Рибосомалар
құрамында РНК (60%) және белок (40%) болатын, шағын гранулалар. Рибосомаларда клеткалық белок синтезі жүреді.
Нуклеоид
көбеюге қатысатын, прокариотты клетканың жалғыз хромосомасы, тұқым қуалау ақпаратын сақтаушы. Ол шағын құрылым, цитоплазма ортасында орналасқан, қос тізбекті ДНК жіпшесінен тұрады.
Цитоплазма
клетканың ішкі сұйықтығы, жартылай сұйық, коллоидты ерітінді. Құрамында: клетка салмағына шаққанда 70-80% су және ферменттер, қоректену субстраттары, клетканың зат алмасу өнімдері.
Мезосомалар
мембранадан түзіледі, энергиялық және клетканың бөліну (көбею) процесстеріне қатысады.
Цитоплазмалық мембрана (ЦПМ)
клетканың қоректенуінде маңызды роль атқарады. Белокты-липидті жүйеден құралған, үш қабатты құрылымнан тұрады. Мембрананың сыртқы жағында қоректік заттарды клеткаға тасымалдаушы белоктар орналасқан, ал ішкі жағында гидролиздік және тотығу-тотықсыздану ферменттері орналасған. Екі белоктық қабық арасында фосфолипидті қабат орналасады.
Бактериялар клетка қабырғасының химиялық құрамы және құрылымы бойынша грамм оң (Грам+) және грам теріс (Грам - ) болып бөлінеді. Бактерияларды Грам бойынша бояу әдісін ұсынған, Дат ғалымы Кристиан Грам есімімен осылай аталған. Бактерияларды генцианвиолетпен бояған соң, спиртпен өңдейді, нәтижесінде Грам+ бактериялар кулгін түсін сақтап қалады, ал Грам – бактериялар түссізденеді.
Грам+ бактериялардың (а) клетка қабырғасы пептидогликан – муреиннен (90-95%), тейхой қышқылдарынан, полисахаридтерден тұрады. Ол бір қабатты құрылымға ие, цитоплазмалық мембранаға тығыз жанасқан.
Грам –бактерияларда (б)клетка қабырғасының құрамында муреин мөлшері аз (5-10%), тейхой қышқылдары болмайды, көп мөлшерде липопротеидтер мен липополисахаридтер кездеседі.
Ганс Христиан Грам (1853-1938)
Грам(-) бактериялардың клетка қабырғасы Грам(+) бактериялармен салыстырғанда әлдеқайда жұқа, бірақ екі қабатты құрылымға ие. Сыртқы қабығы клетка ішіне токсикалық заттардың енуіне кедергі болатын: липопротеидтер мен липополисахаридтерден тұрады. Сондықтан Грам(–) бактериялар антибиотиктер, улы химиялық заттарға төзімді келеді және тағам өндіріс орындарында олармен күресу Грам(+) бактериялармен салыстырғанда қиынға соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |