесiнiң тиiмдi жұмыс жасауы үшiн, ұйымның қажет деген қызметкерлерiне белгiленген стандарт пен алынуға тиiс нәтижелер жөнiнде мәлiметтер берiлуi қажет. Мұндаймәлiметтер өте дәл болуы керек, көрсетiлген уақытта жауапты кызметкерлерге кешiкпей жетуi тиiс. Бұл алынған мәлiметтер шешiм қабылдау процесi кезiнде басшыларға айтарлықтай үлкен көмегін тигiзедi. Бұл кезеңнiң соңғы сатысы - салыстыру, яғни алынған нақтықолда бар нәтижелер жөнiндегi мәлiметтердi бағалау.
Осы мәлiметтердiң қажеттiлiгi мен маңыздылығын менеджер анықтап беруi тиiс. Мәлiметтердiң маңыздылығы дегенiмiз - дұрыс шешiм қабылдау үшiн мiндеттi түрде қажеттi және зерттелетiн құбылыстарды сипаттайтын дәл, нақты мәлiмет. Бұл бағалаудың мақсатышешiм қабылдау және одан кейiнгi iс-әрекеттердi негiздеу болып табылады. Бақылау процесi баға белгiленгеннен кейiн үшiншi кезеңге өтедi. Үшiншi кезеңде менеджер төменде көрсетiлген iс-әрекеттердiң бiреуiн таңдап алу қажет:
- ешқандай әрекет жасамау;
- ауытқуларды жою;
- стандартты қайта қapay.
Ешқандай әрекет жасамау. Бақылаудың негiзгi мақсаты - ұйымды басқару процесi жоспарға сәйкес мiндеттi түрдегi жұмыстың орындалуын қадағалайтындай дәрежеге жету болып саналады. Егер нақты қолда бар нәтижелердi белгiленген стандартпен салыстырғаннан соң көзделген мақсатқa жеткенiн бiлген жағдайда ешқандай да әрекет жасамаған жөн.
Ауытқуларды жою - маңызды ауытқуларды дер кезiнде жоя алмайтын бақылау жүйесi мүлдем тиiмсiз. Негiзiнде стандарттан ауытқу масштабы мен оның себебiн дәл көрсету - өлшеу сатысына тән болуы керек. Өзгертулер енгiзудiң мағынасы ауытқудың не себептен пайда болғанын және ұйымның ic-әpeкeттepiн қайтадан дұрыс жолға бағыттаумен сипатталынады. Ұйымның iшкi айнымалы факторларының қандай да бiр мағыналарын жақсарту жолдары арқылы және де басқару функциясын немесе технологиялық процестердi жетiлдiру арқылы өзгертулер енгiзу ici жүзеге асырылады.
Стандартты қайта қapay. Стандарттан ауытқыған барлық ауытқуларды жою қажет емес. Кейбір жағдайларда жоспарға негiзделген стандарттар да дұрыс болмауы мүмкін, ал жоспар дегенiмiз - ол болашақты болжау. Жоспарларды қайта қapaған кезде, стандарттарда қайта қаралуы тиiс. Көп жағдайларда бақылау жүйесi жоспарлардың қайта қаралу қажеттiлiгiн көрсетедi. Осыған сәйкес стандарттарды қайта қараудың артық және кем жақтарын анықтау мүмкiншiлiгi пайда болады.
4. Бақылау процесi және оның тиiмдiлiгiне әсер eтeтін факторлар.
Бақылау тиiмдi болуы үшін төменде көрсетілген бірнеше маңызды көрсеткіштермен сипатталынуы тиіс:
- адамдардың тәртiбi;.
- бақылаудың стратегиялық бағытталуы;
- нәтижелерге бейiмделу;
- қызметке сәйкес келуi;
- бақылаудың дер кезiнде жүргiзiлуi;
- бақылау икемдiлiгi;
- қарапайымдылығы;
- үнемдiлiгi.
Бақылаудың тиiмдiлiгiне әсер eтетін біріншi фактор ретiнде адамдардың тәртiбi қарастырылады. Тиiмдi бақылау жүргiзуге төмендегiдей ұсыныстар жасалынып шығарылған:
1. Қызметкерлер қабылдайтын, мағынасы бар стандарттар жасаңыз;
2. Жан-жақты қатынас орнатыңыз;
3. Шамадан тыс бақылаудан аулақ болыңыз;
4. Өте қатаң, бiрақ мүмкін болатын стандарттар белгiлеңiз;
5. Көрсетілген стандартқа жеткен үшін марапаттаңыз.
Екiншi фактор. Бақылау тиiмдi болуы үшiн стратегиялық сипатта болуы керек, яғни ұйымның алғашқы алғы шарттарын бейнелеп, оларды қолдану мүмкіндігінің болуы.
Үшiншi фактор. Бақылаудың түпкiлiктi мақсаты - мәлiметтер жинап, мәселелердi айқындап, стандарт белгiлеу емес, ұйым алдындағы мiндеттердi шешу болып табылады. Өлшеу iс-әрекеттерi мен олардың нәтижелерi жөнiндегi хабарландырудар тек қана мақсатқaжетудiң құралы ретiнде қарастырылады.
Төртiншi фактор. Егер бақылау басқарудың басқа түрлерiмен қарым-қатынаста болса тиiмдi болады.
Бесiншi фактор. Бақылаудың дер кезiнде немесе белгiленген уақытында өткiзiлу өте жоғары жылдамдығымен, жүргiзiлу жиiлiгiмен сипатталынбайды. Ал бақыланып отырылған объектiде жүргiзiлген өлшеу жұмыстары мен оны бағалаудың арасындағы уақытаралығымен көрсетiледi. Осыған сәйкес уақыт аралығының маңыздылығы негiзгi жоспардың уақытша көлемдегi есебiмен өлшеу жұмыстарын жүргiзу мен алынған нәтижелердi таратуға жұмсалатын шығындар, өзгерiстер жылдамдығы арқылы анықталынады.
Алтыншы фактор. Бақылау жоспарларға сәйкес едәуiр икемдi болып жатқан өзгерiстерге тез арада бейiмделуi тиiс.
Жетiншi фактор. Әдетте, ең тиiмдi бақылау дегенiмiз - бұл бақылауға арналған мақсаттар тұрғысынан алып қарағандағы өте қарапайым әдiстерi аз көлемдегi күш-жiгердi талап етедi және де тиiмдi болып келедi, ал оның күрделiлiгi ретсiздiкке әкелiп соғады. Сегiзiншi фактор. Бақылау жүйесiмен бiрге әрекет жасап, оны жүзеге асырушы адамдардың қажеттiлiктерi мен мүмкiншiлiктерiне сәйкес болған жағдайда - бақылау тиiмдi болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет