Тақырып Мемлекеттік басқару ұйымдастыру-экономикалық категория ретінде


Фирмаларды бір-бірінен қорғаудың керектігі



бет12/12
Дата11.09.2022
өлшемі57.98 Kb.
#460548
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Лекция 1

1. Фирмаларды бір-бірінен қорғаудың керектігі. «Кәсіпкерлердің барлығы бәсекелестікті бір кісідей жақтайды, бірақ өз мүддесі туралы сөз болғанда оларды барлығы да бәсекелестікті бейтарап қалдыруға тырысады» (Ф.Котлер, 168-бет). Сондықтан бәсекелестік арасындағы заңсыздыққа жол бермеу заңдары қабылданады.

2. Тұтынушыларды арам ниетті іскерлік практикадан қорғаудың қажеттілігі. Сондықтан бақылаусыз қалған фирмалардың нашар тауарларды шығаруына, жарнамаларда жалған ақпарат беруіне, әдемі қораптаумен және баға деңгейімен шатастыруына қарсы заң шығарылды.

. Қоғам мүддесін кәсіпкердің жеке мүддесінен жоғары ұстау. Ф.Котлер бұл жағдайда «кәсіпкерлік іс кейбір жағдайларда өмір деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз ете алмайды», - деп өте жұмсақтап атап кетті.
Нарықтық қатынастарға өту барысында Қазақстанда «кәсіпкерлердің жүгенсіздігі» жиі көрінеді. Қазақстан Республикасында заңдар жүйесі енді қалыптасып келеді.
Нарықтық экономика, оның жағымды қасиеттеріне қарамастан, қоғамның және әрбір азаматтың мүддесіне сай экономикалық және әлеуметтік процестерді реттей алмайды. Ол кірістің әлеуметтік тұрғыда дұрыс бөлінуін қамтамасыз етпейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, халықтың әлеуметтік деңгейі төмен бөлігін қолдай алмаумен бірге нарықтық экономика көптеген басқа да өзекті проблемаларды шеше алмайды.
Осындай жағдайлардан туындаған кәсіпкерлік мәселелерді реттей отырып, мемлекеттің бір бағытта айналысуы қажет. Басқа дамыған Батыс елдерімен салыстырғанда, Қазақстан бұл процесті тез арада жүзеге асыруы тиіс.


Бақылау сұрақтары
1.Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары

2. Кәсіпкерліктің мәні және шығу тарихы



3. Кәсіпкерлік іскерлік дамуы үшін қажетті негізгі экономикалық , әлеуметтік құқықтық жағдайлары

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет