Тақырыбы: Микроорганизмдердің морфологиясы мен құрылымдары



бет6/9
Дата23.11.2022
өлшемі3.75 Mb.
#465525
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Таяқша бактериялар

  • Таяқша тәрізді бактериялардың спора түзуші топтарын — бациллалар, ал түзбейтіндерін — бактериялар деп атайды. Созылған цилиндр тәрізді формаға ие (сур. 2) және келесідей ерекшеленеді:
  • ● пішіні бойынша; таяқша тәрізді бактериялардың орташа ұзындығы шамамен 2-7мкм, диаметрі 0, 5-1 мкм. Сонымен қатар көлемі бұдан едәуір үлкендері де кішілері де бар.
  • ●клеткалардың өзара орналасуы бойынша: диплобацилалар немесе диплобактериялар — екі-екіден қосақтала орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Стрептобактериялар — моншақ тәрізді тізіле орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Кейде пішіні шар тәрізді бактерияларға тым ұксас, таяқша тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Оларды коккобактериялар деп атайды. Спора түзетін клеткалары тізбектеле орналасқандарын стрептобацилдар деп атайды;
  • ●таяқшалар спора түзетін және спора түзбейтін болып келеді; Спора түзетін таяқша тәрізді бактериялар бациллалар және клостридиялар болып бөлінеді. Бацилаларда спораларының көлемі кіші, сондықтан, клетка пішіні өзгермейді. Клостридияларда споралары ірі болғандықтан, спора түзген кезде клетка пішіні өзгеріске ұшырайды.
  • таяқша тәрізді бактериялар қозғалмайтын және қозғалмалы болып келеді.

Сурет 2. Таяқша тәрізді бактериялар морфологиясы:
А- диплобактериялар; б- стрептобактериялар;
в – бацилалар; г – клостридиялар.

Үтір тәрізді бактериялар


спирохеталар
вибриондар
спириллалар
Үтір тәрізді бактериялар иілу деңгейіне қарай: вибриондар, спириллалар және спирохеттер болып бөлінеді. Вибриондар үтір тәрізді, ең кіші бактериялар. Вибриондар клеткасының ұзындығы 1-3 мкм аспайды.
Спириллалар клеткаларының ұзындығы 5 тен 30 мкм дейін болады.
Спирохеттердің ерекшелігі – клеткалар салыстырмалы түрде ұзын болғанымен, диаметрі аз. Иілген пішінді барлық бактериялар қозғалғыш болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет