Тақырып: Асқорыту жүйесін субъективті тексеру әдістері, мейірбике ісін ұйымдастыру



бет3/8
Дата01.06.2023
өлшемі25.52 Kb.
#474594
1   2   3   4   5   6   7   8
урок 10

Ұстама тәрізді ауырғандық кенеттен басталады, тез қатты ауырғандық айналады. Оң жақ қабырға астында басталып, құрсақ қуысына, оңға, жоғарыға, арқаға таралады. Ұстама ауруы бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады. Ауырғандық ұстамасы кенет (күрт) басылады. Ауырғандық ұстамасы кезінде дене қызуы көтеріледі, сарғаю пайда болады. Өт жолдарының дискенезиясында ауырғандық себебі - өт қалтасы жиырлуымен, Одди сфинктерінің босау координациясының бұзылуымен байланысты, осының салдарынан өт жолдарында өт іркіліп, өт қалтасынаң өттін 12-елі қүйілуі бұзылады, бұл өт қалтасының бұлшық еттерін құрысып, жиырлуына әкеліп соқтырады. Дискенезияда қабыну процесінің белгілері жоқ.
Диспепсиялық шағымдар:
Тәбеттің төмендеуі, ауызда ашшы, жағымсыз дәм, кекірік, жүрек айну, құсу, іштің кебуі, іштің шұрылдауы, іш кету, іш қату. Аурудың әртүрлі симптомы - өттің бөлінуінің бұзылуы, майлы тамақты қорыту және бауырдың зарарсыздандыру функциясының бұзылуымен байланысты.Қызба симптомы-активті гепатитте, бауыр қатерлі ісігінде, абсцессте, өт жолдарында, өт қалтасында қабыну процессінде.
Ұйқы без аурулары бар науқасты зерттеу тәсілдері.
Сұрастыру. Ұйқы без аурулары бар науқастардың негізгі шағымдарына жататын ауырғандық, диспепсиялық бұзылыстар, сарғаю, жалпы әлсіздік, жүдеуі. Ауырғандық сипатына, ұзақтығына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Калькулезды панкреатитке ұстамалы түрде ауырғандық тән, эпигастральды аймағында немесе сол жақ қабырға астында, тамақ ішкеннен 3-4 сағаттан кейін, жауырынға таралады. Ауырғандық өте қатты, спазмолитиктермен басылады. Жедел панкреатитте ауырғандық өте қатты, кенеттен пайда болады, бірнеше сағатқа, бірнеше тәулікке созылады. Ауырғандық құрсақ қабырғасының жоғарғы бөлігінде орналасады, белбеу тәрізді. Ауырғандықтың тез басталуы ұйқы безінің жалпы өзегінің бітелуінен. Ауырғандықтың таралу жолы- арқаға, омыртқаға, бел аймағына, науқас шалқасынан жатқан кезде ауырғандық үдей түседі. Сондықтан науқастар еңкейіп жатады. Созылмалы панкреатитте ауырғандық сыздап басталады, өршу кезінде күшейе түседі. Созылмалы панкреатитте ауырғандық түрі тәулік бойы өзгереді, түскешейін ауырғандық жоқ, түстен кейін ауырғандық өрши түседі. Ауырғандық майлы тамақ, шоколад, сүт, кофе, жұмыртқалар пайдалануімең байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет