Шіру диспепсиясы көбінесе асқазан секреторлық функциясы бұзылған жағдайда дамиды. Нәруыз қорытылуы бұзылуы шіру диспепсиясы дамуына себепші болады. Бұл жағдайда науқаста қоңыр түсті сұйық, сілтілі реакциялы, құрамында қорытылмаған тамақпен, шірік иісті нәжіспен отырады. Тоқ ішектің органикалық зақымдануында көбінесе қабыну кезінде іш кету көп мөлшерде емес. Науқастың жалпы жағдайына әсер етпейді. Аш ішектің қозғалыс және сіңіру функциясы бұзылғанда науқаста көп мөлшерде іш кету, организмде зат алмасу процессінің бұзылуына әкеліп соқтырады. (гипопротеинемия, анемия, гиповитаминоздар, электролиттік өзгерістер) Іш кету этиологиялық принципіне байланысты бөлінеді.
- инфекциялық (бактериальды, дизентерия, сальмонеллез, лямблиоз, глист инвозиясы)
- алиментарлық (аллергиялар, тамақ токсикоинфекциялар, тамақты шамадан тыс көп мөлшерде ішу, тамақты тез ішу, тамақты дұрыс механикалық қорытпау)
- диспепсия әсерінен (тамақты қорытудың бұзылуы) ахилия панкреатикалық (тамақты қорыту ферменттерінің тапшылығы)
- авитаминоздық, дистрофиялық
- медикаментоздық, антибактерияльды емді ұзақ уақыт қолданудың әсері (дисбактериоз дамиды)
- неврогендік («аю» ауруы)
-екіншілік дизентерия, бейспецификалық жаралы колит, қатерлі ішек ісіктері, геморрой және т.б.
Іш қату. 48 сағат бойы науқас нәжіске оытрмаса, іш қату деп аталады. Іш қату барлық жағдайда патология болып есептелмейді. Іш қату науқатың тұрмысына, су ішу режимімен байланысты болуы мүмкін. Егер құрамында белок басымды болса, науқас 2 тәулікте 1 рет отырады. Қозғалыстың шектелуі, аш ішектердің бір мезгілде босамауы, көбінесе нәжістің тоқталуы тоқ ішек пен тік ішекте болады. Іш қату органикалық және функциональдық болып бөлінеді. Органикалық іш қату көбінесе механикалық кедергімен байланысты. Ішектердің ісікпен, тыртықпен тарылуы және аномалиялық дамуымен байланысты.
Функциональдық іш қату бөлінеді:
- алиментарлық (ұзақ уақыт тез сіңірілетін көміртегі пайдалану, сұйықтық жетіспеушілігінде, қарт адамдарда)
- неврогендік (бас миы, жұлын ауруларында рефлектарлық) спатикалық немесе атоникалық
- қабынулық – ішектердегі қабыну процессімен байланысты (дизентерия)
- уланулар – қорғасын, мышьяк, экзогендік улануларда
- эндогенді өзгерістермен байланысты климакс- екі қабаттылық
- гиподинамикалық – қозғалыс шектелген жағдайда
- құрсақ бұлшық еттерінің әлсіздігінде
Достарыңызбен бөлісу: |