Тақырып Мемлекеттік басқару ұйымдастыру-экономикалық категория ретінде



бет7/12
Дата11.09.2022
өлшемі57.98 Kb.
#460548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Лекция 1

Мемлекет және нарық. Мемлекет пен нарықтың әрдайым тепе-теңдік жағдайда болуы қоғам үшін қолайлы. Алайда, нарық та, мемлекет те өзіндік ерекше проблемалары бар жеке дара құрылымдар. Мемлекеттің мақсаты нарықты тұншықтыру емес, керсінше оның барлық элементтерінің үйлесімді қызметін қамтамасыз ету болып табылады. Ең алдымен мемлекет өндірістің бәсекеге қаблеттілігін қолдауы керек. Бәсеке дегеніміз – нарықтың тынысы. Бұрынғы социалистік елдердің іс-тәжірибелері көрсеткендей, бәсекесіз толыққанды нарық жасау мүмкін емес.
Мемлекеттің бәсекеге көзқарасының қайшылықтары да бар. Бір жағынан, мемлекет саналы түрде монополистік құрылымдарды жасауға ұмтылады, ал монополиялар болса бәсекені жоюға әрекет етеді. Осы жағдай көптеген мәселелерді көтереді. Бәсеке сақталар ма еді, егер мемлекет оның жойылуына кедергі жасамаса? Әлде мемлекеттік шектеулерге сүйенбей-ақ бәсеке өздігінен сақтала ма? Қуатты тиімді кәсіпорындар мен салалар әлсіздерді ығыстыруға әрекет жасап отырғанда, бәсекені қолдау мүмкін бе? Бір бәсекелесті қолдап, оның басқаларды жаншуына жол беру бәсекені басып тастамай ма? Бұл сұрақтардың жауабын бұрынғы социалистік елдер іс-тәжірибесі көрсетті, яғни идеологияға негізделген монополиялық құрылымдар кез келген бәсекені тұншықтырып тастайды. Шын мәнінде экономикаға идеологиялық көзқарастан гөрі практикалық көзқарас басым болуы керек. Ескі идеологиялық тұрғыдан экономикаға басшылық етуді жойып, практикаға, озық тәжірибелерге негізделген қағидаларды басшылыққа алу керек. Осы мақсатпен ұйымдастырылған адамдардың нақты қажеттіліктерін жүзеге асыруға қызмет ететін мемлекеттік құрылымдар, ұйымдар, мекемелер тиімді болмақ. Оларсыз қоғамның саяси, әлеуметтік және рухани өмірі, тауарлар мен қызмет өндірісі, бөлу, айырбас және тұтынуы, ғылым мен техника жетістіктерін ұтымды және қауіпсіз пайдалану мүмкін емес.















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет