4. Арнайы психологияның ақаудың күрделі қүрамы туралы түсінік.
Күрделі ауытқулар бүл бірнеше кемістіктердің бірлесіп баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Бірақ, бүл кемістіктердің қосындысы ғана емес, оның эрқайсысының қалыптасу ерекшеліктері бар. Қосылған кемістіктердің клиникалық білгілері жеке-жеке кемістіктер түрлерінің белгілерінен ерекше. Сондықтан, ғылымиэдебиеттерде кездесетін «күрделі ауытқулар», деген терминдеріне мағынасы бойынша үқсас «күрделі дефект», «дамудың күрделі ауытқулары», «бірнеше кемістіктердің бірлескен түрі» сияқты сөздер қолданылады. Оның бэрі - соңгыкезде жиікездесетін ауытқулардың күрделіқүрамын анықтайды. Ауытқулардың қүрамына байланысты күрделі зақымдануы бар балалар үш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа жататын балаларда психикалық жэне физикалық дамуында негізінен ауытқудың екі түрі кездеседі. Осы ауытқудың эрқайсысының өзі-ақ балалардың дамуын кері эсерін тигізеді. Мысалы, соқыр - саңырау, кемақыл - саңыраулық, нашар еститін жэне психикалық дамуында тежелуі бар балалар.
Екінші топқа - бірінші кезектегі өте ауыр кемістігі бар жэне оган қосымша ауытқу - жеңілдету, бірақ ол да баланың дамуына кері эсерін тигізеді. Мысалы, кеақыл балаларда кездесетін нашар есту. Осы жагдайды кейде баланың алғашқы кемістігінің асқынуы деп түсіндіруге де болады.
Үшінші топқа кемтар балаларда кездесетін бірнеше алғашқы кемістігі бар және кейбір жағдайда оған қосылатын асқынған кемістіктер. Мысалы кемақыл, нашар көретін жэне нашар еститін балалар немесе қимыл-тірек аппараты зақымданған балаларда кездесетінкөру жэне есту кемістіктері оған қоса тіл мүкістіктері.
Зерттеу нэтижелері көрсеткендей күрделі кемістігі бар балалардың саны аса көп емес, бірақ тэжірибелі дефектологтардың түжырымы бойынша арнайы мекемелерде осы балалардың саны 40% қүрайды. Сондықтан, осы балалардың ерекшеліктерін білу, арнайы мекеменің жүмыс істеу эдістемелерін қүрастырғанда жэне түзету эдістерінің нэтижесі болуына өте қажет. Осы балаларды толық зерттеп, жэне олардың ерекшеліктерін жақсы білу оларға тек түзету, дамыту эдістерін қолдану үшін ғана қажет емес, сонымен қатар олардың келешекте жағдайларының нашарлауының алдын алу үшін де қажет.
Күрделі кемістіктері бар балаларды дер кезінде анықтау үшін олардың эр-бір ауытқыған эрекеттерінің себебімен салдарын білу керек. Кейбір жағдайларда күрделі кемістіктердің бір ғана немесе бірнеше үқсас себептері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |