Тақырып Мемлекеттік басқару ұйымдастыру-экономикалық категория ретінде



бет6/12
Дата11.09.2022
өлшемі57.98 Kb.
#460548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Лекция 1

Кейнстік үлгі. ХХ ғасырдың басында әлемдік экономика экономикалық өсудің қозғаушы күші болған өнеркәсіптің қарқынды дамуымен сипатталады. Қоғамның материалдық-техникалық базасы түбірлі өзгерістерге ұшырап, капиталдың шоғырлануы мен орталықтануы күшейді, монополистік бірлестіктер пайда болып, бәсекелестік күрес аса күрделі сипат алды.
1929-1933 жж. «Ұлы депрессия» деп аталған әлемдік экономиканың дағдарысы кезінде бұл үдерістер өте айқын көрініс тапты. Нарықтық реттеу механизмдері экономиканың монополиянуының өспелі қарқынын, циклды қозғалысын, жиынтық сұраныстың қысқаруын, жұмыссыздық пен кедейшіліктің өсуін реттеуге қабілетсіз болып шықты. Мұның барлығы экономикадағы мемлекеттің рөлін қайта қарауға ықпал етті.
Сөйтіп, өткен жүз жылдықтың 20-шы жылдарының соңы мен 30-шы жылдардың басында Сэй пікірінің негізсіздігі дәлелденді, өздігінен реттелетін – «экономика» дейтін сағым біржола жерленді. Дж. Кейнстің жұмысы жарық көргеннен кейін, экономикада төлем қабілеті бар сұраныстың жеткіліксіздігі тұрақты құбылысқа айналатындығы және номиналды жалақының да, пайыз мөлшерінің де төмендеуі оны жоюға ешбір дәрменсіз екені мойындалды. Жалақыны қысқарту төлем қабілеті бар сұранысты төмендетеді де жағдайды одан әрі қиындатады. Ұлы тоқырау тәжірибесі көрсеткендей, егер сұраныс тиісті дәрежеде болмаса, ең төменгі пайыз мөлшерінің өзі де қажетті дәрежедегі инвестицияны ынталандыра алмайды, олай болса сұраныс та ұлғаймайды. Стагнация үдерісі жалғаса береді. Бұған қарсы бірден-бір қолданатын шара – мемлекеттің араласуы. Экономикалық стагнация жағдайында мемлекет шаруашылық жүйесі қызметінің жалпы жағдайын сақтаушы және қорғаушы «түнгі күзетші» рөлінен алшақтауы қажет. Ол белсенді түрде бюджет, қаржы-несие, әлеуметтік саясатты жүргізуі керек.
ХХ ғасырдың атақты экономисті Джон Мейнард Кейнс экономикалық үдерістерге мемлекеттің белсенді қатысуының қажеттігін негіздеді: экономиканың циклды даму сипатын өзгерту, толық жұмыспен қамту, жиынтық сұранысты қолдау, табыстарды қайта бөлу және т.б.. Бұл «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) еңбегінде толық қарастырылды.
ХХ ғасырдың 50-70 жылдары пайда болған «мемлекеттік дирижизм» мектебін кейнсиандықтың бір түрі деп есептеуге болады. Бұл мектеп мемлекеттің экономикаға әсерін күшейтудің қажеттігін негіздеді. «мемлекеттік дирижизм», яғни экономикалық үдерістерді мемлекеттік басқару ғана экономиканың құрылымын тиімді қайта құруға және құлдыраудың алдын-алуға мүмкіндік береді. Олардың ойынша ғылыми-техникалық үдерістің «моторы» қозғаушы бөлігі болып табылатын қазіргі заманғы жаңа салаларға жоғары көңіл бөлу басқа салаларды да жетілдіруге, дамытуға, болашақта жаппай жаңалықтар енгізуге мүмкіндік береді. Бұл салалар «ықпал етудің ерекше нүктелері» ретінде жарияланды. Дирижер ретінде тек осындай салалардың дамуы ғана басқа салалардың даму бағыттарын анықтайды. Сондықтан да олар үкімет саясатының нысанасына айналуы тиіс.
Адамзаттың көп жылғы даму тарихы көрсеткендей, жеке мүдде тұтас алғанда қоғамдық мүдделерге әрдайым сәйкес келе бермейді. Мысалы, жекелеген коммерциялық фирмалар мен бірқатар сатып алушылар нарықта жоғары сұраныс туғызатын есірткілер, арақ – шараптар, темекі, қару – жарақ т. б. ерекше тауарлар мен кызмет түрлеріне тез көңіл аударады. Әрине, әлеуметтік мораль мен адам өмірін қорғау тұрғысынан бұл әрекеттерге мемлекет бейтарап қала алмайды. Сөз жоқ, мемлекет мұндай жағдайда нарықты қадағалап, реттеу жұмысына араласуы керек. Сонымен қатар өндірістік емес салалар бойынша, атап айтқанда, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттеуге мемлекет араласуы керек. Бұлардан басқа да нарықтық механизм әрекеттерінен туындайтын қоғамға жағымсыз сыртқы әсерлерді азайтуда да мемлекеттің рөлі зор.
Мемлекет пен нарық өз мәнінде экономиканың «екі қолы» іспеттес, осы мағынада олар бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның сол қолы мен оң қолы өздігінен, еркін бірігіп қызмет атқаратыны сияқты, мемлекет пен нарық та салыстырмалы түрде бір - біріне тәуелсіз, бірақ ортақ мақсаттар үшін қызмет етеді.
Тарихи тұрғыдан алғанда мемлекет қоғамның белгілі бір даму сатысында оның өнімі ретінде дүниеге келді. Қоғамда өздігінен шешілмейтін қайшылықтардың пайда болуы және одан құтылу жолдары тар кезеңде мемлекет орасан зор рөл атқарады. Шиеленіскен қайшылықтар қоғамды жойып жібермес үшін, күресуші жақтарды ымыраға келтіріп, тәртіпке шақыру мақсатында қоғамның жоғары деңгейінде бір үлкен күшке қажеттілік туындайды. Мемлекет жеке кәсіпкерлікті қорғап, оның жалпы дамуына жағдай туғыза отырып, қажет болған сәттерде «капиталистер» табы өкілдерінің өзіне де қатаң шаралар қолданады. Мемлекет қоғамның өндіруші топтарын қолдап, олардың ауыр индустрияны, әскери өнеркәсіпті, темір жол құрылысын және басқа да капиталды көп қажет ететін салаларды жандандыру жұмыстары үшін қаражат бөліп, көмектеседі. Тағы бір айтуға тұрарлық жай, халық пен меншікті қорғау жүйесін жетілдіру саяси-құқылық және әлеуметтік жәрдем мәселелерінде батыс мемлекеттерінің тәжірибесі белгілі дәрежеде тартымды болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет