Арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі. Психологиялық негіздері.
1.Арнайы психологияның пәні, міндеттері, арнайы педагогика мен байланысы.
2.Арнайы психологияның ағза мүшелер қызметтерін теңестіру, толықтыру яғни компенсациялау проблемалары.
3.Компенсациның түрлері. Компенсация туралы ілімнің дамуы.
4.Арнайы психологияның ақаудын күрделі құрамы туралы түсінік.
5.Дамудағы біріншілік және екіншілік ауытқулар.
6.Биологиялық және әлеуметтік факторлардың компенсация процесіне ықпалы (Л.С.Выготский).
7.Психикалық даму бұзылыс түрлерің аныктайтын көрсеткіштер (В.В.Лебединский).
8.Психикалық даму бұзылыстарының негізгі түрлері.
9.Дамуында ауытқуы бар және қалыпты балалардың психика дамуының ортақ зандылықтарын арнайы педагогикада ескеру.
10.Нақты бұзылыста кездесетін психика дамуындағы негізг зандылықтар және оларды арнайы педагогиканың сәйкес пәндік салаларында (олигофренопедагогика, сурдопедагогика, тифлопедагогика т.б.) ескеру.
11.Арнайы психологиядағы диагностика.Арнайы білім беру жүйесінде психологиялық қызмет.
1. Арнайы психологияның пәні, міндеттері, арнайы педагогикамен байланысы.
Арнайыпсихологияғылымы психологиялық жэнефизикалық жағынан кемтар балалармен ересектердің психикалық қимыл әрекетінің ерекшелігін,психикалық даму заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы болып табылады. Адамдардың психикалық жэне физикалық кемтарлығының психологиялық ерекшеліктері көркем эдеби, философиялық эдебиеттерде сонымен қатар, ежелгі жэне орта ғасырлардағы медициналық трактаттарда көрсетілген болатын. Бүл көрсеткіштер сипаттамалық мінездемеден түрады. Оларға әсіресе соқырлар мен саңыраулар жатады. Мұндай ерекшеліктер адамдардың арнайы қабілеттерін көрсетеді (мысалы музыкаға, көркем эдеби шығармаға қабілеттілік). 1839ж Ж.Д. Эскироль француз психиаторы ақыл ойы артта қалған балалар жайында 2 томдық еңбек жариялады. Бұл еңбекте таза психологиялық сұрақтар үлкен орын алды жэне де медициналық, гигиеналық, медико- социалды проблемалар қозғалды. Д. Эскироль ақыл ойы артта қалушыларды психоз түрі ретінде қарады. Ол ақыл ойы артта қалудың негізгі ерекшелігін тіл кемістігі деп түсіндіреді. Эскирольдің классификациясы психологиялық мінездемелермен түсіндірілді. Сонымен қатар, осы мэселелерді психатрияның аумағында қарастырған Ж.Итар жэне Е.Сечен француз психиаторы болып табылады.
Арнайы психологияның даму тарихының негізі жэне қажеттісі болып, бастау мектепте оқытуға кіріспе. Демек, таным процесінің алғашқы баспалдағын, оқытудың заңдылықтарын енді үйренуші балалардың психологиясынан нормадан ажырата алу сол кездегі психологтарға, педагогтарға үлкен қиындық туғызды. Яғни білім беру процесіне енді енуші ақыл ойы артта қалған балалармен жүмыс жасау және оларды ортадан ажырата білу оңайға соқпады. Осыдан арнайы сыныптарды ашу үшін Франция министірлігі эдістемелерді өңдеуде комиссияларды орнатты. Бүл комисся қүрамына француз психологы А.Бине жэне Симон кірді. Ол екеуі ақыл ойында кемістігі бар балалар жайында жазылған қүнды материалдарды жинақтады. Диагностиканың принципі негізінде «Аномальді балалар» кітабін жарыққа шығарды.
Дамуында ауытқуы бар балалардың психикасы қарапайым балаларға қарағанда өзгеше болып келеді.
Қорыта айтқанда арнайы психология ғылымы психологиялық және физикалық жағынан кемтар балалармен ересектердің психикалық қимыл эрекетінің ерекшелігін, психикалық даму заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы болып табылады.
Арнайы психологияның мақсаты: эртүрлі деңгейдегі психологиялық жэне физикалық жағынан кемтар балалардың жэне ересектердің психикалық даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттеу жатады.
Арнайы психолгияның міндеттері: Даму мүмкіншілігі шектелген балаларды психикалық ерекшеліктерімен мүмкіндіктеріне қарай олардың ақыл-ойын, танымын дамыту, әлеуметтік өмірге бейімдеу жэне қоғамның мэнділігін түсінуге жэне мүмкіндіктеріне қарай өз бетінше өмір сүруге, еңбекке бейімдеу.
Дамуында ауытқуы бар балаларды тэрбиелеуда, оқытуда жэне қалыптастыруда арнайы педагогика, психология гылымдарының маңызы өте зор. Осы саладагы гылыми зерттеулердің нэтижесінде кемтар балаларга қажетті түзету, дамыту, қалыптастыру шараларын, арнайы оқыту, тэрбиелеу, эдістерін қүрастырып, кемістік түрлеріне, дэрежесіне сэйкес қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |