Тақырыбы: Басқару ғылымының эволюциясы


Ұйымның жалпы сипаттамалары



бет6/27
Дата11.11.2022
өлшемі144.84 Kb.
#464548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы

2.Ұйымның жалпы сипаттамалары
Ұйымдар міндеттерді орындау барысында өздеріне тән бірқатар сипаттамаларға ие болады. Оларға: ресурстардың орын алуы, сыртқы ортадан тәуелділігі, көлденең және тік еңбек бөлінісі және басқарудың қажеттілігі енгізіледі.
1. Ресурстар. Жалпы алғанда кез-келген қызметті нәтижеге, мақсатқа қол жеткізудегі ресурстарды тиімді пайдалану үлкен маңызға ие. Ұйымдардағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық болып бөлінеді.
Адамдық ресурстардың нәтижелілігі – басқару ісінің сан қилы міндеттерін орындайтын басқарушылар, мамандар, техникалық қызметкерлердің кәсіптілігіне байланысты. Қаржылық және материалдық ресурстар өндірістік жүйені қолдаушы және мүмкіндіктерін іздестіруші ретінде қызмет атқарады. Технологиялық және ақпараттық ресурстар алдыңғы қатарлы ғылымның жетістіктерін тәжірибеде қолдануды және басқаруға қажетті ақпарат тасқынымен тиімді қамтамасыз етуді береді.
2. Сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оны қоршаған ортасындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси, нарықтық, технологиялық, халықаралық және мәдени факторларға байланысты болады. Басшылық аталған факторларды талдау арқылы ұйымға төнетін ықтимал қауіп-қатерді орнықты бағалап, мүмкін болар зардаптарын саналы түрде алдын алу және сыртқы ортаға бейімделуі тиіс. Бұл өз кезегінде сыртқы ортаны талдау процесі болып саналады. Сол арқылы ұйым стратегиясын ұғынуға, өзгерістерді бағалауға, бәсекелестер қызметін бақылауға және тиімді факторларды бөліп көрсетуге мүмкіндік туындайды.
3. Көлденең және тік еңбек бөлінісі. Басқару ісінің тиімділігі еңбек бөлінісіндегі әрекеттердің нақтылы жағдайға қарап ұйымдастыруы сипатына байланысты болады.
Көлденең еңбек бөлінісі деп – басқару процесіндегі әр түрлі қызметтерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелінуі, яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуын айтамыз. Көлденең еңбек бөлінісі арқылы ұйымда бастапқы өндірістік цехтар мен бөлімдермен қатар, барлық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін жоспарлау, қаржы, жаңалықтар енгізу, қызметкерлерді басқару, маркетингтік жабдықтау және т.б бөлімдер құрылады.
Тік еңбек бөлінісі – басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіріп отыруы қажет. Осыдан барып қызметтердің анықталуы, өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөлінуі жүзеге асырылады.
Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі болып үш топқа бөлінеді.
Жоғары деңгей - ұйымның жалпы стратегиясын, бағыт-бағдарламасын, уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымдық дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшылар құрамы.
Орта деңгей – жоғары буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық бөлім басшылары.
Төменгі деңгей – тікелей орындаушылар және де төменгі ішінара қызметтерді орындайтын басшылық буындары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет