Тақырыбы: Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі
1. Басқару стилі және тәсілдері туралы түсінік
2. Автократиялық және либералдық стилдердің айырмашылығы
3. Нәтижелі лидерлікке жағдайлық тәсілдер
4. Нарықтық қарым-қатынас жағдайында менеджер имижді
1. Басқару стилі және тәсілдері туралы түсінік
Басшы шешiм қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып қарауындағы адамдардың жұмысын бақылаған кезде өзiнiң мiндетiне лайық әрекет етедi. Бұл жағдайда әрбiр басшы оның басшылық стилiн айқындайтын басқару процесiнде өзiне тән әдiс-әрекетiмен,өзiндiк ерекшелiкпен көрiнедi. Барлық жағынан ұқcac eкi адам болмайтындығы сияқты бiр-бiрiнен айнымайтын басшылық стилiде болмайды. Басшылық стилi басшылар бағыныштылардың араласуымен олардың өзара қарым-қатынасымен, бүкiл еңбек ұжымның ықпалықалыптасады.
Стиль - ұжымдағы әлеуметтiк қатынастардың бүкiл бiр тұтас ықпалымен қалыптасқанымен, ол белгiлi дәрежеде басшыға да байланыс болады. Өйткенi, шаруашылықпен тәрбие жұмысының табиғи байланысын практикада жүзеге асыратын тек басшы ғана. Оның қызметiнiң жемiстi болуы көптеген күрделi факторлар арқылыа анықталады.
Басшы еңбегiнiң тиiмдiлiгiн iстің қорытындысымен ғaнa өлшеуге болады. Басшының еңбегiн оның шығарған өнiмге қабылдаған шешiмi және барлық уақытта дерлiк оны қабылдауға кеткен уақыты көрсетiп бере алмайды. Бірақ барлық творчестволық еңбектер сияқты басшының еңбегінің де келесідей ерекшеліктер бар:
1. оның шығарған өнімі;
2. қабылдаған шешімі;
3. сол шешімді қабылдауға кеткен уақыты.
Сондықтан басшының өндірісті басқарудағы еңбегiн оның шешiмдi қабылдауға жiберген уақытымен емес, ақырғы нәтижеге есептеп объективтi бағалау қажеттiгi туады.
Лидерлiк - бұл жеке адамдар немесе бiр топта адамдарға әсер ету қабiлетi және оларды белгiлi бiр мақсатқа үшiн жұмыс процесi болып табылады.
Бихевиорист ғалымдар лидерлiктiң тиiмдi қолданудың 3 тәсiлiн атап көрсеткен:
1. Жеке адамның қасиетi мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсiл;
2. Тәртiптiлiк тәсiл;
3. Жағдайлық тәсiл.
Жеке адамдардың қасиетi мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсiл - лидерлiк теориясымен келісілген немесе әйгiлi адамдар теориясы жағынан қарастырған басқарушылардың таңдаулары жеке адамдардың барлығына қатысты қасиeттерге ие болғандарыанықталған. Ойды жетiлдiре отырып, былай атап көрсетуге болады: егер адамдар бұл қасиеттердi өз ойларына таба бiлсе, онда олар бұл қасиеттердi тәрбиелей алар едi және осымен бiрге тәжiрибелi жетекшi бола алар едi.
Бұл ерекшелiктер төмендегiдей:
1. Интеллект пен бiлiм деңгейi;
2. Әсерлi сыртқы келбет;
3. Адалдық;
4. Дұрыс бағыттағы ақыл;
5. Экономикалық және әлеуметтiк бiлiм;
6. Өзiне деген сенiмдiлiк.
Бiрақ әр жағдайда әр түрлi қабiлеттiлiк пен қасиет қажет..
Тәртiптiлiк тәсiл - басқарушы стилiн жiктеудiң негiзiн және тәртiптiлiк стилдi қалады. Бұл тәсiлдi тиiмді басқарушының жеке қасиетiмен емес, оның бағынушыларға деген көзқарасы, қарым-қатынасы анықталады. Тәртiптiлiк тәсiл лидерлiктiң көздеген мақсатының алға жылжуына үлес қосқанымен, оның кемшiлігі бар. Ал ол кемшiлiк бұл - басқарудың жалғыз оптималды стилiнiң бар eкeнi.
Жағдайлық тәсiл - бұл тәсiлдi жақтаушылардың айтуы бойынша, лидерлiктiң оптималдық стилі жағдайға байланысты өзгеріп отыруында.
Тәртiптiлiк тәсiлдiң лидерлiк теорияға қосқан үлкен бiр үлесiнiң бiрi, бұл тәсiл талдау жасау мен басқару стилді жiктеп құрауға көмек көрсетедi, дәлiрек айтқанда, бұл басқарушының өзiнiң бағыныштыларымен ара қатынасы.
Басқару стилi - бұл басқарушының бағынушыларға деген үйреншiктi үлгi тәртiбi, яғни ұйымның өз мақсатына жету үшiн әсер eтyiмен оларды оятуы. Басқарушы өзiнiң билiктiлiгiн жүргiзетiн дәрежеге дейiнгi өзiне де қолданылатын билiктiң типтерi және бұлардың бәрiнен бұрын адамгершiлiк қарым-қатынас жасауға немесе мiндеттi орындау қамқорлығы. Осының барлығы басқару стилiн көрсетiп, аталған лидердi сипаттайды.
2. Автократиялық және либералдық стильдердің айырмашылығы
Басқарудағы автократикалық лидер авторитарлы. Автократикалық басқарушы өзiнiң айтқанын орындаушыл, iстеу үшiн жеткiлiктi билiкке ие болып, керек кезiнде құбылмай осыған жүгiнуi немесе сүйенуi керек автократ өзі өте төменгi деңгейдегi бағынушыларының қажеттiлiгiн әрқашанда өтеуге тырысады.
Лидерлiк саласында әлемге әйгiлi ғалым Дуглас Мак Грегор автократикалық басқарушының «Х» теориясы жұмысшыларына қатынасын айтқан.
Достарыңызбен бөлісу: |