Тақырып Мемлекеттік басқару ұйымдастыру-экономикалық категория ретінде


Тақырып 3. Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесі



бет4/12
Дата11.09.2022
өлшемі57.98 Kb.
#460548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Лекция 1

Тақырып 3. Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесі.

Кез келген әлеуметтік ұйымның түбегейлі мәселесі – адамдардың басым көпшілігінің экономикалық кызметін үйлестіру арқылы әрбір адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең тиімді әлеуметтік ұйымға адамдардың мұқтаждықтарын барынша жоғары деңгейде қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйым жатады. Әлеуметтік ұйымның субъектісі – мемлекет, ал объектісі – халық. Осыдан туындайтын сұрақ ұлттың өркендеуін қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлі қандай болмақ?



Классикалық үлгі. Бұл үлгіге сәйкес өндірушілер де, тұтынушылар да нарықтың ережесіне сай қызмет атқарады. Белгілі бір себептермен осы қызмет жеткіліксіз болса, онда мемлекет тарапынан жалпы мүддеге сай келетіндей түзетулер, толықтырулар енгізіп, реттеу қажеттігі туындайды.
Мұндай үлгіні алғаш рет А. Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» деген әйгілі кітабында (1776 ж.) ұсынған болатын. Автордың өзін-өзі реттеу ұстанымын қолдайтыны көрініп тұр. А. Смиттің пікірінше, жеке тауар өндірушілер мемлекеттің бақылауынан түгелдей босауы керек. Міне осы жағдайда тұтынушылар нарықтан өзіне не қажет, соны сатып алады. А. Смит сөзімен дәлірек айтқанда, нарықты өздігінен реттейтін «көрінбейтін қол» ешбір сыртқы ықпалсыз, мемлекеттің қатысуынсыз өндірушілерді бүкіл қоғам мүддесіне қызмет етуге жұмылдырады. «Көрінбейтін қол» мен нарықтың автоматтылығы ресурстарды бөлу мен оңтайландыруға қабілетті. Яғни, нарық «айқын және қарапайым табиғи еркіндік жүйесі» идеясын жүзеге асыруға қабілетті. Осыдан шығар қорытынды: мемлекеттің экономикаға араласуы қажет емес, әйтпесе «қалай жүрсе, солай жүрсін» табиғи тәртіп бұзылады.
Жан-Батист Сэй нарықтың өзін-өзі реттеу механизмін анықтау үшін мынадай идея ұсынады. «Тауарлар мен қызметтердің өндірісі осы өндірістің құнына сәйкес келетіндей табысты қалыптастырады, яғни, өндіріс барлық игіліктермен қызметтерді сатып алу үшін қажетті табысты қамтамасыз етеді». Сей заңы деп аталатын бұл идея бойынша «ұсыныс өзінің мөлшеріне сай келетін сұранысты туындатады».
Қоғамдық үлес пайыз қойылымы, баға, жалақы, бәсеке секілді нарықтық механизмдермен реттеледі. Жоғары немесе төмен ауытқу арқылы бұл механизмдер нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін басқарады және экономиканың тұрақты дамуы мен толық жұмыспен қамтуға жағдайлар жасайды. Еңбек нарығындағы бәсеке нәтижесінде мәжбүрлі жұмыссыздықтың болуы мүмкін емес.
Классикалық идея, соның ішінде «өндіріс өзіне қажетті мөлшерде сұранысты туындатады» деген Сей заңы 100 жылдан аса шынайы экономикалық теория болып саналды. Дж. Гелбрейттің сөзімен айтқанда» ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Батыс елдеріндегі адамдардың Сэй теориясын қабылдауы немесе қабылдамауы экономистерді есуастардан айырудың негізгі белгісі болып табылды.
Классикалық идеяны қолдайтын Дж.С. Миллдің қорытындысы «жалпы тәжірибелік қағида «laissez faire» болуы тиіс және одан кез-келген ауытқу қауіпті». Сондықтан мемлекетке «түнгі күзетші» рөлі берілген, ал оның басты қызметтері-меншікті қорғау мен салықтарды жинау.
Мемлекетке «түнгі күзетші» рөлін беру XVII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы еркін кәсіпкерлікке негізделген капитализм мен еркін нарық кезеңінің әлеуметтік-экономикалық қалыптасу және даму жағдайларымен байланысты. Сол кезеңдердің әлеуметтік–экономикалық негізі өндірістік ресурстарға шағын жеке меншіктің болуы, субъектілер арасындағы экономикалық қатынастардың еркін бәсекелестік нарық арқылы жүзеге асуы болып табылады.
Классикалық үлгі мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе, экономикалық міндеттердің басым көпшілігі нарықтық механизм талабына сай шешілуі тиіс деп көрсетті. Мемлекет қосымша рөл атқарады, мемлекеттік араласуды жақтаушылар өз көзқарастарын дәлелді пікірлер арқылы ғана қорғауы керек. Мемлекеттің атқаратын қызметі, оның рөлі нарық жағдайында қызмет ететін жеке фирмалар үшін қосымша әрі жанама дамуы тиіс. Классикалық мектептің экономисттері әр түрлі тарифтер жасауды, баға деңгейін тұрақтандыруды, техникалық жаңалықтарды енгізуді үкімет тарапынан реттеуге ұмтылыстардың бәріне қарсы. Сонымен, классикалық мектептің экономистері жеке кәсіпкерлік қызметті жақтай отырып, мемлекеттің нарықтық механизмге араласуына қарсы күресті және жеке мүдделерді қорғау мақсатында қоғам тарапынан қолдау іздеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет