Ауырғандықтың нақтылы орны бар.
Ішектің түйнелуінде (толық немесе жартылай ) ұстамалы ауырғандыққа құрсақ қуысында көп жағдайда тұрақты ауырғандықтың қосылуы. Бұл ауырғандық бір жерде орналасады (кіндік аймағы және ток ішек аймағы). Ішектің толқын тәрізді жиырлу үдеуімен байланысты, ауырғандық ұдей түседі. Аппендикулярлық шаншу кезінде ауырғандық бастапқыда кіндік және эпигастрий аймағында орналасады, келесі күні оң жақ мықын аймағына қарай төмен түсе ауырғандық үдей түседі. Кейбір кезде ауырғандық оң жақ мықын аймағынан басталады.
Тік ішек шаншуында, тік ішек сфинктерінің құрысып жиырлуы дәретке отырғанда жиі ауыру сезімді туғызады. Бірақ дефекация болмайды, кейбір жағдайда кілегей, кілегей түйіндер шығады. Бұндай жалған дәретке отыру сезімі тенезм деп аталады- дизентерия, тік ішек қатерлі ісігіне тән.
Дәретке отырарда ауырғандық пайда болуы төменөрмелеген тоқ ішек немесе сигма тәрізді тоқ ішек ауруларына тән, дәретке отыру кезінде геморрой, тік ішек тілігіне тән.
Метеоризм. Науқас іштің кебуіне, ұлкейуіне, тесіп ауруына шағымданады.
Метеоризм себептері:
Газдың шамадан тыс пайда болуы. Өсімдік тамақты пайдалануымен байланысты. (бұршақ, түйе бұршақ, орамжапырақ).
Ішектердің қозғалыс функциясының бұзылуы- ішектердің тонусының төмендеуімен байланысты.
Ішек қабырғаларының газдарды сіңіру функциясының төмендеуі.
Аэрофагия- ауаны шамадан тыс тамақпен жұтуы.
Истериялық метеоризм- ішектердің кебуі шектелген болуы мүмкін және әрқашанда бір жерде орналасуы. Метероизм ішектің түйілу ауруына тән- ішектің құрылдауы, ішектің түйілген орнынан жоғары перистальтиканың күшеюі. Сұйық нәжістің даму механизмі күрделі әрбір патологиялық жағдайда, үш патогенетикалық фактордың біреуінің үстемдігі арта түседі.
Ішектен перистальтикалық қозғалысының әсерінен талақтан тез өтеді. Сондықтан дұрыс қорытылмаған тамақ шығады.
Қортылған тамақтың ішекте сіңуінің бұзылуы.
Ішекте қабыну процессіне байланысты ішек қуысына көп мөлшерде қабыну эксудатының жиналуы.
Ұзақ уақыт іш қатудан, ішектің қабырғасының тітіркенуімен байланысты іш өтуі пайда болады. Деарея патогенезінде мән беретін жай ішектің ашықтық және шіру микрофлорасының тепе-теңдігінің бұзылуының маңыздылығы зор. Ашықты диспепсиясы дамуының клиникалық белгілері – іштің кебуі, қышқыл реакциялы, тоқа тәрізді құрамында ауа көп, нүктелі кілегей қосылған нәжіс, 2-3 рет тәулігіне. Тамақтың құрамында көміртегі көп болған жағдайда немесе көміртегінің асқорыту процессінде дұрыс қорытылмауы.
Достарыңызбен бөлісу: |