Тақырып: Асқорыту жүйесін субъективті тексеру әдістері, мейірбике ісін ұйымдастыру


Жүрек айну және құсу, жедел панкреатитте қосалқы болып, рефлекторлық болып саналады



бет4/8
Дата01.06.2023
өлшемі25.52 Kb.
#474594
1   2   3   4   5   6   7   8
урок 10

Жүрек айну және құсу, жедел панкреатитте қосалқы болып, рефлекторлық болып саналады. Жедел панкреатитте құсық көп мөлшерде, қайтамалы, науқасқа жеңілдік туғызбайды, кейбір жағдайда қан аралас.
Диспепсиялық көріністер -тәбеттің төмендеуі, іштің кебуі, ықылық ату,іштің өтуі, нәжіс майлы, шірік иісті. Ұйқы безі сөлісінің бөлінуінің бұзылуынан, тамақтың қорытылуы бұзылады, сіңіру функциясы төмендейді. Сондықтан науқастар жиылдам жүдейді, науқастың терісі боз, құрғақ. Жалпы әлсіздік дамиды.
Ұйқы безінің бас жағында орналасқан патологияда сарғаюы синдромы пайда болады.
Сарғаю (механикалық) бауыр асты- жасыл түсті, терінің қышуы, геморрагиялар, нәжістің түсі ағарғаң. Сарғаю синдромының даму механизмі. Ұйқы безінің бас бөлігі -жалпы өт өзегін басып тастауына байланысты, өт 12елі ішекке құйылмайды, өт пигменттері теріде жиналады. Сарғаю синдромы ұйқы безінің бас бөлігінің рагінде кездеседі. Шөл, бас айналу, естен тану белгілері, ұйқы безінің ішкі секреторлық функциясы бұзылғанда кездеседі.
Анамнез.Науқасты сұрастырғанда мән беретін жағдайлар- науқастың тамақтануына, майлы тамақты асыра пайдалануы, тамақты ішу мерзіміне, ішімдікке әуестену ,наркомания, ұйқы безінің клеткаларына токсикалық әсерінен ферментативті функциясы бұзылады, соның салдарынан тамақ қорыту бұзылады.


Ішек аурларымен ауыратын науқасты зерттеу тәсілдері. Сұрастыру.
Шағымдары: Ішек ауруларымен ауыратын науқастардың негізгі шағымдары: ауырғандық, метеоризм, ішектің қозғалыс функциясының бұзылуы (іш қату, іш кету) ішектен қан кету.
Ауырғандық. Науқастың шағымдарын жинастыруда ауырғандық орналасуын, таралуын, күштілігін, сипатын, ұзақтылығын және қай жағдайда басылатынын, тарқауын анықтау қажет.
Ішек ауруындағы ауырғандықтың асқазан ауруындағы ауырғандықтан айырмашылығы:
Ауырғандықтың тамақ ішуімен байланысы жоқ (тек қана көлденең өрмелеген ішекте- ауырғандық тамақ ішкеннен кейін пайда болады).
Ауырғандық тікелей ұлы дәретке отыруымен байланысты (дәретке отырғанша, отырған кезде, отырғаннан кейін).
Дәретке отырғаннан кейін немесе газдар шыққаннан кейін ауырғандықтың басылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет