Тақырыбы: Басқару ғылымының эволюциясы


Тақырыбы: Қайшылықтарды, күйзелістерді және өзгерістерді басқару



бет24/27
Дата11.11.2022
өлшемі144.84 Kb.
#464548
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы

Тақырыбы: Қайшылықтарды, күйзелістерді және өзгерістерді басқару
1. Ұйымдық қайшылықтың табиғаты мен мазмұны
2. Қайшылықтардың пайда болу себептері мен оларды шешу әдістері
3. Күйзеліс (стресс) табиғаты
1. Ұйымдық қайшылықтың табиғаты мен мазмұны
Басқару теориясында көптеген түсiнiктердегi қайшылықтардың және шиеленiстердiң де көптеген анықтамалары мен талдаулары бар.
Қайшылық дегенiмiз - екi немесе одан да көп жақтардың арасындағы келiспеушiлiк. Eкi жақ немесе әр топ өздерiнiң көзқарасын немесе мақсатын орындауға тырысады. Сол мақсаты үшiн қарсыласына кедергi жасайды.
Көптеген адамдар кайшылықтар мен шиеленiстердi үстемдiк ету, қастандық, тартыс, дау-дамай және жанжал деген түсініктермен салыстырады. Сол себептен оларды болдырмау керек деген тұжырымдамаға келедi.
Басқарудың адамгершiлiк мектептерiндегi зерттеушiлер шиеленiстердi болдырмау керек деген. Олардың ойларынша қайшылық ұйымдардағы тиiмсiз қызмет белгiсi және нашар басқарудан пайда болады деп тұжырымдаған. Қайшылықтар әрқашан дұрыс мiнездемеге ие бола бермейдi. Кейбiр жағдайларда ол жеке адамдардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға немесе ұйымдардың мақсатына жетуіне кедергісін тигізеді. Сонымен қайшылық функционалды, яғни ұйым тиiмдiлiгiнiң жоғарлауына әcepiн тигiзедi немесе дисфункционалды жеке бастың канағаттанбаушылығын төмендетедi. Шиеленістi немесе қайшылықты шешу үшiн оның негiзгi себептерiн түciнy және қарастыру қажет. Жалпы қайшылықтардың төрт негiзгi түpi бар:
- Iшкi жеке қайшылық. Бұл үлгi жоғарыда айтылған түсініктемеге сәйкес келмейдi. Бiрақ мұның дисфункционалды потенциалы басқа қайшылықтың нақты түрімен жалғасады. Бұл үлгiнiң кең тapaғaн үлгiсi ретiнде - рольдiк басқару қарастырылады. Бұл қайшылықтүрiнiң пайда болуы өндiрiстiк талаптарының жеке тұлға қажеттiлiгiмен келiсiлмегендiгiмен туындайды.
- Жеке тұлғалар арасындағы қайшылық. Қайшылықтың бұл үлгiсi өте кең тapaғaн. Көбiнесе басшылардың өздерiнiң шектеулi ресурстары, капиталы, жұмыс күшi құрал жабдықты пайдалану уақытына байланысты күpecтepi. Сондай-ақ eкi адамның түсiнбеушiлiгiмен,дауласуынан да пайда болады. Адамдардың мiнез құлықтары, көзқарастары, рухани және мәдени байлықтары әртүрлi болғандықтан олар бiр-бiрiмен тiл табыса алмайды.
- Жеке тұлға мен топ арасындағы қайшылық. Өндiрiстiк топтар үшiн өздерiнiң ережелерi қалыптастырылған. Әр адам осы ережелердi орындауы қажет, сол кезде оның әлеуметтiк қажеттiлiгi де қанағаттандырылады. Бірақ топтың және жеке адамның күтуі бiр -бiрiнеқарама - қарсы болса қайшылық пайда болады. Шиеленiс лауазымды басшылардың мiндеттерi арасында да пайда болады.
– Топ аралық қайшылық. Бұл қайшылық көбiнесе линиялық және функционалдық басшылар арасында туады. Мұның себебі линиялық басшылар функционалдық басшылардың ұсыныстарын қабыл алмаулары мүмкін және өзiнiң осы басшыларға тәуелдiлiгi үшiн парызы болуымен байланысты.
2. Қайшылықтардың пайда болу себептері мен оларды шешу әдістері
Барлық қайшылықтардың пайда болуының бiр неше себептерi бар. Олардың негізгілері төмендегiдей:
1. Бөлуге қажетті қорлардың шектеулiлiгi;
2 .Тапсырмалардың өзара тәуелдiлiгi;
3. Мақсаттардағы қайырмашылықтар;
4. Құндылықтар мен ұсыныстар айырмашылықтары;
5. Мiнез - құлық үлгiсi, тәрбиедегі өзгешiлiктер;
6. Бiлiм деңгейiндегi айырмашылықтар;
7. Нашар байланыстар
1. Ресурстарды бөлу. Әр ұйымдарда әрқашан қорлар шектеулi болады. Әрбiр басшы ұйым мақсатына тиiмдi жолмен жетуi үшiн топтар арасында материалдар, адамдар ресурстарын, қаржыларды бөлуi керек. Бiр топта көбiрек, ал екiншiсiне азырақ көңiл бөлу шиеленiскеәкеп соқтырады. Сондықтан басшы әр шешiмдi дәлелдi, тиянақты қабылдауы қажет.
2.Тапсырмалардың өзара тәуелдiлiгi. Топтардың тапсырмаларды орындауға жеке адам мен топтың байланысынан туады. Барлық ұйымдар бiр-бiрiмен тығыз элементтер арқылы байласқан жүйе болғандықтан, бiр бөлiмшенiң немесе бiр адамның тepic байланысы шиеленiс тудырады. Шиеленiстердiң пайда болу мүмкiндiктерiне байланысты құрылымдардың түрлерi де әcepiн тигiзедi.
3. Мақсаттардағы айырмашылықтар. Ұйымдардағы қайшылықтардың ұлғаюының бiр себебi - ол ұйым iшiндегi мамандандырылған бөлiмшелерге бөлiнулерi болып табылады. Мұндай бөлiну бөлiмше мақсаттарын және мiндеттерiн өздерi тұжырымдауларына әкеп соғады және сол мақсаттардың орындалуларына көп көңiл бөлдiредi.
4. Құндылықтар мен ұсыныстар айырмашылықтары. Құндылық айырмашылығы - ең көп тараған қайшылықтың түрі. Себебi, мысалы, бағынушы өз ойын әрқашанда айтуына құқығы бар деп есептейдi, ал басшы болса - бағынышты өз ойын тек ол адамнан сұраған дағaнa айтуға құқығы бар деп есептейдi.
5. Мiнез - құлық үлгiсi, тәрбиедегі өзгешiлiктер. Өмiрде әрбiр сөздi өзiнше қабылдап, oғaн агрессия, өшпендiлiк, араздық, жаулық сезiммен қарайтын адамдар кездеседi. Сондай адамдар айналасында қайшылықтаp мен шиеленiстер, жанжалдар туғызады.
6.Бiлiм деңгейiндегi өзгешелiк. Әрбір адам өз қызметін атқару барысында және қызметте өсуінде алған білім деңгейі үлкен маңызға ие болады.
7. Нашар байланыс. Ақпаратты дұрыс жеткiзбеу және оны бұрмалау шиеленiстiң негiзгi себеп-салдары болып табылады.
Қайшылықтар мен шиеленiстердi басқарудың бiр неше әдiстерi бар. Қайшылықты басқарудың тиiмдiлiгiне байланысты оның салдары функционалды және дисфункционалды болып бөлiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет