Тақырып 5. Кәсіпкерліктің түрлері мен дамуының экономикалық негіздері
1.1. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары
Нарықтық экономика жағдайында өндірістік немесе басқа да іспен айналысатын кез келген кәсіпорынды негізінде кәсіпкер деп айта аламыз.
Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. «Кәсіпкер» ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады.Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке адамдар, жеке немесе жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы бола алады.Мұндай кәсіпкерлер өз еңбегінің шығынымен ғана шектеледі.
Әріптестердің бірлестігі кәсіпкерлік істің субъектілері ретінде шаруашылық қауымдастықтың әртүрлі формасында көріне алады. Мысалы: серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және т.б.
Шаруашылық қауымдастыққа- бұл нақты мақсаттарды шешу үшін құрылған жеке адамдардың немесе кәсіпорындардың келісім негізіндегі бірлесуі.Қауымдастықтың қатысушылары меншігіндегі қаржы және материалдық ресурстардың белгілі бөлігін ғана біріктіреді.
Кәсіпкерлік істің маңызды белгілеріне біздің ойымызша келесі шамаларды жатқызуға болады:
1) шаруашылық субъектілердің дербестігі, тәуелсіздігі, өзін-өзі билеушілігі. Кез келген кәсіпкер құқықтық нормалар негізінде кез келген мәселелер бойынша өзі дұрыс деп айтқан шешімді қабылдай алады.
2) кәсіпкердің экономикалық мүдделілігі, қызығушылығы. Кәсіпкердің ең басты мақсаты - жоғары деңгейде пайда түсіру, сонымен қатар кәсіпкер пайда түсіре отырып,қоғамның да сұранысын қанағаттандырады.
3) шаруашылық қауіп пен жауапкершілік. Кез келген нақты есептеулердің өзінде белгісіздік, екіұштылық, қауіп жағдайы туындайды.
Жоғарыда көрсетілген кәсіпкерлік істің маңызды нышандары бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Достарыңызбен бөлісу: |