Тақырып: Асқорыту жүйесін субъективті тексеру әдістері, мейірбике ісін ұйымдастыру



бет2/8
Дата01.06.2023
өлшемі25.52 Kb.
#474594
1   2   3   4   5   6   7   8
урок 10

Асқазан ауруында болатын құсық:

  1. Асқазан кілегейімен (созылмалы гастритте)

  2. Тамақ ішкен бойда 5-10 мин кейін (жедел гастритте, асқазанның кардиальды бөлігінде немесе сағасында орналасқан жара мен қатерлі ісікте)

  3. Тамақ ішкеннен кейін 2-3 сағаттан соң болатын құсық асқазанның денесінде орналасқан жараға және обырға тән

  4. 4-6 сағаттан кейін болатын құсық ұлтабар жарасында және асқазан мускулатурасының атониясында кездеседі

  5. Тамақтан 6-12 сағаттан болатын құсық пилоростенозға тән.

Құсықта қан болуы қарын жарасы мен обырда байқалады.
Асқазаннан қан кету – асқазан ойық жарасында, асқазанның қатерлі ісігінде, асқазан веналары кеңейгенде полипте болады.
Асқазаннан қан кеткенде құсықта тағамның қалдықтары болу мүмкін және қан қоңыр түсті болады. Ал өкпеден қан кеткенде қақырығы алқызыл түсті көпіршікті болады.
Кекіру. Кекіру дегеніміз:

  1. Ауаның ауызға оралуы – секрециясы төмен созылмалы гастритте, неврозда

  2. Ауызына қышқыл дәмінің келуі секрециясы жоғары созылмалы гастритте

  3. Ауызынан шіреген жұмыртқа иісінің шығуы асқазан рагінде және уланғанда болады.

Қыжылдау. Өңеш түсінің қыжылдауы өңештің төменгі бөлігінің асқазанның қышқыл сөлі мен тітіркенуінен болады (асқазан жарасы, гиперацидті гастрит).


Бауыр -өт жолдары ауруларымен науқастарды зерттеу тәсілдері.


Сұрастыру шағымдары: ең жиі кездесетін шағым құрсақ қуысы ауырғандық, диспепсиялық бұзылыстар, сарғаю, терінің қышуы, құрсақ қуысының өсуі, дене қызуының көтерілуі. Ауырғандық оң жақ қабырға астында орналасады, кейде эпигастрий аймағында. Ауырғандық әртүрлі. Ауырғандық қатты, ұстамалы шаншуы (бауыр ұстамасы) немесе ұзақты, тұйық. Ұзақ уақыт сыздап ауыратын аурулар – зіл басу, кернеу сезімің туғызады, оң жақ иыққа таралады, жауырынға, орталығына таралады. Мұндай таралу диафрагмальды және семіп қалады. Нерв талшықтарының тітіркенуімен туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет