Тақырыбы: Енбекақының грейдтік төлеу жүйесі



бет1/10
Дата27.10.2023
өлшемі346.53 Kb.
#481639
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Проект полностью




Тақырыбы: Енбекақының грейдтік төлеу жүйесі


Аннотация
Бүгінгі таңда грейд жүйесі-бұл баллдық-факторлық әдіс пен матрицалық-математикалық модельдер негізінде лауазымдық айлықақыларды есептеудің ең жақсы және жалғыз негізделген жүйесі.
Зерттеудің мақсаты- еңбекақы төлеу жүйесінің заманауи технологиясы ретінде грейдингті қолданудың теориялық- әдіснамалық негіздемесі болып табылады.
Зерттеу гипотезасы:
Отандық компанияларда персоналды тиімді басқару құралы ретінде грейдтік еңбекақы төлеу жүйесі сәтті жүзеге асырылады, егер:
- грейдерлеу жүйесін еңбекақы төлеу жүйесіне енгізу жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу жүргізілсе;
- грейдерлеу жүйесін қызметкерлерді тиімді басқару құралы ретінде еңбекақы төлеу жүйесіне енгізу бойынша іс-шаралар кешенін іске асыру барысында.
Зерттеу барысында Еуразиялық экономикалық одақ нарығында кенінен таңылған "КИТ" көлік фирмасымен байланыса отырып талдау жасалынды. Талдау сегіз кезенен тұрып, зерттеу рәсімі толығымен қарастырылды.
Эксперименттің әдістемесін аталған компанияда Бадоев әдісін қолдана отырып, эксперттік комиссиямен біріге отырып жасалынды.
Зерттеу нәтижелері:
Қазақстандағы еңбекті оңтайландыру мен уәждеуге байланысты шешімдер қабылдау үшін негіз құруға ықпал етеді. Сонымен қатар, зерттеу барысында жасалған тұжырымдар мен ұсыныстар мемлекеттік және муниципалды қызметкерлерге, мамандарға, орта және ірі компанияларға қызығушылық тудыруы мүмкін.
Зерттеудің жаңашылдығы және дербестік дәрежесі:
Грейд жүйесі Қазақстанда Ақмола және Маңғыстау облыстарында ғана еңгізілген, сондықтанда Алматы облысы үшін грейдерлеу жүйесін әзірлеу және іске асыру үшін біздің зертеу жұмысымыз бастапқы жоба ретінде қарастырылуы мүмкін.
Жұмыстын нәтижесі және қорытындысы.
«Кит» көлік компаниясында жүргізілген зерттеу барысында еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі тиімсіз және қызметкерлер мен жалпы қызметкерлердің наразылығын тудыратыны анықталды. Сауалнама мен жүргізілген талдау деректерін ескере отырып, еңбекақы төлеу жүйесіне жаңа грейдерлеу жүйесіне қатысты өзгерістер енгізілді. Осылайша, зерттеу нәтижесі "Кит"көлік компаниясында еңбекақы төлеу жүйесіне жаңа түзетулер енгізді.
Зерттеу нәтижелері практикалық тұрғыдан Қазақстанның орта және ірі компанияларында, мемлекеттік мекемелерде қолдануы мүмкін.

Annotation
To date, the grading system is the best and only reasonable system for calculating official salaries based on the point-factor method and matrix-mathematical models.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет