Бактериялар арасында қозғалатын және қозғалмайтын формалары бар. Көпшілік қозғалатын бактериялар сұйық ортада белсенді қозғалады. Бұлардың кей бір өкілдері ғана өздігінен қозғалуға бейімді келеді. Бактериялар протоплазмалық талшықтары арқылы қозғалады. Бұл талшықтар кәдімгі микроскоппен қарағанда көрінбейді де электрондық микроскоппен қарағанда өте жақсы көрінеді. Жалпы алғанда бактерия талшықтарының ұзындығы клетканың денесінен аспайды, тек кейбір бактерияларда ғана ол клеткадан бірнеше есе асып түседі. Бактериялар қозғалысы келесідей жолдармен жүзеге асырылады: а) сырғанау арқылы. Беткі бөлігі сырғанақ бактерияларға тән қозғалыс түрі. б) жиырылу арқылы, негізінен спирохеттердің қозғалысы осылай жүзеге асырылады. в) реактивті қозғалу. Кейбір бактериялар қозғалу үшін белгілі бір мөлшерде сұйықтық бөліп, алға қарай жылжып отырады.
Бактериялардың көбеюі.
Бактериялар бөліну арқылы көбейеді. Бөліну кезінде клетканың ортасынан біртіндеп қалқанша пайда болып, клетка ішіндегі заттарды екіге бөледі. Микобактериялардың кейбір түрлерінде бұл байқалмайды. Егер таяқша тәрізді клеткалар бөлінгенде өз ара тең екі клетка пайда болса, оныизоморфты бөліну деп, керісінше, клетка бірдей тең екіге бөлінбей бөліктері әр турлі болса — гетероморфты бөліну деп атайды. Бөлінудің соңғы түрі, ересек бактерияларда байқалады. Бактериялардың көбею жылдамдығы орта жағдайларына байланысты болады. Егер бактерияларға қолайлы жағдай туса, олардың көбеюі де тездейді. Бактериялар үшін ортада қажетті қоректік заттар болып, жылу, ортаның реакциясы, аэробты бактериялар үшін оттегі жеткілікті болса, әрбір клетканың көбеюі 20—30 минут сайын кайталанып отырады. Сондықтан көбею жылдамдығы мен сыртқы орта жағдайының арасында тығыз байланыс, кейде тіпті тәуелділік бар деп те айтуға болады. Сөйтіп, азғана уақыт ішінде көлемі 1—2 микрондай болатын бактериядан орасан көп клеткалар түзіледі. Бактериялардың көбею жылдамдығын мына мысалдан айқын көруге болады. Егер 20 минут сайын клетка бөлінетінін ескерсек, ол бір тәулік ішінде 72 рет қайталап 272 = 472*1019 клетка пайда болады. Егер бір миллиард бактерия клеткасының салмағы 1 миллиграмдай болса,онда 472* 1019 клетка 4720 тоннага тең келеді. Осы бактериялар бүкіл жер шарынқаптап кеткен болар еді. Бірақ біз табиғаттағы мұндай құбылысты байқамаймыз. Өйткені пайда болған бактериялар клеткасының біразы сыртқы ортаның факторларының қолайсыз әсерінен қырылып кетеді. Аман қалған бірер организм қолайлы ортаға түссе, тез бөлініп, жаңа ұрпақтар бере бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |