Мазок из чистой культуры С. tetani. Окраска по Граму.
Бактериялар – кең тараған және әртүрлі микроорганизмдер топтары. Бактериялар көлемі микронмен есептеледі. Бактериялар формалары тұрақсыз, қоршаған орта әсерінен өзгеріп отырады. Ондай өзгергіштіктер тұқым қуаламайды және модификация деп аталады. Кей жағдайда микробтар эволюция процесі барысында өзіне тиесілі морфологиялық қасиеттерін сақтап қалуға қабілетті. Сыртқы пішініне карай бактериялар негізінен үш топка бөлінеді: шар тәрізділер — коккалар, таякша тәрізділер — бацилалар және
Бактериялардың негізгі формалары
Коккалар Коккалар (грек тілінен «coccus» жидек) – сфера немесе шар тәрізді бактериялар. Бұл топтың өкілдері өзара ерекшеленеді: Диаметрі бойынша; шар тәрізді бактериялар диаметрі 1-2мкм аспайды; Клеткалардың өзара орналасуына қарай. Бактериялардың әр түрінде бөлінуден кейін клеткалардың орналасуы бірдей болмайды (сур. 1). Осыған байланысты коккалар келесідей бөлінеді: Диплококкалар – клеткалар екі-екіден орналасады; Стафилакокктар –коккалар ретсіз жүзімшоғырына ұқсас топталады;
Сүрет 1. Коккалардың өзара орналасуы:
а–микрококкалар; б – диплококкалар; в – стрептококкалар; г – тетракоктар; д – стафилакокктар; е – сарциналар.
Барлық коккалар қозғалмайды және спора түзбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |