Сипатына қарай ауырғандық- сыздап, ұстама тәрізді болып бөлінеді (ішек коликасы, шаншуы). Ішек шаншуына тән: кенеттен басталуы, кенеттен басылуы. Ауырғандықтың орны тез ауытқып тұрады, бірақ көбінесе кіндік аймағында орналасады. Сыздап ауырғандық кейбір кезде тұрақты, жөтелген жағдайда үдей түседі. Бұндай ауырғандық қабыну ауруларына тән -бұлшық ет жиырылуынан туады егерде қабыну процессіне іш пердесінің қатысы болса. (Құрсақ қуысы алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы).
Ауырғандықтың орналасуы. Оң жақ мықын аймағында ауырғандық орналасуы туберкулез, аппендицит, соқыр ішек қабынуына, ішек жарақатына тән. Кіндік аймағында ауырғандықтың орналасуы аш ішек қабыну ауруларына тән, доға тәрізді ішек ауруына, ішек жарақатына тән.
Сигма тәрізді ішек қабынуында ішек өткізгіштігі жойылғанда қатты ауырғандық, іш қуысының төменгі сол жағында орналасады. Нәжіс қан аралас, әсіресе дәретке отырған кезде ауырғандық, тік ішек қабыну ауруларына немесе тік ішек рагіне тән, жыныстық аралық аймағында орналасады. Тоқ ішектің, талақтық иіні қабынғанда ауырғандық кеуде қуысына таралады. Аппендицит ауруында ауырғандық ол оң аяққа таралады. Дизентерия ауруында (тоқ ішектің сол жақ бөліктерінің жедел қабынуы) ауырғандық құйымшаққа таралады.
Спазмолитикалық дәрілерді, жылытқыш пайдалануында жел шығуына әсерінең,ауырғандық басылады. Ішек ауруларының негізінде ішек өткізгіштігінің бұзылуы және оның қозғалыс функциясының бұзылуы жатыр. Көбінесе ауырғандық ішектің тегіс бұлшық еттерінің жиырлуы немесе ішекте газ жиналуымен байланысты (дистензиялық) ауырғандықты туғызады . Бұл екі механизм қатарласуы мүмкін (спастикалық). Ауырғандықты көптеген себептермен түсіндіруге болады. Вегетоневрозда энтериттерде, колиттерде, аш ішек қатерлі ісігінде, қорғасынмен, мышьякпен улануларда, орталық невр жүйесі ауруларында болады. Дистензиялық ауырғандық бұлшық ет жиырылуынан туады ,спастикалық ауырғандықтан екі белгі айырмашылығы бар.
Ауырғандық ырғақсыз – олар ұзақ және ұзақ уақыт ішектің кебуіне байланысты, біртіндеп басылады.
Достарыңызбен бөлісу: |