Тақырыбы: Микроорганизмдердің морфологиясы мен құрылымдары


Таксономиялық бірлік үғымы



бет2/9
Дата23.11.2022
өлшемі3.75 Mb.
#465525
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Биохимиялық (органикалық заттарды түзу кезіндегі айырмашылықтары).

Таксономиялық бірлік үғымы:


Түр шығу тегі ортақ, ортақ морфологиялық және физиологиялық сипатқа ие, қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларында тіршілік етуге бейімделген организмдер жиынтығы. Яғни бір түрге жататын микроорганизмдер ортақ генотипке ие.
Штамм – бірдей немесе әртүрлі табиғи қоректік орталардан, әртүрлі уақыт аралығында бөлініп алынған, бір түрге жататын микроорганизмдердің таза культурасы. Бір түрдің штаммдары ортақ қасиетке ие. Культуралды ашытқылар штаммы
Клон – бiр клеткадан алынған дақыл немесе культура. Қәзiргi кезде микрооорганизмдердi анықтау, ажырату үшiн 1 984 жылы қабылданған Бергийдiң «Бактериялар анықтамасы» пайдаланылады.
Таксономиялық бірлік негізі түр болып табылады.
Раса деп аталады. Мысалы тағам өндірісінің көптеген салалаларында (нан, спирт, сыра, квас және т.б) қолданылатын Saccharomyces cerevisiae түріне жататын ашытқылар расасы бір-бірінен көмірсуларды пайдалану жылдамдығы, ашыту белсенділігі, түзетін жанама өнімдердің көлемі бойынша өзгешеленеді.
Микроорганизмдердің номенклатурасы
Микроорганизмдерді топтастыру кезінде екі әдіс қолданылады: табиғи (филогенетикалық) және жасанды классификация. Қазіргі кезде микроорганизмдердің классификациясының барлығы жасанды классификация болып табылады. Номенклатура–микроорганизмді толығымен зерттеген соң, белгілі бір атау берілуі. Микроорганизмдерді атау үшін, ХVIII ғасырда К.Линней ұсынған бинарлық номенклатураны (екі латын сөзінен тұратын атау) қолданады. Бірінші сөз– түр атауы. Бұл зат есім, бас әріппен басталады, әдетте морфологиялық, физиологиялық немесе ерекше бір қасиетін, мысалы: тіршілік ету ортасын сипаттайды. Екінші сөз– бұл сын есім және кіші әріппен жазылады, түрдің белгілі бір ерекшелігін сипаттайды. Мысалы: Streptococcus lactis микроорганизмінің атауы. Streptococcus–түр атауы. Бұл түрге сфералық пішінді (коккалар), әдетте тізбектеліп орналасатын (морфологиялық қасиет) бактериялар жатады. Екінші сөз тіршілік ету ортасын көрсетеді – сүтқышқылды стрептокок.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет