Тақырыбы: Сапаны басқару
1. Ұйым ісінің әртүрлі саласындағы сапа көрсеткіштері
2. Ұйымдағы өнім сапасын басқару
1. Ұйым ісінің әртүрлі саласындағы сапа көрсеткіштері
Қазіргі кездегі нарықтық экономика кезінде өндірістерге шығарып жатқан өнімдерге принципиалды жаңа талаптар қояды. Қазіргі заманда әрбір фирманың абыройы, табысы, фирманың дамуы, сол фирма шығаратын өнімдердің бәсекелестігі екі көрсеткішке байланысты. Олар:
– шығарылған өнімнің бағасының деңгейі;
– өнім сапасының деңгейі.
Ал қазіргі кезде өнім сапасының деңгейі. бірінші орында келеді. Сонымен бірге өндірістің еңбек өнімділігі барлық ресурстардың тиімділігі өнімнің сапасына жол береді.
Өнімнің сапасы өндіріс орнының ең маңызды көрсеткіші болып табылады. Қазіргі кезде өнім сапасының өсуі барлық белгілі фирмалардың жұмыстарын сипаттайтын тенденция болып табылады.
Өнімнің сапасы өз деңгейінде болмаған жағдайда келесі кемшіліктерге соқтырады. Бұл кемшіліктер 3 бөлімнен тұрады:
1. Экономикалық;
2. Әлеуметтік;
3. Экологиялық.
Экономикалық көрсеткіштердің кемшілігі нормадан артық материалдық ресурстар қолдануы, өндірістік инфрақұрылымның нашар болуы (жол, сақтау құралдары, байланыс), ресурстарды өңдеу кезеңіндегі қолданылып жатқан материалдардың сапасының төмен болуы, техниканың ремонтына және тұрмыстық техникаға кететін қосымша шығындар, дайын өнімдерді экспорттық үлесі төмен болған жағдайдағы толық алынбаған валюталық түсімдер және тағы бір кемшілік тауар мен техниканың импортқа кеткен қосымша валюталық шығындар болып табылады.
Әлеуметтік кемшіліктер, бұл:
1. ұлттық өнімнің тапшылығы;
2. ұлттық кәсіпорындардың өндіретін тауар беделінің төмендеуі;
3. жеке және өндірістік техника тұтыну қажеттіліктерінің жеткіліксіз болуы;
4. халықтық тұрмыстық жағдайы темпінің төмендеуі;
5. ұйым пайдасының төмендеуі.
Экологиялық кемшіліктер, бұл:
1. ауа, су бассейіндері, жер ресурстарының тазалауына кететін шығындар;
2. халық денсаулығын жақсартуына кететін қосымша шығындар;
Топырақтың, судың, ауаның сапасы жеткіліксіз болған жағдайда өнімдердің сапасы да төмендейді. Сондықтан сапа өнімнің техникалық деңгейімен тығыз байланысты. Бұл байланыс өнімнің техникалық жеткіліктерімен анықталады.
Өнімнің көрсеткіштері, қасиеттері келісі сапа көрсеткіштерімен анықталады.
Қолдану көрсеткіші- бұл өнімді қолдану бойында максималды қажетті эффектіні алу. Ол өндірістік техникалық жағдайында қолданылатын өнімдердің өнімділігімен сипатталады.
Сенімділік көрсеткіші – ұзақтылықпен, үздіксіздіктің сақталуымен айқындалады.
Технологиялық көрсеткіш – өнімдерді жөндеу және өңдеу кезеңіндегі еңбек өнімділігімен қамтамасыз ету үшін конструктордың технологиялық тиімді шешімдерді шешу үшін қолданылады.
Стандарттау – бұл көрсеткіш өнімдерді өңдеу және шығару кезіндегі жоғары еңбек өнімділігімен қамтамасыз ету үшін тиімді конструкторлық технологиялық шешімдерді қолдану үшін қолданылады.
Эргономикалық көрсеткіш – өнімдерді пайдалану кезіндегі оның гигиеналық, психологиялық, физиологиялық қасиеттерін анықтайды.
Эстетикалық көрсеткіш – өнімдердің ақпараттығын, ерекшеліктерін, формасын көрсетеді.
Көлік тиімділігі көрсеткіші – өнімдерді арттыруға қабілеттілігін көрсетеді.
Патенттік, құқықтық көрсеткіш – өнімнің бәсекелестік қабілетін анықтаушы, оның тіркелуі және техникалық жағдайын ескертеді.
Экономикалық көрсеткіш – қоршаған ортаға әсер ететін зиянды газбен анықталатын көрсеткіш.
Қауіпсіздік көрсеткіші – өнімдерді тұтыну, сақтау, жөндеу және қызмет жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауды қажет ететін көрсеткіш.
Осы айтылған көрсеткіштер өнімнің сапасын толық айқындап көрсетеді.
Келесі ең маңызды көрсеткіш болып өнімнің сапасы болып табылады. Өнімнің бағасы сапаның тиімділігін көрсетеді және өнім сапасының өнім шығынына қатынасымен есептелінеді.
2. Ұйымдағы өнім сапасын басқару
Сапаны басқарудағы сапаның өз деңгейіне тұрақтандыру мақсатында өнімнің тұтыну, пайдалану кезіндегі іс-әрекеті жатады.
Сапаға әсер ететін факторлар:
1. станок, машиналар және басқа да өндірістік жабдықтар;
2. білім, тәжірибе, адамның психо-физикалық денсаулығы.
Сапаны қамтамасыз ететін факторлар:
1. өндірістік процестің ұзақтылығы және ритмикасы;
2. қоршаған ортаның климаттық жағдайы;
3. өндірістік дизайн;
4. моральді психологиялық климат және ақпарттық қызмет етудің ұйымдастыру формалары.
Өнімнің сапасын басқару кезінде басқарудың обьектісі процестер болып табылады. Себебі, өнімнің бағасы оған байланысты. Олар өндіріс процесінің алдында және процесс барысында, аяғында ұйысмдастырылуы тиіс. Басқарушы шешімдер басқарумен берілген тапсырмамен нақты және басқару жағдайымен салыстырылады.
Әр ұйымның негізгі міндеті шығарылатын өнімнің көрсетілетін қасиеттері сапалы болуы қажет. Ұйымның қызметінің қамтамасыз етілуі сапаға келесі жағдайларды есепке алу үшін қажет.
– тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін;
– техникалық жағдайлары стандартқа сәйкес болуы үшін;
– заңға және басқа да талаптарға сай болу үшін;
– бәсекелестік қабілетіне байланысты тұтынушыға бағына ұсыну.
Сапаны басқару жүйелі түрде болуы үшін келесі мақсаттар сақталынуы тиіс. Олар:
1. ұйымның экономикалық жағдайын жақсарту;
2. өнімді өткізу нарығын кеңейту;
3. өнімнің техникалық деңгейін жақсарту;
4. нақта сапаны тұтынушылардың талаптарана көп көңіл бөлу;
5. өнімнің сапасының көрсеткіштерін жақсарту;
6. өндірілетін өнімдердің кемшіліктерін төмендету және өнімдердің кепілдік мерзімін ұзарту.
Өнімнің бәсекелестік қабілетімен сапаға байланысты проблемаларды қарастыру үшін халықаралық стандарттарды және интернационалдық стандарттарды (ИСО), ұйымның ИСО- 9000 сапа жүйесін қолданады. Мысалы: сапаның жүйесін тексеру бойынша стандарты, ИСО-100 11-1 сапаның жүйесін тексеру бойынша жалпылама нұсқаулар, халықаралық стандарт (ИСО)-100 11-2 сапалық жүйесін тексеру бойынша эксперттік аудиторларға арналған квалификациялық міндеттер, ИСО 100 11-3 тексеру бағдарламасының ережесі.
Сапа жүйесі дегеніміз – ол ұйымдастыруқұрылысының әдісімен ресурстардың сапаның басқаруын көрсетеді. Оның схемасы келесідей:
Сапа жүйесі
сапаны қамтамасыз ету сапаны басқару сапана басқару
Сапаны қамтамасыз ету бойынша жоспарлауда жүйелік түрінде сапаға қойылатын талаптарды анықтайтын бағдарлама болып саналады. Сапаны басқару кезінде сапаға қойылатын талаптарды қанағаттандыратын әдістемелер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |