Компенсация - (латын тілінен аударғанда сотрепзагіо- қалпына келтіру, өтеу) - организмдегі жетілменген немесе бүзылған функционалдық эрекеттерді қалпына келтіру. Бүл өте күрделі , үзақ, жан-жақты процесс. Ол туа біткен жэне жүре пайда болған кемістіктердің салдарын жеңілдетуді көздейді. Мысалы, соқыр болып туған баланың көру талдағышының зақымдалған қызметінің компенсациясы - сезімталдығын дамыту арқылы, яғни терінің сенсорлық жүйесінің көмегімен орындалады. Саналы еңбек эрекеті жэне қоғаммен қарым - қатынас, адамның компенсациялық процесстерінің дамуын анықтайды. Компенсация процессінің негізі - мүмкіндіктері шектелген балаларда жаңа шартты байланыстардың динамикалық жүйелерінің қалыптасуы, яғни, бүзылған, элсіреген функцияларды қайта қалпына келтіру. Компенсацияның жоғары дэрежесі баланың жан - жақты жетілгенін білдіреді.
Бүл жағдайда кемтар балаларға - қорғаныс, сақтандыру режимін сақтау, оқу жүктемесін шектеу сияқты талаптар қойылады. Мүмкіндіктері шектелген балаларда компенсаторлық процесстердің нэтижелі болуы эртүрлі жағдайларға байланысты болады. Олар төмендегідей: компенсаторлық процесстердің дамуына қолайлы әсер ететін жағдайлар:
— оқыту жэне тэрбиелеу жүйесінің зақымдану дэрежесіне, клиникалық түріне сэйкес дүрыс үйымдастырылуы, арнайы эдістер мен ережелерді қолдана отырып, қажетті сауықтыру жүмыстарын жүргізу;
— оқыту мен еңбекті байланыстыра отырып, балалардың ақыл - есінің және денесінің дамуына жан - жақты үйлесімді, гармониялық қалыптасу принциптерін қолдану;
— балалар үжымында, мүғалімдер мен оқушылар арасында дүрыс қарым - қатынас жасай білу;
— балалардың оқуын, тэртібі мен еңбек процессін дүрыс үйымдастыру, оқу тапсырмаларының шамадан артық болмауын ескеру;
— оқушыларды оқыту эдістерш түрлі тиімді эдістермен алмастырып отыру, оларды балалардың белсенділігін, өз бетінше қабілеттіліктерін жоғарлатуға бағыттау;
— эртүрлі техникалық қүралдарды, арнайы жабдықтар жүйесін, көрнекі қүралдарды кеңінен қолдану, балалардың мүмкіншілігіне қарай оқу қүралдарын тиімді пайдалану.